Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Химия |
Көрсетілім: 8312 |
|
|
|
Ацетилен
Сабақтың тақырыбы: Ацетилен
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ацетиленнің құрылысы, изомерленуі,физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жаңа білімді игеру іскерліктерін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерективтік тақта, таблицалар, электрондық оқулық, зертханалық құралдар, кальций карбиді, фенолфталеин.
Пәнаралық байланыс: Физика, математика, биология.
Пайдаланылатын әдебиеттер: «Химия оқулығы», «Есептер жинағы», «Химия мектепте» журналы
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
3.Оқу құралдарын тексеру.
4.Сабақтың мақсатын жариялау.
5.Топтарға бөлу.
Сабақтың ұраны:
«Сын тұрғысынан ойлаймыз,
Білімнің терең жеріне бойлаймыз»
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Жұмбақ жасыру,
Мұнай, газ, тас көмірді түзетін,
Құрамына екі элемент кіретін,
Жанғанда көміртек диоксидін бөлетін
Органикалық затты кім бар білетін?!
III. Қызығушылығын ояту:
Ой қозғау сұрақтары:
1.Құрамына әрдайым көміртек кіретін қосылыстар:
А. Органикалық заттар С.Негіздер
В. Бейорганикалық заттар Д. Қышқылдар
2.Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын кім ашты:
А. А.М.Бутлеров С. С.Аррениус
В. Д.И.Менделеев Д. М.В.Ломоносов
3. Көміртек пен сутектен тұратын органикалық заттар:
А. Көмірсулар С. Спирттер
В. Көмірсутектер Д. Альдегидтер
4. C2H6қандай зат:
А. Метан С. Этан
В. Пропан Д. Этен
5.Мына заттың: CH3-CH-CH3аты:
CH3
А. 2- метил бутан С. 2-метил этан
В. 2-метил пропан Д. Бутан
6.Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі болғандықтан қасиеттері де әртүрлі болатын заттар:
А. Гомологтар С. Мономерлер
В. Полимерлер Д. Изомерлер
7.Сутекті қосып алу реакциясы:
А. Дегидротациялау С. Дегидрлеу
В. Гидрлеу Д. Қосылу
8.Тетраметил метанның формуласы:
А. СН3-СН2-СН3 С. Н3С-СН2-СН2
СН3 СН3
СН3
В. Н3С-С-СН3 Д. СН3-СН2-СН-СН2-СН3
СН3 СН3
9. Бірдей молекулалар қосылып, үлкен молекула түзілу процесі:
А. Гидрлеу С.Полимерлену
В.Дегидрлеу Д.Димерлену
10.Этиленнің формуласы:
А.СН3-СН3
В. НС СН
С.Н2С СН2
Д.Н2ССН СН3
11.Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция:
А. Қосылу С. Орын басу
В. Алмасу Д.Айырылу
12.СnН2n – қандай көмірсутектердін жалпы формуласы:
А. Алкан С. Алкен
В. Алкадиен Д.Алкин
IV.Мағынаны ашу:
Ацетилен құрылысы, алынуы, қасиеттері (162-163) бет (жеке, жұппен, топпен талқылап, жариялау).
Оқушылар топтық жұмыс ережелерімен таныс болуы керек немесе интерактивті тақтада жазулы тұрады.
1. Ойды қайталамау.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Топта бірі-бірі сыйлау, тыңдау.
4. Пікір таласты ұрысқа айналдырмау.
5. Сыпайы сөйлеу.
V. Жаңа сабақты бекіту.
А.Ацителеннің құрылысы,гомологтық қатары.
Ә.Ацетиленді алу.
Б.Физикалық қасиеттері, қолданылуы.
В.Химиялык қасиеттері.
VI. Өзіндік жумыс. Ж.И.Г.С.О 1
1-топ Төмендегі қосылыстарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңыздар:
А) Н3С - СН2- СН3 С) СН3 - СН – СН3
В)CН2 CН2 СН3
Д) НС С - СН2 – СН2 - СН3
Слайд№1 Көмірсутектер.
2-топ Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар.
А. Бутин-1 С. Гексен-3
В. бутадиен-1,3 Д. Пентин-2
Слайд №2
III – топ
1)Мына айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін теңдеулерін жазыңыз.
С2Н6 С2Н4 С2Н5ОН
2)Слайд№3:
SP3; 109028
SP2; 1200
SP, 1800
IVтоп1) Бутадиен туралы не білесіз?
2) Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:
2С2Н2 + 5О2= 4СО2 + 2Н2О+ 2600 kДж
5,6л ацетилен (қ.ж) жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер.
a) Қорытынды ой қозғау«Ацетилен»(еркін жазу).
б) лездеме сұрақтар:
1.Ацетилен қанықпаған көмірсутек екенін дәлелдеңіз.
2.Полимерлену дегеніміз не?
3.Ацетиленнің тримерленуін жазыңыз.
4.Ацетилен қандай химиялық реакцияларға түседі?
5.Слайд. «Көмірсутектер» кесте толтыру
Модель құрастыру.
VII. Бағалау: өз бетімен білім алады, құрамын, изомерін, атауын, физикалық, химиялық қасиеттерін біледі.
VIII. Үйге тапсырма: §49
Гексиннің барлық изомерлерін жазып келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |