Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Не? Қайда? Қашан?


Не? Қайда? Қашан?

Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?

Мақсаттары: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын дамыту, оқушыларды табиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: ойын үстелі, сұрақтар, суреттер, қара жәшік, зырылдауық, тордағы қоян.
Құрал-жабдықтар: теледидар, музыкалық орталық.
Ойын барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
  Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, оқушылар. «Не? Қайда? Қашан?» атты танымдық ойынға келіп отырсыздар. Бүгінгі ойынға  4 оқушы қатысады. Себебі, олар тест арқылы іріктеліп алынған оқушылар. Ойынды бастамас бұрын сұрақ қою арқылы бүгінгі ойынның тақырыбын тауып алайық.
- Қазір қай жыл мезгілі? Күз айларын ата.
- Қасқыр үлкен, ал кірпі?
- Күзде ауа-райы қандай болады?
- Аңдар неге жуынады?
- Өз үйін өзімен ала жүретін жануар?
- Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ, әріне табиғат жайлы.
2. Ойын ережесімен таныстыру
  Әр тапсырманы ойлануға 2 минут беріледі. Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. Нақты, толық жауаптпр ғана есепке алынады. Жанкүйерлердің жауабы саналмайды.
3. Ойын барысы:  1-сұрақ:
(теледидардан)
Сайыскерлерге қарсы 1-сынып жетекшісі Қ.Ә Нұрмағамбетова ойнайды:
-  Төле би бабамыз қай құсты киелі құс деп санаған?
    Жауабы: Төле би бабамыз қарлығашты қасиетті құс санап, көшпеген.
2-сұрақ:
(теледидардан)
Сайыскерлерге қарсы 5 сынып оқушысы Мүсен Бахытгүл ойнайды:
-  Мен бірде сабақтан келе жатсам, көрші атайдың жапырақты көміп жатқанын көрдім. Қалай ойлайсың, оның қандай пайдасы бар?
   Жауабы: шіріндісі көп топырақ құнарлы болады. Келесі жылы мұндай топырақта өсімдік жақсы өседі. Күзде адамның түскен жапырақты жинап жерге көміп шірітетіні осыған байланысты.
3-сұрақ:
Орманшы сұрағы. Блиц-турнир:
-  Сендер орманға баруды жақсы көресіңдер, бірақ орманда өздеріңді дұрыс ұстай білесіңдер ме? Мына экологиялық белгілерге қарап, тыйым белгілерін атаңдар. 
 Жауабы: 
Ормандағы ағаштарды кеспе!
Құмырсқаның илеуін бұзба!
Құстарға, құс ұясына тиіспе!
Гүлдерді жұлма!
Орманды өрттен сақта!
4-сұрақ: 
Блиц-түрнир. Білімділерге қарсы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дәулет-ағай ойнайды:
-  Жұмбақ суретті қарап менің не салғанымды айтыңдар?
Жауабы:
1.Қоян томардың арғы жағында отыр.
2.Аю ағашқа өрмелеп бара жатыр.
3.Құмырсқа саңырауқұлақтың артында тығылып тұр.
5-сұрақ:
Қара жәшік.
3-сынып жетекшісі Рая Қожақызы:
 -  Бұл аңда жаудан қорғанудың 2 тәсілі бар, ол бүркеніш реңі және аяғы. Тез жүгіреді және тез секіреді. Ол тек тез қашып қана қоймай, қауіпсіз жерге қысқа, тез жетудің жолын біледі. Кейде оған бұл қасиеттері көмектеспейді. Онда ол шалқасынан жата қалады да артқы аяқтарымен қорғанады.
Жауабы:
  Бұл әрине қорқақ та, аңғал қоян болатын.
Тордағы қоянды әкелу.
6-сұрақ:
3-сынып оқушысы Нұртазинова Ляззат:
-  Адамдар мен туралы небір аңыз, ертегілер айтады. Оларға біздің қараңғыны көретініміз, басқа құстарға, аңдарға ұқсамайтынымыз ұнамайды. Бірақ, біз адамның жауы емес, досымыз ғой. Біз басымызды төмен қаратып үйықтаймыз.
Жауабы:
  Жарғанат.
7-сұрақ:
  Жанкүйерлермен ойын.
- Әлемдегі ең кішкентай құс?
                                                (калибри)
- Қай құс жұмыртқа баспайды? Өз атын қайталайды?
                                                  (көкек)
- Әлемдегі ең үлкен құс?
                                                 (страус-тұйеқұс)

- Ағашты тазалайтын орман санитары?
                                               (тоқылдақ)
- Жануарларға қажет жағдайларды ата.
                                               (ауа, су, жарық, қорек, жылу)
-  Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал.
                                               (компас)
-  Өсімдікпен де, бұдақденелілерімен де қоректенетін құс.
                                                (торғай!
-  Құлағы үлкен жануар?
                                                (піл)
-  Улы жылан?
                                                 (кобра)
8-сұрақ:
Муз.пауза: би 8-сынып оқушылары
9-сұрақ:
 Бастауыш сынып мұғалімі Шойбекова Н .Е. сұрағы:
   -  Сен отбасымен бірге орманға бардың. Онда от жағып, картоп пісірдіңдер, кәмпіт жедіңдер, сусын іштіңдер, балық консервасын жедіңдер. Үйге қайтарда сендер не істедіңдер?
10-сұрақ:
Блиц-турнир.
Алия Қамальбековнаның сұрағы:
- Қандай қателік кеткен?
  Бір күні досым екеуміз орманға бардық. Күзде орманда тыныш, тек қана тырна мен қараторғайдың даусы ғана естіледі. Жақында қар жауған, содан кейбір аңдардың ізі көрініп жатыр. Міне, қоян жүгіріп өтті. Тағы әрі қарай жүріп едік, емен ағашы көрінеді. Соның жанында дем алып отырдық. Досым Айгүл тиіндер көрінбейді ғой, - дейді. Сен білесің бе, тиіндер қыста ұйықтайды ғой дедім. Қайтар кезде жиналған шөптің қасынан көп із көрдік. Е, бұл жерден қасқыр тышқан аулаған шығар деді досым. Біраз уақыттан соң біз үйімізге қайттық.
Жауабы:
Тырна мен қараторғай жылы құстар.
Тиіндер қыста ұйықтамайды.
Қасқыр тышқан ауламайды, аулайтын түлкі
11-сұрақ:
Муз.үзіліс:
Тамашаның орындауында өлең.
12-сұрақ:
Логикалық сұрақ.
- Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында да емес. Онда гүлдер қалай орналасқан?
Жауабы:
Сары, көк, қызыл.
Қорытынды. Марапаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ормандағы саяхат»
Орманда
​Қоян мен бұғы.
Жабайы аңдардың қысқа дайындығы
Жануарлар әлемінде
Брейн-ринг ойыны
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Не? Қайда? Қашан? интеллектуалды ойыны
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
«Қыс қызығы».
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4047 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык