Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны


Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны

Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Ақан Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармаларына толық тоқталып,өлеңдері мен әндерінің мазмұнын ,идеясын, шығу тарихы мен тақырыбының ерекшелігін түсіндіру. Ақынның өмірі бойынша сұраққа жүйелі жауап беру, өлеңдерінің өзгешелігі,ақынның сезімі туралы  тиянақты баяндай білуге үйрету.
    2.Дамытушылық:Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалып-тастыру. Білік дағдыны, есте сақтау дағдысын қалыптастыру.Шығармашылық қабілеттерін, танымдық дағдыларын дамыту және ойлау қабілетін, ой белсен-ділігін,әсемділік,сезімталдыққа баулу. Оқулық, сөздік, қосымша материал бойынша сөйлей алу, жұмыс істеу. 3.Тәрбиелік: Атақты адамдар өмірінен үлгі алып,елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру. Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
     Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы.
     Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу, өзіндік жұмыс,оқулық пен жұмыс логикалық сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар,хронологиялық кесте құру.
    Сабақтың жабдығы: Портреті, слайд, интерактив. тақта, электрондық оқулық.
   Сабақтың түрі: Аралас сабақ
   Сыныппен жұмыс түрі: Даралап, ұжымдық 
                                                      Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындықтарын ,қатысуларын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген тақырыпты қайталау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.Сабақ түсіндіру кезінде интерактивті тақтада слайдтар кезегімен жүріп жатады.
1 кезең.Қазақ даласындағы сал-серілік дәстүр жайлы түсіндіріп кету.
2 кезең.Ақан серінің өмірін алын-ала берілген реферат бойынша танысу.
Ақанның өміріндегі елеулі оқиғаларды оқушылармен біріге отырып талдау. 
3 кезең.Шығармаларын хронологиялық кесте бойынша қарастыру.
  Мұғалімнің сал-серілер жайлы кіріспе сөзі (электронды оқулық көмегі):
-Қазақтың кең сахарында серілік құрып топ-тобымен жүру,бүгінгі күнгі бір мекемеге бағынған әртістер ұжымы секілді гастрольдік жүру салты, бұрын  серілік құру болып есептелсе керек.Тіршілігі жағынан тек қазаққа ғана тән бұл дәстүр Ақан сері,Біржан сал атымен байланысты,олар өзінше жаңа серілер,салдар тобы еді.
       Қайда ойын-сауық кештері,қызойнақ,қыз ұзату сияқты ұлылы,кішілі тойлардың осы топ басы-қасында қазақ халқының рухани байлығының ұйытқысы,дамытушысы,үлгі-өнеге етер таратушысы болған.
    Ақан сері-біздің осы қатардағы ұлы тұлғаларымыздың бірі.Елі ерекше сыйлап,сері атандырған Ақан әнімен бүкіл Арқаны жырға бөлеп,халқына өмір үшін күрестің сырын шерткен.Оның өмірін Мағжан «ертегідей әдемі,сұлу өмір»,-десе,Ілияс атақты  «Құлагер» поэмасында:
...Лермонтов болмағанмен,біздің Ақан                          
Кісі ме еді ақындықтан құр алақан,
Ортасын олқы көрген бұл да дара,
Имеген иттерге бас,сері дарқан,
-деп жыр жолдарын арнаған.
  Өмірбаянына қосымша дерек:                                                                 
       Композитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген жерінде ауқатты малшының жанұясында дүниеге келген. Ақынның шын аты- Ақжігіт. Қарындастарының ортасында жалғыз ерке ұл болып өскен. Өзінің табиғи қабілеті мен өнер – білімге деген құмарлылығы арқасында Ақан жас кезінен бастап – ақ сауатын ашып, Шығыс поэзиясының үлгілерімен танысып, өз жанынан да ән - өлең шығарып, болашағы бар дарынды ақын - әнші екендігін байқатады. Сөйтіп, «Ақын – Ақан» деген атқа өте ертеден – ақ ие болады. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әр нәрсеге әуестігімен көзге түседі. Он төрт жасынан бастап Ақан даңқы оның туған ауылынан алысқа тарап, кемеліне жеткен ақын, талантты сазгер ретінде танылады. Кәмелетке толған шағында сәнді қымбат киім киіп, жолдастарымен ауылдан ауылға қыдырып, сал – серілік өмірді өткізе бастайды. Көптеген сал – серілер тәрізді Ақан да аңшылыққа құмар болады. Құсбегі, тазшыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, лашын, қыран ұстайды. Оның шығармашылық өнерінде өз өмірінің осы қырлары айқын бейнеленеді. Ақанның  «Көкжендет», «Бозторғай», «Қараторғай» әндері аң аулайтын құстарға арналса, Алты Алашқа тараған «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері өзінің сүйікті сәйгүлігі Құлагерге арналып шығарылды.
Шығармаларымен жүргізілетін жұмыс:   
-Енді балалар,оқулық пен қосымша материалды қолдана отырып Ақан Қорамсаұлының шығармаларына құрылған хронологиялық кестемен танысалық:  

Шығарманың аты Өлеңінің тақырыбы Қысқаша мазмұны
«Желдірме»
   Махаббат     құмарлық
ғашықтық Ғашықтық бір ыстық күн,желі тынық,
Басына түскен жанның көңілі сынық..

«Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек» Сен болсаң,ал қызыл гүл,асыл еркем,
Мен –бұлбұл сайрап тұрған иран бағы,-
«Балқадиша» Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға,Құдай-ай,жар Қадиша,-
«Сырымбет» Туған жер Ауылым қоған сырымбет саласында,
Болдым ғашық ақсұңқар баласына.
«Екі жирен»,Қараторғай» Келеді Қараторғай қанат қағып,
Астына қанатыңның маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан,беу,қарағым
Айырылдым қапияда сенен неғып,-
«Мылтық пен мергеншілік» Саятшылық ...Оқудан соңғы өнер-мылтық деген,
Халайық,құлақ қойсаң,тілге нанып,-
«Бара-бар крестьянға тең болмадық» Саяси ...Бара-бар крестьянға тең болмадық,
Қалайша малмен,жермен тең болмадық
«Мінгенім,Құлагерім,өзің тұлпар», «Құлагер» Атына деген ерекше көңілі Құлагер шешең-сұңқар,әкең-тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар...
...................................................................
Шынымен өлгенің бе,Құлагерім,
Басылмас бір шырқамай менің шерім,-

Қорытынды:Жасынан сұлулықты сүйе білген сері ақын жастық өмірдің сан алуан қызығына арнап талай өлеңдер жазды.Махаббат бостандығын көксеген сиқырлы,сырлы өлеңдер жастардың көңіліне қонып,олар жастық шақтың жүрек толқынын,жан сезімін Ақан сөзі арқылы жеткізіп толғады.Өз өлеңімен де,әнімен де жан жылуын таратқан Ақан туған халқының сүйікті ұлдарының бірі бола білді.     
Ү. Сабақты бекіту тапсырмалары.Өзіндік жұмыстары.
                                         III деңгей
1.Неліктен Ақанның шын аты өзгеріп кетті?
2.Ақан тума дарын ба,серілік құру дәстүр ме?Дәлелдеңіз.
3. «Құлагер»  өлеңінің оқиға желісін айтып беріңіздер.
                                           II деңгей
1. Ақанға қарсы қоятын тұлға туралы айтыңыздар.Оны әшкерелеу.
2.Құлагердің Ақан өміріндегі алатын орны туралы не ойлайсыздар?
3. «Құлагер» өлеңіндегі тарихи жағдайды суреттеңіз.
                                           I деңгей
1. «Құлагер» өлеңіндегі қай кездегі өмір шындығы көрсетілген?
2. Зарланған жалғыз Ақан ба?Құлагер басындағы қайғылы жағдайға өз көзқарасың қандай?
3. «Ортасын олқы көрген бұл да дара» эссе жазыңдар.
ҮІ. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).
     -Ақан сері  кім болған деп ойлайсыңдар?
                                                        Топтастыру 

 

    ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау.Мұғалімнің құзыры бойынша жүреді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: 
1-сабақ бойынша:А.Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.
2-сабақ бойынша: «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» өлеңінен теңеулерді табыңдар.
                                  Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Байгожина М.С.
Туған халқының серісі әрі еркесі.
“...Ұлтжанды, өнерге ерекше жаны жақын Сәкен Нұрмақұлы өзінің көркем тілмен кестеленген тамаша шығармалары арқылы халқымыздың қазақы қалпы мен ұлттық ділін сақтап, жетілдіре түсуге бүкіл дарыны мен қарым-қабілетін жұмсап, қызмет етіп еді. Оның суреткерлік шеберлігімен сомдалған ардақты Ақан серіміздің ауыр тағдыры мен шынайы бейнесі әдебиет сүйер қауымның әлі талай буындарының жүректерін тербеп, кеуделеріне өнерге деген іңкәрлік пен ізгіліктің нұрын себе беретіндігіне күмән жоқ.”
                                            Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақ кім десе, міне деп көрсетуге тұлғасы да, кескін-келбеті де, азулы айбаты да, қарым-қайраты да – төрт құбыласы сай қабырғалы қаламгер Сәкен Жүнісов дер едім...»
Сүлеймен Мәмет
“Сен заманыңнан кеш әлде ерте туған дара талантсың. Сегіз қырлы бір сырлы деген сендей-ақ болсын. Мен саған сері деген ат бердім”.
Ғабит Мүсірепов.
Қазақ әдебиеті аталатын сырлы әлемге тым ерте араласқан арынды да асау мінезді  жан,  туған  елінің еркесі, сөз өнерінің сардар серкесі Сәкен сері Жүнісов 1934 жылы ақпанның он бірінші жұлдызында қазіргі  Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл  кентінде / Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылы/ туған. Шыр етіп дүниеге келген мекені,  тал бесігін тербеткен елі, тарлан таланттың кіндік қаны тамған жері - Сарыарқаның сайын даласы. Ұлы  Мұхаңның алғашқы аспиранттарының бірі болып, маңғаз Ғабиттің сенімді серік інісіне айналды. Жасы үлкен ағаларының, замандас құрдастарының, ізін басқан інілерінің алдында бірдей құрметке бөленуі сол ірі де ілгері талантынан, алмас қылыштың жүзіндей жарқылдаған жайсаң мінезінен болатын.
 Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында әдеби қызметкер болып бастады. М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды. 
Сәкен Жүнісов  әдебиет дейтін сымбаты бөлек сырлы әлемнің талантты сәулетшісі . Ол бірыңғай жазушылықпен айналысқан жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты.   Оның қаламынан туған “Ақан сері” атты дилогия, “Заманай мен Аманай”, «Жапандағы жалғыз үй» романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. “Ажар мен ажал”, “Тұтқындар”,  “Өліара”, “Жаралы гүлдер”, “Қысылғаннан қыз болдық” , «Қызым, саған айтам», «Қос анар »секілді сом туындылары  республика театрларында табыспен қойылды. “Өліара” пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
 Сәкен Жүнісов – әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп, Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің, О.Гончардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Жүнісовтің «Сонарда» деген әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді.
Көрнекті жазушы Сәкен Жүнісовтың бұл кітабына кезінде қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс ретінде бағаланған "Жапандағы жалғыз үй" романы еніп отыр. Мұнда тың игеру кезіндегі қазақ даласындағы әлеуметтік қайшылықтар көркем шығарма арқауына айналған.
   Аузымен құс тістеген құлагер талант Ақанды асқақтатты, Абылайды аспандатты. Айтары анық, бояуы қанық көркем образдар жасады. Мәртебелі мінбелерден көшелі ой айтып, көсемдік танытты.
 Ғабит Мүсірепов Сәкен Жүнісовке “сері” деген атты “Ақан серіні” жазғаны үшін ғана емес, сегіз қырлы, бір сырлы таланты үшін беріп еді. Кейбіреулерде “сері” дегенді сымдай болып тартылып, сыптай болып киініп, қыз-қырқынға қырындау деп түсінетін қате ұғым бар. Сәкен ондай жеңілтек түсінік аумағына сыймайтын, тар ұғымға қимайтын тарлан талант. Жаратылыс оған жазушылық талантпен бірге әншілікті, күйшілікті, бишілікті, серілікті, ақындықты, батырлықты қоса сыйлады.
Ақан серінің мұңдасы, Ақтоқты сынды арудың сырласы болған Сәкен Жүнісов  бүгінгі күнде жарық  дүниемен ерте қоштасса да, артында қалған рухани мол мұрасымен халқымен бірге жасай береді


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығын қайталау
Жас маманға жәрдем
Иран Тасқараұлы Тасқара (Ильяшев)
Ақан Сері
Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық шығармалары
Елінің ардақтаған Ақаны еді
Г дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8307 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык