Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2206 |
|
|
|
Оқушылар білімін жан-жақты тексеру
Сабақтың тақырыбы: Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.
Сабақтың мақсаты:
1) Тәрбиелік: Мәдениетті сөйлей білуге,ұлт құндылықтарын қастерлеуге, әдептілікке, жауапкершілікке,еңбек сүйгіштікке,білімпаздыққа тәрбиелеу,пәнге қызығушылықтарын арттыру.
2) Білімділік:Өтілген тақырыптар бойынша есеп шығарудағы іскерліктерін арттыру,негізгі ұғымдарды,түйінді мәселелерді бөліп ала білу және оны нақтылауды
үйрету.Логарифмдік ,көрсеткіштік теңдеу және теңсіздіктер, функция туындылары және алғашқы функциялары тақырыптарын пысықтау есептерін шығару арқылы білімдерін бекіту.
3) Дамытушылық: Алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеттерін
арттыру,ақпаратты басқару құралы арқылы ой-өрістерін жан-жақты дамыту, білімдерін тереңдету.
3.Көрнекіліктер: Электронды оқулық,компьютер,интернет,формулалар кестесі, сайысты жүргізу схемасы.
4.Сабақтың түрі:сайыс түріндегі білімді жан-жақты тексеру және бағалау
сабағы.
5.Әдістер:Сұрау-жауап(брейн-ринг),іздену,талдау,практикалық жұмыс,
интернетпен байланыс жасау.
6.Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі: оқушының іштей және сырттай сабаққа дайындық
сипаттамасы.
2) Мұғалім мен оқушының оқу қызметінің нәтижесін бақылау кезеңі:
1.Білімділер сайысының этаптарымен таныстыру.
Этаптар қатар жүргізіледі:
1)электронды оқулықты пайдаланып тест шешу.
2)интернеттен демонстрациялық варианттағы тестті шешу.
3)Брейн-ринг(сұрақ-жауап жұмбақ түрінде)
4)Қонақ-құт тапсырмалары (тақтада 3 есеп)
5)Қорытынды.»Білім»шыңына шығу.
2.Командалардың сәлемдесуі , ұраны.
3. 1-2 этап тапсырмаларын орындауды бастау.
4.Команданың қалған үш мүшесі «Брейн-ринг»сұрақтарына жауап береді:
1-ші команда
1)Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай?
(натурал сан).
2-ші команда
1) Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қандай сан бар,балалар,пікір демейді?
(бөлшек сан).
1-ші команда
2) Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтпассың сен оны?
(квадрат түбір).
2-ші команда
2) Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
(дәреже).
1-ші команда
3)Екі бұрыш ежелден,
Көрші болған ең тату.
Бірін-бірі толықтырған,
Жазыңқыға бар қаңқу.
(сыбайлас).
2-ші команда
3) Екі түзу қатар жүріп,
Үшіншісі қияды.
Сонда шыққан бұрыштарын,
Кімдер айтып жияды?
(айқыш,тұстас,сәйкес
1-ші команда
4) Доп емес,дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ ,шәкірттер.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты беріңдер?
(шеңбер).
2-ші команда
4)Параллель түзу қос-қостан,
Оңды-солды жүріп өткен.
Пайда болған фигура сонда,
Бар ма іштеріңде көрген –білген?
(параллелограмм).
5.Капитандар сайысы.
Сайыс көркрмендер құрастырған 3 есепті тақтада орындаудан тұрады.
3).Оқушы білімін бағалау кезеңі.
Сайыс қорытындысы.Оқушыларды бағалау.
4).Үй жұмысын беру.
5).Сабақты қорытындылау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |