Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ


БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ

БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Бель¬гия Корольдігінің мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары,  тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:             Б ел ь ¬г и я К о р о л ь д і г і
БЕЛЬГИЯ (Belgium), Б ел ь ¬г и я К о р о л ь д і г і - Бат. Еуропадағы мемлекет. Жері - 30,5 мың қм2. 
Халқы - ¬10,4 млн. (2005-ж). 
Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2 – 340 адамнан келеді.
Астанасы -  ¬Брюссель (1 млн.) 
Ірі қала¬лары:Антверпен,Гент, Льеж.
Әкімш. жағы¬нан 10 провинцияға бөліне¬ді. 
Ресми тілдері - француз, нидерланд (фламанд) және неміс тілдері. 
Халқының 70%-і христиан-католиктер. Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы - бельгия франкі. 
Ұлттық мейрамы ¬21 шілде (Леопольд І-нің парламентте Конституцияға адал болуға ант берген күні) мен 15 қараша (король әу¬летінің 1866 ж. таққа отыр-ған күні). 
     Мемлекеттік құрылысы. Бельгия - конституция¬лық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзге¬рістер енгізілді. Мемл. бас¬шысы - король. Заң шыға¬ру билігін король мен пар¬ламент жүргізеді. Парламент - өкілдер палатасынан (150 депутат) және сенаттан (71 мүше) тұрады. Атқарушы би¬лікті парламент алдында есеп беретін үкімет жүзеге асыра¬ды. Провинцияларды король тағайындайтын губернатор¬лар басқарады. 
     Табиғаты. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекше-ленеді. Арденна тауы Б-ның оңт.-шығыс бөлігін алып жа¬тыр. Ең биік жері - Бот¬ранж шоқысы (649 М). Қаң¬тардағы орташа темп-ра 30С, шілдеде 18 - 190С. Жауын¬-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 - 900 мм, Арден¬на тауыңда 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шель¬да. Өзендер бір-бірімен ка¬налдар арқылы жалғасқан. Теңіз жағалауы мен өзен сағалары құнарлы аллювийлі шөгінді топырақты келеді, ал қалғаны күлгін топырақты және ормаңды жерлері құба топырақты. Бельгия  жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қыр¬ғауыл, құр, т.б. мекендейді. 
     Тарихы.  Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген. Олардан қалған тарихи қоныстар ашель мәдениетіне жатады. Б.з.б. 57 ж. Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңт.¬батыс бөлігіңде Бельгика про¬винциясын құрады, ал 3-¬4 ғ-ларда бұл жерге герман тайпалары - франктер, іші¬нара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады. Б. жері 5 - 9 ғ-ларда Франк мемле¬кетінің құрамына кірді де, кейіннен бытыраңқылыққа ұшырап, бірнеше графтық-тардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан 12 - 13 ғ-ларда Еуропаның "шеберханасына " және халықар. сау¬даның маңызды торабына айналды. 16 ғ-да қазіргі Б. аумағындағы Нидерланд, Люксембург жері және Солт. Францияның бір бөлігі бірі¬гіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 ж. Испанияға қосыл¬ды. Испан тағына мұрагер¬лік үшін болған соғыстың (1701-14) нәтижесінде Ни¬дерланд Испаниядан авс¬триялық Габсбургтер әулеті¬не өтті. 1794 ж.  Б. Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814-15) шешімі бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерланд корольдігіне бі¬рікті. Осы кездерде Б-да өнер¬кәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банкілер көптеп ашылды. 
1830 ж. 25 тамызда Брюссельде Голлан¬дия үстемдігіне қарсы көте¬рілістен соң, 10 қарашада ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жарияла¬ды. 1831 ж. Б. мәңгі-бақи бейтарап мемлекет және конституциялық монархия болып жарияланды. 19 ғ-дың екінші жартысында Б. өнер¬кәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен да¬мыды. l-дүниежүз. соғыс (1914 - 18) кезінде Германия Б-ға басып кірген соң (1914, 4 тамыз), оның бейтарап¬тығы бұзылып, Антанта жағында соғысты. 1940 ж. 10 мамырда неміс-фашист ар-миясы елді тағы басып алып, 1944 ж. қыркүйекке дейін билік жүргізді. Соғыстан ке¬йін 1947 - 49 ж. Спаак үкі¬меті Б-ны Маршалл жоспа¬рына қосқаннан кейін, ел экономикасына шетел капи¬талы (негізінен АҚШ) тар-тылды. 1970 ж. басталған конституциялық реформа 1989 ж. 1 қаңтарда елді рес¬ми түрде федеративтік мем¬лекет болып құрылуға алып келді. 
     Бельгия - БҰҰ-на, Солт. Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропа Одағына, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықар. ұйымдарға мүше 1992 ж. қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Б. Батыс Еуропа елдерінің мем-лекетаралық саяси, әскери және экон. одақтарының ор¬талығы болып табылады. Ел астанасы Брюссельде Солт. Атлантика Одағының (НАТО), Еуропа Одағының, Бенилюкс елдері одағының штаб-пәтерлері орналасқан. 
    Экономикасы.  Бельгия - әлемдегі өнеркәсібі жо¬ғары дамыған елдердің бірі. Ең төм. айлық жалақы - 40 мыңдай бельгия франкі (1100 АҚШ долл.) болса, жұмыс іс¬темейтіңдерге 20 - 27 мың¬дай (700 - 850) жәрдемақы төленеді. Қара металлургия - Бельгия өнеркәсібінің ежелгі са¬лаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жасау, құ¬рылыс материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиҺаз, қағаз), т.б. дамыған. А. ш. жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ін береді. Әлемдік саудадағы үлесі 2,7%. Экспортқа авто¬моб. бөлшектерін, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан мине¬ралдар, металл бұйымдары әкелінеді.
 Негізгі сауда серік¬тестері: Еуропа Одағына мүше мемлекеттер, АҚШ.
 Бельгия кәсіп¬керлері Қазақстанда да бірік¬кен кәсіпорындар құрып ел экономикасының әр түрлі са¬лаларында қызмет атқаруда.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
ВЬЕТНАМ
ТАЙЛАНД
БУТАН КОРОЛЬДІГІ
АВСТРИЯ
БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3709 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык