Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » АВСТРИЯ



АВСТРИЯ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Австрия Республикасының табиғат жағдайлары,  шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                   Австрия Республикасы
   АВСТРИЯ, Австрия Р е с п у б л и к а с ы - Орта¬лық Еуропадағы мемлекет.
Жер аумағы 83,9 мың км2.
Халқы 8,17 млн. (2005). 
Астанасы - Вена қ. 
Әкімш.¬аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады. 
Халқының 98%-і австриялық¬тар, 
Дінге сенушілердің 84%-і католиктер. 
Мемл. тілі - не¬міс тілі. 
Заң шығарушы орга¬ны - екі палаталы парламент. 
Мемлекет басшысы - феде¬ралдық президент. 
    Табиғаты. А. - таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері - Биік Таузрн жотасын¬дағы Грос- Глокнер шыңы  (3997 М). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, теміp кентасы, магнезит, гра¬фит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоныржай, шығысында континенттік болып келеді. Орта¬ша тeмп-pa қаңтарда -1-40С, шілдеде 150-180С. Жауын¬-шашынның жылдық мөлш. тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өз. - Дунай. Жерiнің 38%-і орман, ол негізінен тау беткей¬лерін көмкерген. 
   Экономикасы. Австрия экономика¬сы нapықтық қатынастар не¬гізінде дамыған иңдустриялы-¬аграрлы мемлекет. Ел экон-¬сына ГФР компанияларының ықпалы күшті.  Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВт сағ электр энергиясын өндіреді ([996 ж.). Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнер¬кәсібі, машина жасау (станок¬тар, транспорттық машина¬лар, электротех. бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жа¬саңды талшық, резина шыға¬ру), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркен¬деген. 
А/ш-ңда мал ш-ның маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары да¬мыған.  Австрияның ұлттық табысы жылына 202,8 млрд. американ доллары болса, оны жан ба¬сына шаққанда 25,2 мың дол-лардан келеді. Соңғы көрсет¬кіш бойынша Австрия Еуропа экон. аймағы бойынша алтыншы opындa. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шыға¬рылып, 65 млрд. доллардын өнімі сырттан әкелінеді. Ал дүн. жүз. ішкі жиынтық өнім¬дегі А-ның үлесі 0,5%-тен сәл артық.      
    Тарихы. А. атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жыл¬дан бастап Австрия - "Қасиетті Рим империясы" құрамындағы герцогтық. 13 ғ-дың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан - эрц¬гepцoгтық. 
18 ғ. Габсбургтер Бельгияны,  Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17-18 ғ-ларда А. мо¬нархиясы Түркиямен, Фран¬циямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан ай¬ырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты. 
1867 ж. Австрия-Венгрия мо¬нархиясы құрылды. l-дүн. жүз. соғыста Австрия - Венгрия Германияның басты одақтасы  болды. Австрия-Венгрия мо-нархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада А. респуб¬ликасы құрылды. 
1938 ж. наурызда герман әскерлері А-ға басып кіріп, Гер¬манияға қосып алды (энш¬люс). А-ның фашистер үстем¬дік еткен 7 жылы оның тари¬xындaғы ең қаралы кезең бол¬ды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қа¬былдaнғaн декларация бойын¬ша Германияның А-ны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскер¬лері А шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат eтті. Бірақ А бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасыңда 4 оккупац. аймаққа бөлінген қалпыңда қала берді. 
  1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Фран¬ция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері А-ның тәуелсіздігін қалпынa келтіру туралы шарт-қа қол қойды. А-дан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айыңда елдің парламенті А-ның тұрақты бейтараптығы туралы консти¬туциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсаңда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. А-¬ның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көр¬сетілген міндеттемелер мен тұpaқты бейтараптық мәрте¬бесіне негізделген. 1996 жыл¬дың қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылдан¬ды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақ¬стан Республикасымен дипло¬мат. қатынастар орнатты.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Орталық және Оңтүстік Еуропа елдері
БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ
БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ
БРУНЕЙ
ВЬЕТНАМ
БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЙЦАРИЯ
АЛБАНИЯ
БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4139 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык