Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 8628 |
|
|
|
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тақырыбы: Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Мақсаты:Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімін жетілдіру,мәнерлі сөйлеу
сөздік қорын байыту.Ана тілін аялап,құрметтеуге тәрбиелеу.
Отанын,елін-жерін,тарихын,салт-дәстүрін,туған тілін құрметтеуге
оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Ақын-жазушылардың,қазақтың үш биінің суреттері мақал-мәтелдер,
және тіл ,отан туралы өлеңдер.
Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар»Туған тілім-тірлігімнің айғағы»атты кешімізге
қош келіпсіздер. Тіл ұлттық белгі,халықтық мұра,дүние таным құралы.
Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық
қасиетті мұрамыз,ана тіліміз-қазақ тілі.
Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай,беделді де бейнелі тілдердің бірі.Осымен
«Туған тілім-тірлігімнің айғағы»атты кешімізді бастаймыз.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
1-жүргізуші.
«Тіл» туралы тұңғыш заң 1989жылы,ал екінші рет 1997жылы11-шілдеде қабылданды.
Әрбір адамға ана тілі ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің
ұлттық мақтанышы.Ол ата-анадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес
мұра.Сондықтан әр адам ана-тілін көзінің қарашығындай қорғауы,оның орынсыз
шұбарлануына қандай жағдайда да қарсы тұра білуі тиіс.
1-оқушы.
Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
2-жүргізуші
Қазақ тілі өзінің даласындай кең пішілген жайдарлы да жалпақ тіл.Даланың қоңыр
желіндей аңқылдап,еркін есіп тұрады.Жалпы халықтық қасиет күші жатық та,
түсінікті.Қазақ тілінің биязы мақамы домбыраның күмбір қаққан сазындай.
2-оқушы
Қазақ тілі-еркіндігім,елдігім,
Қазақ тілі-жеңіп алған теңдігім.
Қазақ тілі-ата бабам мұрасы
Тек сонымен жырлап өткен ел мұңын
Қазақ тілі-тілім менің ұлтымның
Ұлттың тілін ұлықтауға ұмтылдым.
Қазақ тілін менсінбейтін кім екен?
Намысына,намыс берем,шіркіннің!
1-жүргізуші
Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай,ең сұлу
тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің дейді Қабдеш Жұмаділов.
3-оқушы
Тілім барда қазағым бар,халқым бар.
Дәстүрім бар,ата жолы салтым бар
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдақ
Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
4-оқушы
Ана-тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
5-оқушы
Қымбат маған ана тілім,бал тілім
Қымбат маған дана тілім ар тілім
Ақ сүтімен бірге сінген бойыма.
Ана тілім-ардақ тұтар алтыным.
6-оқушы
Туған тілім-бабам тілім өз тілім.
Туған тілім-ана тілі-өз тілім
Туған тілім-дана тілім-өз тілім.
Туған тілім-адам тілім-өз тілім.
2-жүргізуші
Ана тілім-елдігім
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
ӘН:»АНАНЫҢ ТІЛІ»
1-ЖҮРГІЗУШІ
Қазақ халқы сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен қатар қойған.
Тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсетілген.Қазақ халқынан шыққан атақты
Әнет,Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би,т.б шешендер бар.Бұлар өздерінің шешендік
сөздерімен дұшпандық әрекетін,хандардың әділетсіздігін әшкерлеп,елді билікке
күреске шақырған.
КӨРІНІС:»ТӨЛЕ БИ МЕН ҚАЗЫБЕК БИ»
Автор:Ауыл ақсақалдарының,жасы кіші ақсақалдары мен би-шешендердің жиналған
ортасы.
Төле би:Ей әлеумет,»Құс арысы қанаты талады, ат арысы тұяғы талады»деген.Алыс
Қиянан келіп отырсыздар,осы аттың күші қай жерінде болады?
Бір кісі: Аттың күші екі алдыңғы аягында болар.
Қазыбек би: Алдыңғы екі аяғында да емес,ортасында болар.
Төле би:(Оған жалт қарап)Оны қайдан білдің?Себебін айт.
Қазыбек би:Астында төрт тіреуі жоқ жерде күш қайдан болсын,
күш тіреуі ортасында.Алдында ағасы бар,артында ерген інім бар әділ
билік маған лайық емес пе?!
Төле би:(Қолын жайып)
Айтқан жерің аталы болсын,
Жүрген жерің аталы болсын
Дауыл ауыз,әділ жан атан
Осы саған бере батам.
2-жүргізуші
«Өнер алды-кызыл тіл»дейді халқымыз.Сол өнердің де,білімнің де,алды.
Адамдар қарым-қатынасының басты құралы-тіл.
Бізді егемен еліміздің мемілекеттік тіл-казак тіл.
7-оқушы.
Тілім менің өмірдегі тілегім,
Тілім менен тарихымды білемін
Сан ғасырлар қалыптасқан тілімде.
Қадірлеп те,қастерлеп те жүремін.
Қазақ тілі-баба тілі,асыл тіл
Қазақ тілі-дана тілі,ғасыртіл.
Қазағымның қуанышын сен жырлап
Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.
8-оқушы.
Ардақта тіліңді.
Ал одан білімді.
Өз тілің үйретер
Өнерді,ғылымды.
Тіліңсіз білім жоқ.
Білімсіз күнің жоқ.
9-оқушы.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақта.
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой, білімді.
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
10-оқушы
Қазақ тілім-сөз байлығың молынан,
Тусын мәңгі ай мен күнің оңынан
Өз тілім деп тебіренген ерлердің.
Ерейінші бүгінгі күн соңынан.
Ел басымыз Нұрсұлтан боп сайланды.
11-оқушы
Тіліңді үйрен күнде сен.
Ол іс деме жай ғана.
Өз тіліңді білмесең
«білгішпін»деп ойлама
Өзге тіліңді үйренсең
Өркендейді адамдық
Өз тіліңнен жиренсең,
Өлім,қылмыс надандық
Ақ сүтіндей анамның
Ана тілің жан арың!
1-жүргізуші
ӘН:»ОТАН»
2-ЖҮРГІЗУШІ:
Адам үшін ең қажетті қасиеттің бірі өз ана тілін қадірлеу.Қазақ тілі дүниежүзілік
тілдердің ішіндегі ең бай тіл.Ақын Мұхтар Шаханов агамыз ана тілі туралы былай деп
жырлаған.
18-оқушы.
Туган жерің-түп қазығың айбының.
Туған тілің-сатылмайтын байлығың.
Туған дәстүр салт-санасы тірегің.
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихың,
Еске алуға қаншама ауыр әрі.
Қасиетті болса да.
19-оқушы
Қасиетті бұл төрт ана.
Тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес
Күрестердің ұлысы.
Төрт анаға жағдай жасай алмаған.
Пенделердің басынан кайта қарбыған.
Төрт анасына қарамаған халықтың.
Ешқашанда ешқашан
Бақ жұлдызы жанбаған!
20-оқушы
Сүйемін туған тілін-ана тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білімі
Шырт етіп жерге түскен уақытымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнің
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын.
Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты
Сүйгенім,жек көргенім,ұнатқаным.
21-оқушы
Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағымда көк мұздың
Қасіретімді қазақ тілін қанат қып.
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тілімнен талай гүлдерді жырлаттым
Сол тілімменен дүниеден кетемін.
Сол тілімменен дүниеге келемін.
1-жүргізуші
Шешен билеріміз халық тарихын,әдет ғұрып,салт санасын,жете білген.
Ел ақсақалдарының,атақты шешендерінің жастарға берер ақыл өсиет болып
қалған.
Асан Қайғы,Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Көрініс:
«Дүниеде не өлмейді?»
Автор:Жәнібектің алпыс биі ьолған екен.Бір жолы хан билеріне «дүниеде не
өлмейді?»деген сұрақ қойғанда,билер бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді
Асқар тау өлмейді
Аспанда Ай мен Күн өлмейді
Әлемде қара жер өлмейді.
СОНДА ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН БӘРІНЕ ҚАРАП ШЫҒЫП:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен Күннің өлгені
Еңкеиіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ
Бір алланың қақпаны
Дүниеде не өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді-деген екен.
21-оқушы
Ана тілім!Сені жұтаң демеспін.
Байлығына қай уақытта теңеспін
Жамап жасқап жазған жарым өз кінәм.
Мен кедеймін,ал сен кедей емессің
Қандай халық санар сені кіл өлгей.
Бөлек нең бар азаматпен бір емей?
Барлық тілге аударылса Әуезов,
Сен қай тілсің дүниелік тіл емес.
23-оқушы
Туған жер кіндік қаным тамған жерім.
Туғаннан зәмзәнынан қанған жерім.
Кең жазира далада құстай ұшып
Тайға мініп ләззат алған жерім.
1-жүргізуші
Ән.»Туған жер.»
24-оқушы
Туған жерім-алтын бесік атамекенім
Төсіңде сенің,туып-өскен балаңмын.
Туған елім,атамекен отаным.
Өзіңе арнап жүректен жыр жазамын.
Қарыздармыз,отан-ана өзіңе.
Жер жетпейді менің туған жеріме.
Әрқашан да өркендей бер,гүлдене
Ырыс-дәулет тілеймін тілім мен еліме.
25-оқушы
Ана тілі-біздің туған анамыз.
Анамыздай сыйлап,бағып-қағамыз
Ана тілін бағаласақ,қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұлды қараңыз.
Ән:»Елім менің»
Қорытынды:
Құрметті ұстаздар,оқушылар осымен «Туған тілім-тірлігімнің айғағы»атты
кешімізді аяқтаймыз.
Тақырыбы:»Күздің кереметі»
Мақсаты:күзде істелетін жұмыс түрлері мен күздің адамға тигізетін әсерін
дәріптеу.
Мұғалім:Күз дегеніміз жазира даланың дархан дастарқаны.Күз дегеніміз
қауыр еңбек кезеңі.Олай дейтініміз:бұл мезгілде жеміс-жидек,астық пісіп жетіледі
күзде мал да,аң мен құстар да қоңданып,семіреді.Күзде қыс қамы жасалады,
сондықтан адам да,жануарлар да,өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Жүргізуші:
Нағыз»Алтын күз»-қыркүйек айы.Қыркүйек-ерекше ай.Жалпы алғанда біз үшін
күз дегеніміз мереке,күз дегеніміз береке.
1-оқушы
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі,
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір таң көңілді.
2-оқушы
Дала біткен жайдары,
Құлпырыпты,түлепті.
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті?
3-оқушы
Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа әкеп төкті де,
Ақ нанды үйіп тастады.
Жүргізуші:
«Егінші мен қасқыр»грузин ерегісінен көрініс.
Авторы:Егінші таңсәріден егін орып,шаңқай түсте дем алады.аздан соң қолына
нан алып,жей бастайды.Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келеді:
Қасқыр:Адам,сен не жеп отырсың?
Егінші:Нан.
Қасқыр:Маған да наныңнан берші?
(Егінші нанынан үзіп беред.Қасқыр нанды жейді де):
Сенің тамағың дәмді екен.Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудыңжолын үйретші......
Егінші:Алдымен жер жыртасың,одан соң тырмалайсың.
Қасқыр:сонан соң нан бола ма?
Егінші:Жо-қ,жоқ!Күзде қара бидай егесің.Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады,
Ал жаз ортасында піседі.
Қасқыр:Содан соң нанды жеуге бола ма?
Егінші:Қайда әлі!Қара бидайды ору,оны баулау керек.Ол баулауды жақсылап жел
қағып,кептірген соң,қырманға апарып,мялау керек.....
Қасқыр:Сонда нан бола ма?
Егінші:Жоқ қара бидайды жинап алған соң,бастыру керек,бастырып алған соң,
бидайды диірменге апарып,ұнғып тарту керек.
Қасқыр:Содан соң нанды жеуге бола ма?
Егінші:Жоқ әлі!Қамыр ашытып,оны илеп пісіру керек......
Қасқыр:Сонда нан бола ма?
Егінші:Иә сонда нан болып,жеуге жарайды.
Қасқыр:Бұл өте ауыр,әрі көп уақыт кететін жұмыс екен.Мен мұны кәсіп етпей-ақ қояйын.
ХОР:»АҚ БИДАЙ»
(Оқушылар Н.Жақаевтың «ЕҢБЕК»атты өлеңін орындайды.)
4-оқушы
Кесте тіксең,зерлеп,
Мұның аты -еңбек.
5-оқушы
Қырға шықсаң,өрлеп,
Мұның аты- еңбек.
6-оқушы
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең-еңбек.
7-оқушы
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР.
8-оқушы
Еңбек етіп ас ішсең,
Балдан тәтті болады.
9-оқушы
Істегенің еліңе жақсы,
Үйренгенің өзіңе жақсы.
10-оқушы
Еңбек еткен емді,
Еңбексіз не өңеді?
11-оқушы
Еңбегің қатты болса
Татқаның тәтті болады.
12-оқушы
Нағыз сары алтындай сары күзқыркүйек айы.Ол-еңбек айы.
13-оқушы
Күз маусымының екінші айы-қазан.Бұл ай-мереке басы.Диқандар сабан той жасайды.
14-оқушы
Күздің соңғы айы-қараша.»Қараша» десе дегендей,айнала тептегіс сүреңсіз.Жапырағынан
ағаш қара суықта қалтырап,жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
ХОР:»Менің Қазақстаным»
Қорытынды:
Бөлмеде ілінген суреттер жайлы оқушылардың әңгімесі,еңбек сабағында жасалған
жұмыстар көрмесі туралы түсінік беру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |