Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Махаббат, қызық, мол жылдар!


Махаббат, қызық, мол жылдар!

Тақырыбы: Махаббат, қызық, мол жылдар!

Мақсаты: Өзіндік жүйелі дамуына әсер ету, эстетикалық көзқарастарын дамыту, ән мен жырға қызығушылыққа тәрбиелеу.
(№1 слайд. Эпиграф: «Құдай-ау, қайда сол жылдар,
                                      Махаббат, қызық, мол жылдар?!» А.Құнанбаев)
1-жургізуші: Үкіметов Оралбек
2-жургізуші: Акимгужина Нейля
 
1-жургізуші:
Махаббатсыз мәнсіз өмір сүргенше,
Болған артық махаббаттың құрбаны.
Тек махаббат  - тірегі екен тірліктің,
Тек махаббат  - білегі екен бірліктің.
 
2-Жүргізуші:
Қайырлы күн махаббат кешіне жиналған жастар! Адамзат баласына ғана Алла тағаладан берілген өлшеусіз сыйдың бірі махаббат. Махаббатпен жаратылған адамзат үшін ғашықтар күнінің алатын орны ерекеше. Сондықтан біз сіздерді ертеңгі болар өздеріңіз тағатсыз күткен 17 қараша студенттер  күнімен құттықтаймыз. Студенттік өмірлеріңіз баянды болсын дей келе мына бір тамаша әнді баршаңызға тарту етеміз қабыл алыңыздар.
/Махаббат туралы ән орындалады /
Бауеденова Фаризаның орындауында «Күнім» әні
 
1-жургізуші: Олай болса көптен күткен кешімізді бастайық! Біздің кешіміздің сәні, басты тұлғаларымен таныстырып өтейік. Қошаметпен ортамызға жұптарды шақырайық.(Қол соғып қарсалайық). Кешіміздің гүлдерімен таныстырып өтейік:
1-ші жұп: Аманжан-Гүлнұр
2-ші жұп: Қаныбек-Назерке
3-ші жұп: Талғат-Жанар
4-ші жұп: Самат-Гулайна
5-ші жұп: Ерлан-Сымбат
Жұптарымызбен таныс болсақ, келесі кешіміздің құрметті қонақтары, колледжміздің ардақты ұстаздары, сынға түскен жұптардың өнерлерін бағалайтын, әділ бағасын беретін әділқазыларымызбен таныс болайық:
1-ші әділқазымыз: Колледжміздің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары: Матаева Уразбике Исламқызы,
2-ші әділқазымыз: Колледжміздің кадрлар бөлімінің басшысы Нугманова Риза Темиралиевна,
3-ші әділқазымыз: колледжміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медеуова Махаббат Нұрланқызы.
2-Жүргізуші: Әділқазыларымызбен таныс болсақ кешіміздің бөлімдерімен таныстырып өтейік: 
1. бөлім «Ғашықтар жайлы үзінділер» (Жұптар өздерін таныстырады.)
2. бөлім: Сұрақ – жауап және ситуациялық сұрақтар ( жұптарға  арнайы сұрақ қойылады).
3. бөлім: Болашақтағы үй шаруасындағы «қос жұптар».
4. бөлім: «Ғашықтар биі»
5. бөлім: «Романтика». 
1-Жүргізуші:
Адамға ең бірінші өмір керек,
Содан соң көтеріңкі көңіл керек.
Анадан адам болып туылған соң,
Махаббат бір күн емес, мәңгі керек.
Өмірдің жарқын кезеңі
Жалындаған жастық шақ
Жас өмірдің өзегі аяулаған МАХАББАТ! Дей  келе біздің І-ші бөліміміз 
«Ғашықтар жайлы үзінділер» яғни жұптар өздерін бейнеклип  арқылы таныстырады.
1-ші жұп: Аманжан-Гүлнұр
2-ші жұп: Қаныбек-Назерке
3-ші жұп: Талғат-Жанар
4-ші жұп: Самат-Гулайна
5-ші жұп: Ерлан-Сымбат
Искалиев Талғат орындауында « » рэп
Үкіметов Оралбек  «» әні
Әділқазы бағаларын көрсетсе дейміз.
2-ші жүргізуші: 
Арман болған талайға
Бақыт деген сарайға,
Бір барайық  Жаным жарайма?
Жалғыз болып жүрсем де,
Күрсинсем де күлсем де,
Бар үмітім бір сенде, Аяулым!!! Деп ақындарымыз жырлағандай екінші бөліміміз сұрақ-жауап және ситуациялық сұрақтар, мұнда жұптарға арнайы дайындалған сұрақтар мен ситуация беріледі.
1-ші жұп: Аманжан-Гүлнұр
2-ші жұп: Қаныбек-Назерке
3-ші жұп: Талғат-Жанар
4-ші жұп: Самат-Гулайна
5-ші жұп: Ерлан-Сымбат
Құспанова Қымбаттың орындауында «       » әні
Әділқазы бағаларын көрсетсе дейміз
1-ші жүргізуші:
Мен сені сүйем
Акырғы тынысы ма дейін!
Мен саған көмектесем
Әр түрли жұмысыңа дейін!
Мен ортақ боламын
Сауап қылмысына дейін!
Мен барлығын білуім шарт
Қуыс-қуысына дейін!!!!  Деген әдемі өлеңімізбен  бастай келе келесі бөліміміз болашақтағы  үй шаруасындағы «қос жұптар» бұл бөлімде жұптар тамақ немесе салат әзірлейді. Үй шаруасында жұптардың бір біріне қаншалықты көмектесіп арасындағы достық карым-қатынастарын  көрсетеді. Үй шаруасын жұптар бірлесе орындайды.
1-ші жұп: Аманжан-Гүлнұр
2-ші жұп: Қаныбек-Назерке
3-ші жұп: Талғат-Жанар
4-ші жұп: Самат-Гулайна
5-ші жұп: Ерлан-Сымбат
 Тажыгалиев Ерлан орындауында  « »  әні.
Әділқазы бағаларын көрсетсе дейміз
2-ші жүргізуші:
Өмір деген махаббатсыз өтпейді,
Махаббатта бірден нұрын төкпейді.
Махаббатты бастадың ба, тастама!
Сонда сенің махаббатың өшпейді.
Адамның сезімінен сезіктенбе,
Сезімге сезіне біл, төзіп көнде.
Ақыл менен парасат бағынады,
Шынайы шын сезімге кезиккенде, – олай болса келесі бөліміміз «Ғашықтар биі», бұл бөлімізде жұптар өз өнерлерін көрсетеді. Қошеметпен 1-ші жұбымыз Аманжан мен Гүлнұрды  қарсы алайық.
2-ші жұп: Қаныбек-Назерке
3-ші жұп: Талғат-Жанар
4-ші жұп: Самат-Гулайна
5-ші жұп: Ерлан-Сымбат
 
 Берсекенов Арыстан мен Мұқашев Тұрар   рэп
Әділқазы бағаларын көрсетсе дейміз
1-ші жүргізуші:
Ғұлама Абай өзінің 38-қара сөзінде “…ықыласпен оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббат төлеуі махаббат. Әуелі адамның адамдығы, ақыл ғылым деген нәрселерменен... Талап, ұғым махаббаттан шығады. ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады... Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” деп Абай атамыз айтып кеткен екен.Абай атамыздың сөзіне қосыла келесі бөліміміз «Романтика» деп аталады. Бұл бөлімде жұптар яғни жігіттеріміздің кыздарымызға білдіретін ерекше сезімдері.
Шартын түсіндіріп өтсек, ұлдарымыздың көздері байлаулы күйде үстел үстінде тұрған заттардың бірін таңдау арқылы қыздарымызға өз сезімдерін ерекше жағдайда білдірулері тиіс. 
Қошеметпен 1-ші жұбымызды ортаға шақырайық.
1-ші жұп: Аманжан-Гүлнұр
2-ші жұп: Қаныбек-Назерке
3-ші жұп: Талғат-Жанар
4-ші жұп: Самат-Гулайна
5-ші жұп: Ерлан-Сымбат
Әділқазы соңғы бөлімді бағаласа. Олай болса әділқазыларымыз жұптарымыздың толық бағасын бағалауға уақыт беріп келесі кезекті бір керемет әсем әнге берсек. 
Тажыгалиев Ерлан орындауында  « »
Әділқазылардың қорытындысы дайын болса құрметті әділқазыларымызды  сахнаға шақырсақ. (бағаларын беріп орындарымен сый тапсырылады)
2-ші жүргізуші:
Өзің сүйген адамын
Өр көкірек болмасын
Шын дос болған адамың
Екі сөзді болмасын.
Сөз соңында тілерім
Таза болсын жүрегін
Лаулай берсін жас жүрек.
Осы біздің  тілегіміз!!! Махабаттарыңыз мәңгі де мәнді болсын дей келе кешімізді аяқтайық. Қош сау боп түрыңыздар!!! Келесі кездескенше күн жақсы!!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Саз әлемі» Музыкалық сайыс
«Арайлы,алтын күз»
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»
Алтын күз
Алтын күз
Менің жұлдызды сәтім ойыны
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5498 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык