Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА


БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА

БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Босния және Герцеговинаның экономикалық-географиялық жағдайы,  табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:                     БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕ¬ГОВИНА
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕ¬ГОВИНА - Балкан түбегі¬нің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет. 
Жерінің аумағы 51,3 мың км2. 
Халқы 3,9 млн адам (2005-ж) 
Халқының орналасу тығыздығы 1км2-ге 76,3 адамнан келеді.
Халқының 31,4%-і ¬сербтер, 17,3%-і - хорват¬тар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері. 
Ас¬танасы - Сараево қ. 
Ресми тілдері: босния, серб, хорват тілдері. 
Тұрғындарының көп¬шілігі мұсылмандар (40%-ы), бұған қоса православие (31%) және като¬лик (15%) дініндегілер де тұрады.
   Париж бейбіт келісімі бо¬йынша Босния мен Герцеговинаны 3 адам¬нан тұратын Президиум бас¬қарады. Заң шығарушы ор¬ган - Парламент ассамблея¬сы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады. 
    Табиғаты. Босния мен Герцеговинаның жер бедері тау¬лы. Климаты жерортатеңіз¬дік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа темп-расы
 -1 - 30С, шілде¬де 200С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400-¬600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарыңда емен, шыр¬ша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б. 
    Тарихы. Қазіргі Босния мен Герцеговина жерін 6 - 7 ғ-ларда славян¬дар қоныстана бастады. Олар 7 - 14 ғ-ларда алдымен князьдікке, кейіннен корольдікке бірікті. 15 ғ-дан бастап Осман сұлтандығына бағынды. Ал 1878 ж. Австрия - Венгрияның қол астына өтті. l-дүниежүз. соғыстан кейін, 1918 жылдан бастап Югославия корольдігінің қол астына көшті. 1941 ж. елді Германия басып алып, "тә¬уелсіз Хорват үкіметінің" бас¬қаруына берді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін Югославия¬ның құрамына oдaқтac 6 рес-публиканың бірі ретінде кір¬ді. 1990 ж. қараша айында Босния мен Герцеговина республикасында 1-¬рет көппартиялық сайлау өтті. Нәтижесінде республика түр¬ғындары мұсылман, серб, хорват болып 3-ке бөлініп, өзара қақтығыстар орын алды. 1992 ж. сәуір айында мұсылмандар мен хорваттар елдің тәуелсіздігін жариялады да, БҰҰ-ның құрамына кірді. Бұған серб тұрғында¬ры көнбей, екі жақ ортасын¬да қарулы қақтығыстар бас¬талып, соғыс 1995 жылдың қыркүйек айына дейін созыл¬ды. АҚШ, Ресей және Еуро¬па Одағы елдерінің араласуы¬мен 1995 ж. 14 желтоқсанда Босния мен Герцеговина Югославия, Хор¬ватия өзара бейбіт келісімге қол қойды.     
    Экономикасы. Елде металлур¬гия, машина жасау, химия, көмір өндірістері жақсы да¬мыған. Босния мен Герцеговинаның экономикасына елдегі азаматтық соғыс (1992-1995 ж. қарашасына дейін) үлкен зардап әкелді. Ел экономикасының қалпына келуіне көптеген мемлекеттердің көмек қолын созуы мол ықпалын тигізді. Ел экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығында негізгі дақылдар – темекі, қант қызылшасы, жүгері және бидай.Сербиямен шекаралас ауданда жеміс-жидек, әсіресе өрік көптеп өсіріледі. Таулы аудандарда қой шаруашылығы дамыған. 
   Экспорты: текстиль, темекі және ауыл шаруашылығы өнімдері т.б
   Импорты: азық-түлік тағамдары, машина жасау өнімдері т.б  
   Негізгі сауда серіктестері: Хорватия, Германия, Италия, Словения.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
ВЬЕТНАМ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЙЦАРИЯ
АЛБАНИЯ
БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2231 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык