Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»


С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»

С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сабақтың тақырыбы: С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Ақырғы бәйге» әңгімесінен алған білімдерін бекіту;

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды елжандылыққа, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға және өнерсүйгіштікке баулу;

Дамытушылық: Көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы баланың ой-қиялын дамыту;

Сабақтың түрі: Жинақтау, бекіту сабағы:

Сабақтың әдісі: ҰО, СТО әдістері;

Сабақтың көрнекілігі: Ақан портреті, С. Жүнісов «Ақан сері» романы, І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, элетронды оқулықтар («Құлагер» фильмінен үзінді), суреттер, үлестірмелер, т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

Сабақтың барысы

І   Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу: а) Құлагер тобы ә) Көктұйғын тобы

(Оқушылар өз топтарының аттарын қорғап шығады)

Сабақ жоспары:

1. Арқаның атақтысы – Ақан (Топтастыру)

2. Салыстыру

3. Семантикалық карта

4. Әдебиет лотосы

5. Соңғы сөзді мен айтайын…

6. Жасыл ел

С. Жүнісов кім? Оның «Ақырғы бәйге» шығармасы қай романнан үзінді? Бұл шығармаға кімнің тағдырын арқау етті?

1. Топтастыр

2. Салыстыру. Балалар, Ақан сері тағдыры жайлы жазған тағы кімдердің шығармаларын білеміз (Бейнефильмнен үзінді жасырылады, оқушылар оны шығармадан тауып, «Ақырғы бәйгемен» Салыстырады. «Аттың сыны», «Бәйге жарысы»)

3. Семантикалық карта

Кейіпкер

Кейіпкер сөзі

Күреңбай сыншы Батыраштың баласы Мәттақын Жаршы Ақан Мөңке Құлагер
1  «Ат шаппайды, бап шабады» деген бар есем пе?Құлагердей аттың бабы келіссе, мұның алдына кім түсер?            
2 Уа, жарандар, жарандар, бәрің де маған қараңдар, аттарыңа мініңдер, тауға қарай жүріңдер.            
3 -Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Құлагерді тым қыспа.            
4 Шіркін-ай, құдай тағаланың кәрімен атың сүрінсе, допша домалап, ат үстінен құласаң.            
5 Саған жамандық тілеп қайтем, сен қаласың, мен озамын. Қазір сонау бір кезеңде шаңымды да көрмей қаласың.            
6 Айдалада жалғыз қалдырмай, жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар. Ризамын саған            
Автор Шығарма аты Оқиға желісі

 

Қандай көркемдік тәсілдер қолданылған? Не суреттеледі? Немен аяқталады?
    Басталуы:

Дамуы:

Шиеленісі

Шарықтау шегі:

Шешімі:

     

Әрине, шығарма Құлагердің мерт болуымен және Құлагер әнінің шығуымен аяқталады. Құлагер әнін кім орындады? (Фильмнен үзінді «Ақан жоқтауы»)

5. Соңғы сөзді мен айтайын... (Егер, сендер жазушы болсаңдар, осы шығарманы қалай аяқтар едіңдер?)

ІV Сабақты қорытындылау:

6. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша.

«Жасыл ел» сұрақтары:

1. Ақан серінің шын аты кім?  (Ақжігіт)

2. Ақанның тазысын ата. (Көкжендет)

3. Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипатына сүйеніп айтты?

4. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып жүрген бала кім? (Шашубай)

5. Қазақ халқының «Ас» дәстүрі жайлы не білесің?

6. Ақанның мылқау баласы кім? (Ыбан)

7. «Құлагер тағдыры» картинасының авторы кім? (Мұратбек Жоламанов )

8. Ақанның бүркітінің аты. (Қараторғай)

9. «Құлагер» фильміндегі Ақан ролін сомдаған актер кім? (Қ. Сатаев)

10. Ақан алғаш қай жерден сауат ашты? (молдадан)

11. Құлагер қатысқан жарыс бәйгенің қай түріне жатады? (Аламан)

12. Бәйгенің түрлерін ата.

13. Шығармадағы ұлттық өнерлерді ата.

Міне, шығарма соңындағы Құлагердің өлімі, Ақанның басқа да алған жарларының бірінен соң бірі қайтыс болуы, Базаралы деген тазысы, Көкжендет деген қаршығасы, Қараторғай атты қыран бүркітінен айрылуы оның жанын жегідей жеп, жүрегін сыздатып, өмірден түңілуіне әкеледі. Өмірінің соңында елден оқшауланып, елсіз тауда жалғыз күнелтеді. Ақан жанын түсінбеген қараңғы ел оны «жынданды» деп есептейді. Осылайша Ақан өмірінің аяғында трагедиялық ауыр хал кешіп, 1913 жылы дүниеден өтеді.

Үйге тапсырма: «Құлагер-омыртқамның ішіндегі жұлыным-ай»  (ойтолғау)

Бағалау: «Бағалау парақшалары» арқылы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Ақан сері Қорамсаұлы
Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік
Ақан Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығын қайталау
Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны
Ақан Сері
Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық шығармалары
Елінің ардақтаған Ақаны еді
Г дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 21128 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык