Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 7488 |
|
|
|
Шәкәрімтану авторлық бағдарламасы
Шәкәрімтану авторлық бағдарламасы
ПІКІР
Наменова Күләннің «Шәкәрімтану» бағдарламасы Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.
Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі мен әдебиетін жете меңгеру үшін өз ұлты мен тіліне деген оқушыларлдың сүйіспеншілігін арттыру үшін бағдарламаның маңызы зор.
Шәкәрімнің ақындығы, сазгерлігі, зерделі тарихшы, аудармашылдығына көңіл бөлініп, зерттеу мақалаларымен сабақтаса берілген.
Оқушыларға Шәкәрім туралы терең білім беруге, ой-өрісін кеңейтуге негізделген.
Түсінік хат
Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған қаламы жүйрік жазушы, заманы мен халқы жөнінде ой толғанған тарихшы, ойшыл философ, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердиевтің шығрамалары мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қолданатын баға жетпес құрал.
«Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағаның қарап ал,
Мұрам сол,жастар,бергенім»,-деп тұжырымдай жырға қосқан Шәкәрім бүгін жарқын бейнесімен де жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Шәкәрім тек қазақ әдебиеті тарихында емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үлкен де ерен құбылыс. Тамаша ақынның кемеңгер ойшылдың, дарынды сазгердің өмірімен қайраткерлігі тарихи жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық. Сондықтан элективті курстың басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді Шәкәрім өмірі, шығармашылығы арқылы тәрбиелеу, олардың Шәкәрім шығармаларын оқуға деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екені айтылған. Осы орайда Шәкәрімтану элективті курсын жүргізудің қазақ әдебиеті пәні бойынша болашақта білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.Еліміздің адамзат тарихында алатын орны, әдет-ғұрпы, салт-санасы Шәкәрім шығармаларынан көрініс табады.
«Шәкәрімтану» курсының мақсаты мен міндеті:
1. Білімділік: Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
2. Дамытушылық: Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету.Оқушылардың Шәкәрім өлеңдерін поэмаларын, аудармаларын талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Шәкәрім поэзиясының тереңдігін сезіндіру адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру,
еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Шәкәрім шығармаларының таралуын насихаттау.
Бұл курс аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Курс сабақтары әр түрде өткізіледі: сынақ сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, сайыс сабақ, саяхат саба т.б. Шәкәрім шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Күтілетін нәтиже: «Шәкәрімтану» элективті курсы бойынша балалар төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Шәкәрім өмірбаяны; Шәкәрім өмір сүрген ортасы; Шәкәрім туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер; Шәкәрім атасы Құнанбай туралы зерттеулер; Шәкәрім мұрасының рухани көздері; Шәкәрім және шығыс әдебиеті; шәкәрім жұмбақтары; Шәкәрімнің Пушкиннен, Толстойдан, Фзулиден аудармалары;шәкәрім өлеңдеріне талдау жасай білу; Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық байланысы; Шәкәрімнің ойшылдығы; Шәкәрімнің сазгерлігі;
«Шәкәрімтану» элективті курсының мазмұны.
1-сабақ. Шәкәрімнің шыққан тегі, балалық шағы.
Шыңғыстау өңірінде 1858 жылы 14 июльде
атасы Құнанбай, әкесі Құдайберді-Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күнке атты бәйбешісінен дүниеге келуі;5 жасында оқуға беріліп, 7 жасқа келгенше оқуы, 7 жасынан бастап, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болуы;
2-сабақ. Абайдың талантты шәкірті.
Әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салғаннан кейін Абай ағасының тікелей қамқорлығын көріп өсуі; Абайдың тәрбиесі арқылы талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуы;
3-сабақ. Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы.
Арнайы оқу орындарында білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп, Абай ағасының басшылығымен, өз заманындағы білімдар, ғұлама ойшыл, азаматтардың бірі атануы;
Араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білуі, орыс тілін жетік білуі; 1905-1906 жылдары Меккеге баруы;
4-сабақ. Шәкәрім лирикасы.
Тұңғыш өлеңін 1866 жылы 7 жасында шығаруы;1912-15 жылдардағы халық мұңын жырлау, ел мұратын көздеу, адам қасиеттерін қастерлеу тақырыптары-шығармаларының алтын арқауына айналуы;
5-сабақ. Шәкәрім және Шығыс поэзиясы.
Стамбулда 18 күн болуы; Меккенің, Мәдинаның тарихтарын ақтаруы; Шығыс, Батыс ғалымдарымен сөйлесіп, олардың ой-пікірлерімен, Шығыс, Батыстың ертедегі ғалымдарының шығармаларымен танысып, оларды жаздырып алуы;
6-сабақ. Шәкәрімнің ағартушылық идеядағы өлеңдері.
Шәкәрім шығармаларындағы Абай дәстүрінде жазылған ағартушы идеядағы өлеңдері; Абай өлеңдерімен үндестігі; Ғылыми мәдениетке үндеуі; Ғасырлар бойғы бойкүйіздіктен, сауатсыздықтан арылып, өнер мен ғылым үйрену арқылы көңіл көзін ашуға шақыруы;
7-сабақ. Шәкәрім поэзиясындағы әділет ,ар тазалығы.
Өз халқын даналыққа шақыруы; «Насихат» өлеңінің мазмұны мен идеясы; Қоғамдағы кемшіліктерді Европалық білім мен ғылымнан шет қалуы деп есептеуі;
8-сабақ. Шәкәрімнің сөз өнерін бағалауы
Ақынның сөз өнерінің құдіретін түсінуге шақыруы;Абай салған соқпақты, әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алуы; Өлең әлеміндегі, сөз патшалығындағы өзіндік жолы, өз бағдары;Сөз өрнектерін дамытып, халық әдебиетінің бейнелі образдарын өзіндік мәндік бояумен байытуы;
9-сабақ. Шәкәрімнің саяси әлеуметтік лирикасы.
Шәкәрім өлеңдеріндегі ел бостандығы, халық бақыты, еркіндік пен азаттық, жаңалықпен жаңғару деген жаңа ұғымдармен толық кемелденуі; Октябрь ревалюциясын қуана қарсы алған ақынның жаңаша сарындағы тың үрдісте жазылған өлеңдері;
10-сабақ. Шәкәрімнің философиялық лирикасы.
Қоғам дамуының алдағы жолына көрегендікпен, ойшылдықпен көз жіберуі, қоғамдағы тарихи қайшылықтарды ашып отыруы;
11-сабақ. Шәкәрім поэзиясындағы еңбек тақырыбы.
Қоғам дамуындағы еңбектің рөлі туралы; Еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең тұлғалысы деп тануы; «Жолама , қулар, маңайға», «Адамдық борышың» өлеңдеріндегі еңбекті адамның қастерлі парызына балауы;
12-сабақ. Шәкәрім мысалдары.
Әр түрлі тақырыптағы мысал өлеңдері; Крылов кейіпкерлерімен үндесуі; халық даналығын басшылыққа алуы;( «Бояулы суыр», «Қаншыр мен бөдене», «Ақылшы торғай», «Піскен мен шикі» т.б. )
13-сабақ. Шәкәрім поэмалары.
Реалистік үлгідегі лириканың дамуына қосқан үлесі; 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан
жеке-жеке кітап болып шығуы; Эпикалық ауқымдағы тамаша поэмалар туы; Заман биігінен ой толғаған сөз зергерінің шыайы ақындық тұлғасы, азаматтық келбетінің танылуы;
14-сабақ. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
Поэманың «Тарихи хикая» деп аталуы, «Мұтылған» деген лақап атпен жариялануы, «Қалқаман-Мамыр» дастанының оқиғасы «ақтабан шұбырынды» заманында өтуі; Поэманың ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халық басына түскен қилы кезеңдерді бейнелуі; поэмадғы махаббат драмасы;
15-сабақ. «Еңлік-Кебек» поэмасы.
«Еңлік-Кебек» дастанының Абай ақыл-кеңесімен жазылған шығарма екендігі; әлеуметтік дастан 1912 жылы Семейде «Жолсыз жаза, яки кез болған іс. Еңлік-Кебек» деген атпен басылып шығуы; Кейіпкер бейнесін сомдауда заман шындығынан алшақ кетпеуі;
16-сабақ. «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасы.
Поэманың ақын өмірінің соңғы кезінде, 1920 жылы жазылуы; Махаббат драмасы; көркемдік деңгейінің төмен екенін мойындауы; қазақтың қара өлеңінің үлгісіне жүгінуі;
17-сабақ.«Шәкәрім тағылымы-өмір ұстанымы» шығарма.
Оқушылардың «Шәкәрімтану» дәрісінен алған ой-өрістерінің деңгейін байқау; жазу стилін көркемдігін бағалау; ой еркіндігіне, тіл ерекшілігіне, терең ойлылығына мән берілуі;
18-сабақ. Шәкәрім әндері .
Сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің туындыгері; «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Шын сырым», «Жастық», «Анадан алғаш туғанда» өлеңдеріндегі дыбыстық үйлесім, ішкі ұйқастың берілуі; асқақ поэтикалық рухпен жырлануы;
19-сабақ. Шәкәрім жұмбақтары.
Шәкәрім жұмбақтарының күрделілігі; жас ұрпақтан тапқырлық пен шешендікті талап ету; 5 жұмбағының өлеңмен берілуі;
20-сабақ. Шәкәрімнің прозалық шығармалары.
Прозалық туындыларындағы қазақ тұрмысынының реалистік бейнедегі көрінісі; халық ойының терең де, мол тұнбасы;халықтың ғасырлар бойы жинақтаған даналығы, тарихтың тағылымының біте қайнауы; терең философиялық ой, айшықты суреттермен берілуі;
21-сабақ. «Әділ-Мария» романы.
Ең көлемді, ең күрделі туындысы екендігі; өзі кезінде «Қайғылы роман» деп атауы 1925 жылы жазылған романның 1910 жылдар кезіндегі қазақ
даласының қоғамдық саяси және әлеуметтік жағдайларынының, Сахара өлкесіндегі қазақтар тұрмысының кең тұрғыда суреттелуі; Қазақ қызының аянышты тағдыры, махаббат мұңлықтарының басынан өткен қайғылы хикая екендігі;
22-сабақ. «Байшешек бақшасы» прозасы.
Шағын прозалық шығармадағы Шәкәрімнің өмірлік тәжірибеден жинақтаған, ұлағатты ой тұжырымдары, философиялық пайымдаулары;
23-сабақ. Мәнді сөздер.
Шәкәрімнің жылдар бойы тірнектеп жинаған қазынасы, халық даналығынан нәр алған ойшылдықтың жемісі; аз сөзбен көп ой жеткізудің шебері екендігі;
24-сабақ.«Шын бақтың айнасы» прозалық шығармасы.
«Шын бақтың айнасы» прозалық туындысында адам өмірінің бүкіл кезеңдерінде шолу жасай отырып, үлкен ой түйіндеуі; оқиғаның автордың өз атынан баяндалуы; «Адам баласының ең бақытты кезеңі қайсы екен ?» деген философиялық сауалға жауап іздеуі;
25-сабақ. Шәкәрім аудармалары.
Шығыс пен Батысьың озық ойлы әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржандарымен таныстыру жолындағы тындаырған жұмысы екендігі; бірнеше жұрттың тілін меңгеру арқылы орыс және Европа мәдениетінің асылдарынан нәр алуы; «Оятқан мені, ерте Шығыс жыры» немесе «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деп жырлаған ақын Шығыстың Хожа Хафиз, Физули, Науаи шығармаларын ерекше қастер тұтып, тәржімалауы;
26-сабақ. «Ләйлә-Мәжнүн» поэмасы.
Аударма деп айтуға келе бермейтін, Шәкәрімнің жүрегін жарып шыққан төлтума іспетті асыл мұра екендігі; 1907 жылы Физулиден аударуы; алғашқы рет Ташкент қаласында шыққан «Шолпан» журналының 1922-23 жылдардағы біреше санда жарық көруі; кейінірек С.Сейфуллиннің дастанды жеке кітап етіп бастыруы; поэманың негізігі сюжеттік арқауы-Ләйлә мен Мәжнүннің
27-сабақ. Хафизден аудармасы.
Хожа Хафизді өзіне ұлағатты ұстаз тұтуы; Хафиз шығармаларын қазақ тіліне аударып, туған халқына таныстыруды мақсат етіп қоюы; Хафизден 300 жолға жуық өлеңдерін аударуы;»Кешегі басшы піріміз», «Ей,жарымыз, ай нұры», «Анық ерге жолдас бол» т.б.
28-сабақ. Л.Толстойдан аудармасы.
Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстойды өзіне пір тұтуы; онымен хат аласып, ақыл-кеңес сұрауы; Толстойдың 6 әңгімесінің аударуда көркемдік бояудың, қаламгерлік қарымының мол екендігі; «Молдалар өзгелерді кәпір дейді»;
29-сабақ. Пушкиннен аудармасы.
1924 жылы Пушкиннен «Дубровский әңгімесі» шығармасын аударып, кітап болып басылып шығуы; повестің оқиға желісін жыр тілімен баяндап шығуы; аударма жасаудағы еркіндік белгісінің қалыптасуы; 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналында Пушкиннің «Бораны» жарық көруі; бұл аударманың бүкіл әлемдік әдебиеттегі Пушкинтану ғылымына қосқан үлесі екендігі;
30-сабақ. Шәкәрім және фольклер.
Шәкәрім поэзиясының халық поэзиясынан үлгі ала отырып, Абай және халық поэзиясын дамытушы екендігі; ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін қатар меңгере білгендігі;
31-сабақ. Шәкәрім-тарихшы, ойшыл.
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», қазақ халқының щығу тегі, оның негізін құраған рулар шежіресі; «Мұсылмандық шарты» мұсылмандықты насихаттайтын кітап екендігі;
32-сабақ. Шәкәрім және қолөнер.
Шәкәрімнің бармағынан мөр тамған сегіз қырлы өнерпаздығы, үлкен мәдени қайраткерлігі, қолдан сия жасай білгендігі;
33-сабақ. Шәкәрім және салауатты өмір.
Шәкәрімнің өз заманындағы қаламы жүйрік журналисші, кемел көсем сөзші екендігі; құсбегі, мерген болғандығы;
34-сабақ. Мен таныған- Шәкәрім (ой толғау).
Шәкәрімнің әр қырлылығы; оның ақындығынан басқа ел басқарып, болыс болғандығы; геометрия заңдарын үйреніп, тік үшбұрыштың есебін білегендігі; Шәкәрімің бай кітапханасының болғандығы; неміс ғалымы профессор Маркс Кушинскиймен жақсы таныс болғандығы; оның Шәкәрімді «Сахараның ойшыл ғаламы» санағандығы;
«Шәкәрімтану» элективті
курсының бағдарламасы
Р/с Сабақ тақырыбы Сағат саны
1 Шәкәрімнің шыққан тегі, балалық шағы 1
2 Абайдың талантты шәкірті 1
3 Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы 1
4 Шәкәрім лирикасы 1
5 Шәкәрім және Шығыс поэзиясы 1
6 Шәкәрімнің ағартушылқ идеядағы өлеңдері 1
7 Шәкәрім поэзиясындағы әділет ,ар тазалығы 1
8 Шәкәрімнің сөз өнерін бағалауы 1
9 Шәкәрімнің саяси әлеуметтік лирикасы 1
10 Шәкәрімнің философиялық лирикасы 1
11 Шәкәрім поэзиясындағы еңбек тақырыбы 1
12 Шәкәрім мысалдары 1
13 Шәкәрім поэмалары 1
14 «Қалқаман-Мамыр» поэмасы 1
15 «Еңлік-Кебек» поэмасы 1
16 «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасы 1
17 «Шәкәрім тағылымы-өмір ұстанымы» шығарма
18 Шәкәрім әндері 1
19 Шәкәрім жұмбақтары 1
20 Шәкәрімнің прозалық шығармалары 1
21 «Әділ-Мария» романы 1
22 «Байшешек бақшасы» прозасы 1
23 Мәнді сөздер 1
24 «Шын бақтың айнасы» прозалық шығармасы 1
25 Шәкәрім аудармалары 1
26 «Ләйлә-Мәжнүн» поэмасы 1
27 Хафизден аудармасы 1
28 Л.Толстойдан аудармасы 1
29 Пушкиннен аудармасы 1
30 Шәкәрім және фольклер 1
31 Шәкәрім-тарихшы, ойшыл 1
32 Шәкәрім және қолөнер 1
33 Шәкәрім және салауатты өмір 1
34 Мен таныған- Шәкәрім (ой толғау) 1
Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Шәкәрім шығармалары. «Жазушы» баспасы,1988ж
2. Шәкәрім Құдайбердиев. Алматы 1989ж
3. Шәкәрім «Қазақ айнасы», Алматы «Атамұра»,2003ж
4. Шәкәрім «Жолсыз жаза» (өлеңдері мен шығармалары) құрастырған М.Мағауин, «Жалын»,1998ж
5. Ш.Сәтпаева «Шәкәрім Құдайбердиев» А.1990ж
6. Р.Нұрғалиев «Шәкәрім Құдайбердиев-ақын, тарихшы», Алматы,1988ж
7. Б.Әбдіғазиев «Асыл арна»,А,1992 ж
8. Қ.Мұхаметханов «Абайдың асыл шәкірттері»,А,1993ж
9. Д.Сейсенұлы «Шәкәрім»,Астана,2007ж
10. Ш.Құдайбердиев,А,1989ж
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары, Алматы, «Жазушы» баспасы,1988ж
2. Поэты казахстана, Ленинград,1978ж
3. Мұхаметжанов Қ. Шәкәрім. «Қазақ әдебиеті»,1988ж,15 сәуір
4. М.Мағауин, «Шәкәрімнің шеберлігі», «Жұлдыз» баспасы,1988 ж,№10
5. Сәтбаева Ш. « Шәкәрім», Қазақ ССР Ғылым академиясыныуң хабарлары, тіл, әдебиет сериясы,1988ж, №8
6. Шәкәрімтану мәселелері 2-том, Алматы, 2007ж
7. Шәкәрім Құдайбердиев (методикалық нұсқау) А,1989 ж
8. Ж.Ахметова «Шәкәрім мен фольклор» «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №5,6,1998ж,87-93 бет
9. Шәкәрім «Қазақ айнасы», А, «Атамұра»,2003ж
10.Шәкәрім «Жолсыз жаза», құрастырған М.Мағауин, «Жалын»,1998ж
11.Ғ.Есім «Ғашықтық», «Қазақстан» ұлттық энцикл,А,2001ж
12. Р.Нұрғалиев «Шәкәрім Құдайбердиев-ақын, тарихшы», Алматы,1988ж
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |