Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ


БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Біріккен Араб Әмірлігінің табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылысы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                      БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ
    БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ (БАӘ), әл - Ә м и р ә т әл¬-Араби әл-Муттахи¬да - Азиядағы Парсы шы¬ғанағының оңтүстік жағала¬уын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет.
Құрамына Әбу Даби, Дубай, Шараджа, Фуд¬жайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмір¬ліктері кіреді. 
Жері - 83,6 мың км2 
Астанасы - Әбу¬-Даби 
Халқы - 2,5 млн. (1997). 
Арабтар¬дан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады. 
Мемл. тілі ¬араб тілі. 
Діні - ислам. 
   БАӘ - федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалып¬тасқан. Әмірліктерді басқара¬тын билеушілердің барлығы Жоғ. Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан 5 жыл мерзімге президент сайлай¬ды. Федеративтік ұлттық ке¬ңес (40 мүше) - парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Ке¬ңесі жүргізеді. 
    БАӘ-нің жері Парсы шыға¬нағының оңт. жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көп¬теген ұсақ аралдарды қамти¬ды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Клима¬ты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа темп-расы 200С шамасында, шілдеде 30 - 350С-қа (кей¬де 500С-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жа¬зықтықта 100 - 150 мм, таулы аймағында 300 - 400 мм. Tұpaқты өзендері жоқ. Оазис¬терде жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі.
     Қазіргі БАӘ жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Б. з. б. 6 ғ-да бұл жер Ахемен әулеті¬нің қол астына қараса, кейін¬нен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатына бі-ріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты. 
    Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххаб¬шылдар үнемі күрес жүргі¬зіп келді. 18 ғ-да ағылшын¬дық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк та¬сымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір суру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұрт¬шылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыс¬тар болып тұрды. 19 ғ-дың басында Ост-Үнді компания¬сы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшарт¬қа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғ-дың 20-жыл¬дарынан бастап ағылшын¬дарға қарсы ұлт-азаттық қоз¬ғалыс өріс алды. 1968 ж. Ұлыбритания лейбористік үкіметінің шешімімен ағыл¬шын әскерлері БАӘ жерінен шығарылған соң, 1971 ж. әмірліктер федерацияға бірігеді. 1971 ж. 2 желтоқсанда тәуелсіз БАӘ құрылды. 1971 жылдан президент болып сайланған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайни (Әбу Даби билеушісі) әр 5 жыл сайын қайта сайланып келеді. 1990 жылдан премьер-¬министр қызметін Дубай би¬леушісі шейх Мактум бен Рашид әл-Мактум атқаруда. БАӘ Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қа¬зақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. танып, 1992 жылдан экон., мәдени, дос¬тық қарым-қатынас орнатты. 
    БАӘ ұлттық табысы жағынан жан басына шакқанда дұние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. 1994 ж. жалпы ішкі өнімі - 38,4 млрд. доллар жан басына шаққанда 16000 долл. құрады. Эконо¬микасының негізі - мұнай мен газ қорлары. Мұнайдың  барланған қорлары - 7 млрд. д т-дан астам. Табиғи газ қоры көлемі - 9,8 трлн. мЗ. Мұнайды экспортқа шығару елде көлемді  қаржы қорларын жинақтауға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары мұнай өңдеу, мұнай- химия, металлургия алюминий балқыту, цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. А. ш. нашар дамыған. Жерінің 0,3%-і ғана өңделеді, оның 17,2%-і суармалы  жерлер. Оазистерде құрма,  жүзім, көкөніс, мақта, т.б.  өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді.  Жалпы ішкі өнімінің 2%-і  а. ш-нан, 57%-і өнеркәсіптен,  40%-і қызмет көрсету салаларынан жиналады. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, Т.б.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ
ИРАК
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ
СИРИЯ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
ВЬЕТНАМ
КАМБОДЖА
АВСТРИЯ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3953 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык