Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » АЛБАНИЯ



АЛБАНИЯ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Албанияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, тарихы, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:                             Албания
    АЛБАНИЯ Балкан түбе¬гінің оңт.-батыс бөлігінде, Адрия, Ион теңіздері жағaлауын¬да орналасқан мемлекет. 
Мемлекет басшысы - президент. 
Жер аумағы - 28,7 мың км2 
Хал¬қы - 3,1 млн. адам (2005-ж) 
Ас¬танасы - Тирана қ.  
Әкімш.- аумақтық тұрғысынан 35 округке бөлінеді. 
Албания¬ның негізгі халкы - албан¬дap (96%-ға жуық). 
Халықтың - 75%-ы мұсылмандар. 
Ірі қала¬лары: Тирана, Дурри, Шко¬дep, Влера, Корча, Эльбасан. 
   Табиғаты. Елдің Адрия теңізі жағалayы ойпатты (ені 40 - 45 км) және едәуір бөлігі орманды келеді. Өсімдігі мен топырағына қарай төменгі  белдеу (1700 - 2000 м-ге дейін), таудағы орман¬ды белдеу (2000 м-ден астам). биік альпілік шалғынды белдеулерге бөлінеді. Климаты субтро¬пиктік жерортатеңіздік. Жа¬зық жерлерде жазда ауа райы құpғaқ және ыстық; шілденің орташа температурасы  24 - 250С, қысы жылы, ылғалды, қаңтар айының орташа темп-расы 8 - 90С-ты көрсетеді. Таулы жерлерде күн суық, әрі ыл¬ғалды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден астам. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкум¬бини, Семани, Вьоса;  басты көлдері: Шкодер, Охрид, Пре¬па. Негізгі кен байлықтары - хромит, мыс, никель рудала¬ры; тау етектерінде мұнай, битум шығатын жерлер бар. 
   Тарихы. Албания жеріндегі ежелгі халық - пеласгилер неолит дәуірінде өмір сүрген. Б.з.б. 2¬ мыңжылдықтaн бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. 2 ғ. өткеннен кейін оларды римдіктер жаулап алды. Рим империясы тарағаннан кейін Албания Византия кұрамына кірді (4-¬5 ғ.). Кейін Византия қарама¬ғында калған Даррахи қ-нан басқа жері Болғар мемл-не қосылды. 11 - 14 ғ-да да  Албания территориясы түрлі өзгеріс¬терге ұшырады. 14 ғ-дың ақырында түріктер  Албанияны өзде¬ріне бағындырғаннан кейiнгi мерзімде елде ислам діні та¬рала бастады. Албания  20 ғ-дың бас кезіне дейін Осман империя¬сының кұрамында болды. 1¬-Балқан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін, 1912 ж. 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздiri жарияланды. Бірақ іс жүзінде басқа мемл-терге тәуелді күйінде қала берді. 1-¬дүн. жүз. соғыстың соңында Албанияға грек, серб, италия әскер¬лері басып кірді. Кең көлем¬дегі халық қозғалысының нәтижесінде 1920 ж. 21 - 31 қаңтарда Албанияның тәуелсіздігі калпына келтірілді. 1939 ж. 7 сәуірде фашистік Италия  Албания¬ны басып алды. Елде қайта¬дан ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. Неміс басқыншыла¬ры жеңілгеннен кейін 1944 ж. 20 қазанда Уақытша демокр. үкімет құрылып, 1946 ж. 11 қаңтарда  Албания халық респ. болып жарияланды, наурызда конституция қабылданды. 1946- ¬91 ж. Албанияда бір партиялы (Ал¬бан еңбек партиясы, 1985 жыл¬ға дейін Э. Ходжа басқар¬ған) режим өмір сүрді. Соғыс¬тан кейінгі жылдары жер ре-формасы жүргізілді, кәсіпорындар, банктер, көлік және байланыс құралдары национа¬лизацияланып, ел экономика¬сы шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесіне көшірілді.
 1944 - 48 ж. Албания Югославия¬мен, кейін КСРО және Шығ. Еуропа елдерімен тығыз қа¬рым-қатынаста болды. 1949 ж. Экон. өзара көмек кеңесіне мүше болып қабылданды, 1955 ж. Варшава келісім шартына қол қойды, БҰҰ-на қабылдан¬ды. 60-жылдардың бас кезінен Албания КСРО-мен қарым-қатынас¬тарын үзді, 
1968 ж. Варшава ұйымынан шықты. 1976 ж. желтоқсаннан бұл мемл. Ал-бания Халық Социалистік Республикасы болып аталды. 1989 жылдан Албанияда жүргізіле бастаған түбірлі өзгерістер то¬талитарлық жүйенің жойылуы¬на әкелді. Елдің қоғамдық-¬саяси өмірін демократиялан¬дыру мемл.-құқықтық құрылымдардың жаңалануымен қатар жүрді. 1991 ж. сәуір ай-ында Албания респ-сы болып жарияланды. 1992 ж. наурыз айын¬да өткізілген кезектен тыс парламент сайлауында ел басқа¬ру тізгіні Демокр. партияға ауысты. 1996 ж. мамыр - ма¬усым айларында өткен парла¬мент сайлауында да Демокр. партия Халық жиналысында 87% орынға ие болды. Сыртқы саясатының басым бағыттары АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен ынтымақ¬тастық қатынастар орнату деп жарияланды. 
     Экономикасы.  Албания – аграрлы-¬индустриялы ел. Ұлттық табыс¬тың 
14%-і өнеркәсіптің, 55%-і ауыл шаруашылығы үлесіне тиеді (1990). Пай¬далы кен қазбалары: мұнай, табиғи газ, лигнит, хром, мыс және темір-никель кендері. Ауыл ш-ның негізгі саласы - eгiн ш. (барлық егістік жерінің 60%-інде дәнді дақылдар өсі¬ріледі). Экспорт сыртқы сау¬да айналымының үштен бірін құрайды. Сыртқа тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады. Басқа елдерден түрлі машиналар мен құралдар, өнеркәсіпке қажетгі шикізат, тағам әкелінеді. Әкімш.¬әміршілдік жүйені нарықтық қатынастар механизмімен ауыстыруға бағытталған экон. реформалар шаруашылық және қаржы-қаражат жүйесінің дағдарысы, тұрмыс нар¬қының қымбаттауы жағдайында жүзеге асырылуда. Жан басына шаққанда ұлттық табыс жылына 300 - 400 долларға дейін төмендеді (1996).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
АУҒАНСТАН
ИРАК
БРУНЕЙ
ВЬЕТНАМ
КАМБОДЖА
БАНГЛАДЕШ
АВСТРИЯ
ШВЕЙЦАРИЯ
БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2281 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык