Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » АУҒАНСТАН


АУҒАНСТАН

АУҒАНСТАН

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Ауғанстанның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                                 Ауғанстан
    АУҒАНСТАН, Ауғанстан ислам мемлекеті ¬Оңт. Батыс Азиядағы мемле-кет. Аум. 652,2 мың км2.
Ас¬танасы - Кабул (1,5 млн., 1992). 
Халқы 20,3 млн. адам (1993). 
Ауғанстан жері 29 уәла¬ятқа және 2 округке бөлінеді.
 Мемл. тілі - пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен, сүнниттер). 
   Табиғаты. Жерінің 3/4 бөлі¬гінен астамы таулы. Елдің солт.-шығысынан оңт.-баты¬сына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр (ең биік жері 6729 м). Оны  Ауғанстан¬ның солт. мен батысында Па¬ропамиз және Сафеднах жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңт-де Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңт.-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-¬Марго шөлдері жатыр. Клима¬ты субтропиктік, құрғақ. Шіл¬де айының орташа темп-расы 240С-ден 320С-қа, ал қаңтар айының орташа тeмп-pacы 00- тан 80С-қа дейін жетеді. Жау¬ын-шашынның жылдық орта¬ша мөлш. 350 мм-ден аспай¬ды. Ірі өзендері: Әмудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб. Кен байлықтары -мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар. 
    Тарихы. Қазіргі  Ауғанстан жерінің солт. бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңт. бөлігін қола дәуірінен мекендей бас¬таған. Б.з.б. l-мыңжылдықтың                          І-жартысында бұл жер¬де құрылған мемл-тердің бірі Бактрия болды. А. туралы алғашқы деректер б.з.б, 6 ғ-дан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахе¬мен әулеті билеген Парсы им¬периясының құрамында бол¬ды. Б.з. І - 4 ғ-ларында А. жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғ-дың 60-жылда¬рында А. жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағын¬ды. 7 - 8 ғ-ларда А. жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғ-¬да А. жерінде Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығыс¬қан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жау¬лап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлiнген А. жерінде 1747 ж. Ахмад шаh Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті ор¬нады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемл. ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаh әулеті де биліктен кeттi. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 ж. әмір атанды. Бұл уақытта А. жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842). Алайда ағылшын отар-шылдары А-ды басып алу ние¬тінен танбады. 1878 ж. Ұлыб¬ританияның 37 мың адамдық әскері А-ға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Aнглияның ба¬қылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманул¬ла хан А-ның тәуелсіздігін жа¬риялады. Англия мұны мой¬ындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 
   1973 жылға дейін А-да монар¬хиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, респ. жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 ж. желтоқсанда А-ға Ке¬ңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына¬на дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылған-нан кейін де Ауғанстанда азамат со¬ғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшырат¬ты. 1993 ж. Ресейдің Наджи-болла өкіметін қолдауын тоқтатып, моджахедтермен келіс¬сөз жасауға көшуі А-дағы әс¬кери -саяси жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Азияның көрікті қалаларының бірі ¬Кабул қатты қирады, оны барлық елдердің елшіліктері тас¬тап шықты. Ауғанстан тұрғындарының 1/4 бөлігі көрші мемл-¬терге (негізінен, Пәкстан мен Иранға) қоныс аударды. 1997 - 98 ж. ҚР-ның үкіметі Ауғанстан¬дағы қазақтарды көшіріп әкелді. Билікке ұмтылған әр түрлі саяси күштердің, ұлттық тәуелсіздікті көксеген этник. топтардың, "Талибан" қозға-лысының, Р. Дустум жасақта¬рының арасындағы қарулы қақтығыстары елде ұлттық келісімнің орнауына, ұлттық бірлік негізінде қайта жаңғы¬руға кедергі жасап отыр.  
   Экономикасы. А. - аграрлы ел. Экономикасының негізі ¬суармалы егіншілік пен мал ш. Өңделетін жерінің 70%-ке жуығы суармалы. Жалалабад каналы мен Сарда су қойма¬сы бар. Ұлттық табыстың 80%-¬ке жуығы а.ш-ның үлесінде, адамдардың 90%-тен астамы осы салада жұмыс істейді. Қой ш. жақсы дамыған. Со¬нымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, кү¬ріш, мақта, қант қызылша¬сы сияқты дақылдар өндірі¬леді. А. өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-мех. зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солт. ше¬карасында газ құбыры тартыл¬ған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіп¬орындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа, негізінен, қаракөл елтірісі мен жүн шығарыла¬ды. 1979 ж. басталған соғыс ел экон-сына көп зиян келтірді. Дүн. жүз. саудада импорт мөлшері өсіп, экспорт мүлде азайып кетті. 1995 ж. импорт 616 млн. АҚШ доллары мөл¬шерінде болса, экспорт 188 млн. долларға түсті, яғни үш еседен астам кеміді. Сондай¬-ақ дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі А. үлесі де 1985 жыл¬ғы 0,07%-тен 1995 ж. 0,05%-¬ке дейін шегерілді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ
БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ
ИРАК
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ
БРУНЕЙ
ВЬЕТНАМ
БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ
АЛБАНИЯ
БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3434 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык