Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер


Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:жаңа технологиялық үдерістер жүйесін қолдана отырып, өз шеберлігін пайдалану арқылы, оқушылардың оттекті органикалық қосылыстар, спирттер туралы білімін нығайту.
 Дамытушылық: қолданыстағы  пайдасын, қоғамдағы рөлін терең зерттеу, ойлау, талдау барысында оқушылардың дамытушылығын арттыру,
 Тәрбиелік: өз бетімен еңбектену, іскерліктерін арттыру, ойларын еркін жеткізу. Оқушыларды шығармашылық, іздемпаздық, тиянақтылық бағытында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: кестемен жұмыс, тәжірибелер, тірек сызбанұсқасы 
Сабақтың пән аралық байланысы: биология, экология, өзін - өзі таныстыру
Сабақтың көрнекіліктері: мультимедиялық сюжет, интерактивті тақта, лабораториялық құрал – жабдықтар, 
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері әдісі арқылы,оқушыларды ұжымдастыру.             
Үй тапсырмасын тексеру. 
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Танымдық ойын «ойлайық та, ойнайық» түрінде үй тапсырмасы тексеріледі.
1. Қазақстан Республикасы үшін, отынның басты көздері атауларын «жасырын сөз» кестесінен интерактивті тақта қаламының  көмегімен  табу керек.

й т ұ п к б қ ы в у
ф а ң а і э с ш ч қ
у б і о т к в н ө с
а и ә л а м й ә в э
е ғ и д с к ө м і р
н о г ж а ж ь і т ә
г а а э ы е ц л а й
ш с з о п л м ұ н д
я в о т м р а ж ө з


2. Көп нүктені кім біледі? отынның агрегаттық күйлері және өнімдерін жазу. 

Р/с Отынның агрегаттық күйлері өнімдері
1 қатты ............
2 ................ Бензин, керосин,соляр майы                 
3 газ тектес
………
3. Суреттерді  сөйлетейік

Жаңа сабақ

Жоспары:
1. Кіріспе бөлім
Тәжірибе жүзінде тақырыптың өзектілігін ашу.

2. Негізгі бөлім
Оттекті органикалық қосылыстардың функционалды топтарының ерекшелігі.

3. Қорытынды бөлім
Оттекті органикалық заттардың қолданылуы және табиғаттағы орны.

1.«Жанбайтын орамал» тәжірибесінде, орамалды суға салып, содан соң орамалды этил спиртіне малып аламыз. Этил спиртіне батырылған орамалдың бір шетін ұстатқышпен ұстап, жағамыз. Сол кезде орамал сол күйінде қалып, айналасында жалын пайда болады. 
Осы тәжірибеде не байқадық?  
Бұл тәжірибенің маңызы жаңа сабақ барысында түісіндіріледі. 
1. оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі

Спирттердің жіктелуі

Құрылысы: 
Біратомды спирттердің құрылымдық формуласы: R – OH 
Жалпы формуласы: СnН2n+1ОН
Жұрнағы:  - ол   
Спирттер дегеніміз–құрамында сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектердің туындылары.  
Біратомды спирттердің өкілдері:
СН3ОН - метил спирті (метанол) 
С2Н5ОН - этил спирті (этанол)
Физикалық қасиеті:
Метил спирті (метанол) СН3ОН - өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат. Өте улы. Көз жүйкесіне әсер етеді. 
этил спирті (этанол) С2Н5ОН - өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық , суда жақсы ериді. Этил спирті адам организіміне зиянды әсер етеді.
Алынуы:
1. Тамақ өнеркәсібінде этил спиртін көмірсуларды спирттік ашыту арқылы алады.

С6Н12О6   2С2Н5ОН + 2 СО2↑

2. Этиленді гидраттау (су қосу) арқылы этанол алуға болады:
СН2=CH2 + H – ОН СН3  - СН2ОН
                         этанол
Химиялық қасиеттері: 
1. Жануы:
С2Н5ОН + 3О2                   2СО2↑ + 3Н2О + Q
2. Металдармен әрекеттеседі:

2С2Н5ОН + 2Na 2С2Н5ОNa + Н2↑
этанол натрий этилаты
3. Спирттің тотығуы.
→С2Н5ОН + CuO СН3 – C           +  Cu  +  Н2О
этанол Н
Оқушылардың өз бетімен жұмысы
1.Массасы 92гр этил  спирті  мыс   (II) оксидімен  әрекеттескенде 80гр ацетальдегит түзілді. Реакция өнімінің массалық  үлесін есептеңдер.
2.натрий пропил спиртінің артық мөлшерімен әрекеттескенде қалыпты жағдайда 67,2литр сутегі түзілген. Реакцияға  қатысқан  натрийдің массасын есептеңдер.
3.C5H11Br + KOH →
Реакция теңдеуін аяқтаңыз.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма :  спирттердің  ағзаға әсері.  (Мәнжазба жазу)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Азотты органикалық қосылыстар. Аминдер.
Көміртектің қосылыстары
Аммиак, аммоний тұздары
Алкадиендер. Жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. Табиғи және синтетикалық каучук. Резеңке
Периодтық заң және периодтық жүйе.
Азот қышқылы және оның тұздары
Ацетилен
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 10488 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык