Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыр қойнауынан шыққан тарихи тұлға – Жүсіпов Қожамжар


Сыр қойнауынан шыққан тарихи тұлға – Жүсіпов Қожамжар

Сабақтың тақырыбы Сыр қойнауынан шыққан тарихи тұлға – Жүсіпов Қожамжар

Сабақтың мақсаты: 
а) білімділік:  зертханалық жұмыстар нәтижесінде Сыр қойнауының тарихи деректеріне самғау, 1937ж – 1938ж жазалау құрбаны болған Сыр тарланы Қожамжар жүсіповтың жазықсыз жазалануы мен сан қырлы ұлағатты өмір деректерін таныстыру, зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қол жеткізу.
ә) тәрбиелік: оқушыларға сыр бойының танымал тарихи тұлғаларын таныстыра келе жазықсыз қуғын – сүргін құрбаны болған аяулы тұлғаларды қастерлей білуге, олардың өмір жолдарынан, қызметінен өнеге алуға тәрбиелеу. Өз өлкесін танып біліп, өркенді, өнегелі азамат болуына ықпал ету.
б) дамытушылық: тарихи тұлғаларға құрметпен қарап, сыр бойы қазынасынан алынған қасиетті қазынамызды зерттеу, қастерлеуге, дамыта оқуға, өз беттерінше баға беруге жол көрсету.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Қызылорда облысы картасы, шартты белгілерімен
2. Зертханалық құжаттар.
3. Тұтынылған мұралық заттары (киімдері)
4. Мерзімді басылым материалдары
5. Интерактивті тақтада слайдталған тарихи құжаттар
Сабақтың түрі: зертханалық сабақ 
Сабақта қолданылатын стратегиялар: ЖИГСО, әр қалыпты жазу әдісі
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа психологиялық даярлық.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
ІІІ. Мағынаны тану. Тақырыптық мәтіндер.
1. Сыр бойының ардақты азаматы.
2. Зобалаң жылдар шырғалаңы.
3. Жадыда жатталған жасампаз жайттар.
ЖИГСО әдісі қадамдары:
1. Мәтін 3 бөлімге бөлінеді.
2. Сынып 3 топқа бөлінеді.
3. Әр топ мүшесі 1; 2; 3 нөмірлерге бөлінеді.
4. №1 – 1 топқа, №2 – 2 топқа, №3 – 3 топқа жиналады. Бұл топтар эксперт топтар деп аталды.
5. І топ мәтіннің 1 – бөлімін, ІІ топ мәтіннің 2 – бөлімін, ІІІ топ мәтіннің 3 – бөлімін оқып дайындалады. Дайындалуға уақыт беріледі.
6. Әр топ оқығандарын талқылайды.
7. Эксперт топтар бастағы топтарына барады. Әр топ 1 – бөлімнен бастап кезекпен өз бөлімін түсіндіреді.
8. Берілген сұрақтар бойынша әр топтан 1 немесе 2 оқушы жауап береді.
ІҮ. Ой толғаныс. Мұғалім оқушылардың ойларын, пікірлерін  тыңдап, қорытып, бекітіп, жаңа білімді игеру дәрежесін анықтайды.
1. тарихшы
2. әдебиетші
3. демограф
4. тағзым тақтасына арнаулар жазу.
Ү. Үйге тапсырма беру. Сыр қойнауынан шыққан жергілікті  тарихи тарлан тұлға Қожамжар Жүсіпов жайлы оқып, іздену. Тарих көшінің зобалаң жылдарының шырғалаңына ұшыраған өз ауылымыздан шыққан тарихи тұлғаларды зерттеп, тарих қазынасына үлес қосу.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Қорытынды.
Сыр бойының ардақты азаматы
 
Қожамжар Жүсіпов – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, қазіргі Дауылкөл ауылында 1907 жылы туған, білімі орта. Алғаш ескіше хат танып, кейін Шымкент қаласында оқып, орта білім алады. 1934 жылдан ауылдық кеңес хатшысы қызметін атқарды. 1935 – 1937 жылдары ауылдық кеңес төрағасы болды. 1938 жылы аудандық атқару комитетінде жұмыс атқарды. 1938 жылы тамыз айында халық жауларын ұйымдастырды деген айып тағылды.
Жүсіпов Қожамжар №10 ауылдық кеңестің төрағасы болып тұрғанда кеңес үкіметіне қарсы ұлтшылдық ұйымға 1936 жылдың желтоқсан айында аудандық мал дайындау бөлімінің бұрынғы бастығы Шахаров Мырзақұл арқылы тартылған.
Тағылған айып түрлері: №10 ауылдық кеңес үкіметіне қарсы, ұлтшылдық, жауыздық топтың жетекшісі болған. Осы топқа қатысушылар Ерекешов Тілеу, Құтышев Нұржан, Дайрабаев Мәдияр, Тұрабаев Назар арқылы ауыл колхоздарында зиянкестілік, бүлдірушілік жұмыстар жүргізген. Жүсіповтың тапсырмасымен 1937 жылы колхозда су жүйесінен алыс жерге 80 гектар бидай еккен. Соның салдарынан егіске су бармай 60 – 70 гектар бидай қурап қалған. Қожамжар Жүсіпов ауылда малды аяусыз жыртқыштықпен союдың ұйымдастырушысы болған. Соның салдарынан 1937 жылдың ішінде №10  ауыл бойынша 40 бас мал құртылған. 
Жүсіпов Қожамжар ауылдық кеңес төрағасы деген қызмет бабын пайдаланып, колхозда ру тартысын ұйымдастырған, колхоз шаруашылығын құлатқан. Ауыл шаруашылық жұмыстары мерзімінде орындалмаған. Серіктестерінің ауылшаруашылық артелінің уставына көшуін әдейі тежеген. Колхозға зиянкестік, бүлдірушілік жұмыстар жүргізуге, көрші колхоз басшыларын, колхоз белсенділерін тартып, оларға бүлдірушілік жұмыстар жүргізуге тапсырма берген деген айып тағылған.
 
Зобалаң жылдар шырғалаңы
Жүсіпов Қожамжар 1938 жылы тамыз айында «Халық жауларын ұйымдастырды» деген айыппен қанауға алынды.
Барлық құжаттарды дайындап, зорлықпен жауап алып, кінәларын мойындатқан сол кездегі аудандық НКВД бастығы Пяткин қамауға санкция берген болатын. Прокурор З.Байназаров, облыстық НКВД бөлім сержанты Шомановтар болатын. 1939 жылы20 қаңтарда Қызылордада Ақдәулетов деген соттың төрағалығымен 15 (он бес) адамның соты болды. Сот қорытындысымен айыпқа тартылғандардың алды 20 жыл, соңы 10 жылға үкім шығарылып, Шымкент түрмесі арқылы Владивостокке жіберілді. Владивостоктен Қожамжар ауыл адамдарынан ажырап, басқа лагерьге жалғыз кетеді. Сол уақытта елде кітапханашы болып қызмет істеп жүрген жұбайы Злиха Жүсіпова жанашыр ағайындардың қолдауымен КСРО жоғарғы кеңесі атына түрмедегі жұбайы Қ.Жүсіповтың атынан арыз жазып, почта арқылы жасырын түрде салып жібереді. 1939 жылы 13 тамызда Қазақ КСР прокуроры жоғарғы сотына облыстық соттың үкімін бұзып, қайта тексеру туралы наразылық білдіреді. Сот алдында Жүсіпов Қожамжар сөйлеген сөзінде: «Тегім кедей, совет үкіметінің арқасында көзімді аштым. Сол үшін кеңес үкіметіне қарсы шығуды өңім түгілі, түсімде де ойыма алғаным жоқ. Сот составынан сұрайтыным жалпы жағдайымды тексерсе екен. Қайта тексеріп, тағылған айыптан ақтауын сұраймын». Тағылған айыпты мойындамаған Жүсіпов Қожамжарды тергеуші Шоманов 7 күн бойы тамақ бермей аш ұстайды, неше түрлі қиянат азапқа салады, ақыры мойындатады. Қайта тергеу қорытындысы жоғарыда аталған 15 адамның іс - әрекетінде қылмыстық әрекеті жоқ болуы себепті бәрін анықтайды.  Сонымен 1940 жылдың басында Үбісұлтан Аяпов, Назар Тұрабаев, Тілеу Жұбаевтар елге оралды. Бисары Кентібаев 194 жылдың қараша айында елге келіп Злихаға ерінің хабарын жеткізеді.
Ізтаймен хат жолдадым Тәйімбетке,
Не керек айтып айтпай өткен кепті.
Қайткенмен ақтың оты өшпейт шығар,
Кездестім халыққа келген  бір індетке, - деп Қожамжар Жүсіпов елге сәлем жолдаған.
Жазықсыз жаладан ақталып, кеме арқылы елге жетуге теңізге келген жерінен ол Бисарымен, Әбзәлимен кездеседі. Әбзәли Егізбаев екі көзі көрмейтін, екі аяғымен жүре алмайтын халде екен. Кеме ол кісіні келешегі жоқ, жолда өліп қалады, егер жолда өлсе, теңізге тастаймыз. Соған көнсеңдер ғана мінесіңдер деп, мінгізбей кетеді. Кеме жүре бергенде көзіміз көріп тұрып, Әбекеңді тастап кетуге арым бармады деп кемеден Қожамжар секіріп түсіп қалады.  Бисары Злихаға хабарын айтып, кемеге келгенде кенеп киіммен келіп едім, мына қалың киім, ботинканы Қожекең сол жақтан алып берді. Бұны көзімдей көріп сақтаймын. Ол азаматтардың аман – сау елге жете алатынын, жете алмайтындығын білмеймін дейді, Магаданда біраз жүргенде бір күні бір адам Қожамжарға келіп: «Осы жерде Ағабек деген бір белгілі қазақ бар, Соған хабарлас.» - дейді. Сол Ағабек Қожамжар мен Әбзәлиді сол жердегі ауруханаға жатқызып, жеке күтімге алып емдетеді. Ол кісінің ауруы 3 айда тәуір болады.  Бұл сүт, күріш жетіспегендіктен болған ауру екен. Әбзәли сол кезде «Ағабекке» деген өлең жазған. Әбзәли тәуір болған соң кеменің келесі келуіне үлгеріп, одан Ташкент түрмесіне келеді. Онда 2 күн болып, этаппен Қызылорда түрмесіне жеткізіледі. Қожамжар мен Әбзәлидің түрмеден босанғанын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, Далабай Ешпанов (ол кезде Далабай студент еді) елге келіп, 1941 жылы 22 сәуір күні елден сүйінші сұрайды. Елге келген соң Қожамжар тұтынушылар одағында қызмет істеп, соғыс басталған соң, ел адамдары ол кісіні ұжымшарға төраға етіп шақырып алады.
Жадыда жатталған жасампаз жайттар
Ол кезде ел басқарған басшыларға соғысқа бармау туралы бронь берілетін. Ондай соғыстан босатқан бронь Қожамжарда да болатын. Бірақ барлық азамат майданда от кешіп жүргенде біздің жас бала мен еңкейген қариялар арасында бой тасалап жүруге арымыз жетпейді, - деп 1942 жылы Шәрибек Іздібаев екеуі сұранып, соғысқа аттанады. Онда әскери дайындықтан өткен соң, Алғаш бөлімшенің саяси жетекшісі, кейін бөлімше командирі болып ерлік сапында танылды. Қожамжар Жүсіпов 1943 жылы 10 қазанда Витебск маңында қаза болды. Қазір бейіті осы облыстың Дубровенск ауданы, Рымхы деревнясы, Пухин станциясында жатыр. Майданнан елге жүректен жылы сәлемін
Жетіасар қасиетті жер аман бол,
Елдегі ел басқарған Ер аман бол.
Көкорай жердің бәрін шалғындатқан
Аңқыған Аю жарма сен аман бол, - деп жеткізген. Сырдың тарлан таланты жазықсық жала мен соғыстың ауыр азасын бірдей көтерген отансүйгіш,  ер тұлға тарих парағының бір бетінде қатталып қалды. Елде қалған жұбайы Злиха әже ауыл аналарын біріктіріп, тылда тер төгіп еңбек ете жүріп, соғыс даласына қалың киімдер тігіп, қолғап, шұлық тоқып үздіксіз жіберіп тұрған. Соғыс даласына 10 мың сом ақша, 1 қойды өз атынан жіберген. Арада 70 жыл өткен соң Сталиндік қаулылардың күшін жоятын бірқатар заң актілері мен үкімет шешімдері қабылданды. Соның ең бастысы Қазақстан Республикасы  жоғарғы кеңесінің 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын – сүргіндер құрбандарын ақтау туралы Заңы» болып саналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген кітапшасында тарихи әділеттілікті, жыл оқиғаларын еске алатын зор мүмкіндіктерді паш етті.
1997 жылды жалпы ұлттық татулық пен қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1997ж жаппай қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялап, әрбір жылдың 31 мамырын сол құрбандарды атап өтетін, еске алатын, аза тұтатын күн етіп белгіледі. Бұл шешім тарихымызды тың тұрғыдан қарастыруға, жүріп өткен жолымызға жаңаша баға беруге мүмкіндік жасады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тарихи тұлға – Ораз Жандосов
Мен атамды мақтан тұтамын
Махмет Қайырбаевтың 90 жыл туғанына арналған . «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра .» атты тәрбие сағаты.
Ұлы Отан соғысының ардагері
Жұмабек Тәшенев және Қазақстан мәселесі
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы
Түркия
Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
1930 жылдардағы саяси өмір
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 1862 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык