Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мониторинг


Мониторинг

Мониторинг

Оқушылардың жалпы білімі жақсы, сынып ұйымшыл, барлығы тұрмыс –жағдайлары жақсы отбасында тәрбиленіп отыр. Оқу жылының соңында 
барлығы 6 қыз, 6 ұл , 12 оқушы аяқтап отыр.Оқу сапасы өткен жылмен салыстырғанда 1 %-ға кеміп отыр.Өткен жылды сыныпта барлығы13 оқушы аяқтаған.
2009/2010 оқу жылы бойынша жылдық қорытынды         2010/2011 о.ж. жылдық
Озат   6                                                                                        Озат          5  
Екпінді    6                                                                                  Екпінді      6                            
Сапа:         92%                                                                           Сапа          91 %
Үлгерім      100%                                                                       Үлгерм       100 %
Қазақ тілі пәні аптасына 4 сағаттан 136 сағат бекітіліп,оқытылды. Жыл бойы 15 жазба жұмыстары алынды. Оның диктанты-8, шығармасы-3, мазмұндамасы-4. Қазақ тілінен әр тоқсан сайын 2 жазба жұмыстан  алынып тоқсандық көрсеткіштері мониторинг арқылы көрсетіліп отырады. 
Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстары мынындай тақырыптарды жазылды: «Мейірім», «Мен бейбітшлікті қолдаймын» , « Қысқы тіршілік» ,
«еңбек –ер атандырады» , «Дән» , «Балшық», «Шуақты көктем келді», «Қамқоршылар», «Шағала» , «Кешкі дөң басында» тағы басқа әр тоқсн сайын 5 қорытынды тест жұмыстары алынды. Бұл жазба жұмыстары оқушыларды өздігінен ойлануға , сөздік қорларын дамытуға , жоспар құра білуге , жауапкершілікке жетелейді.Сонымен қатар жазу каллиграфиясын жақсарту, сауатты, таза жазуға қалыптастырады. Әр сабақта оқушылармен сауаты, көркем жазуға сөздік, ескерту, есту диктанттарын ,көркем
сөйлей  білуге жетелеу мақсатында сурет бойынша әңгіме құрастыруға, ойдан эссе шығаруға  , бес жолды өлең құрастыру жұмыстарын орындатамын.Оқушылар сөйлемді сөз таптарына ,сөйлем мүшелеріне,сөз құрамына талдауды дыбыстық талдау жасауға машықтанып алды.Жазба жұмыстарының әр тоқсандағы сапа көрсеткіштері
Әдебиеттік оқу пәні  аптасына 4 сағаттан 136 сағат бекітіліп, оқытылды Әдебиеттік оқу пәнінен жыл бойы 10 жазба жұмыстары алынды (шығарма -4, мазмұндама -6) .10 тарау бойынша  тест тапсырмалары алынды .
Әр тоқсан сайын алынған тест тапсырмаларының қорытындысы
 
Әр апта сайын оқу шапшаңдығын тексеріп , мониторингі шығарылып отырылады.Оқу жылының басында 75 пайызды көрсетсе.оқу жылының соңында 91пайызға көтеріліп отыр.Оқушылардың мәнерлеп ,түсініп оқу дағдысы қалыптасқан.
Математика пәні бойынша аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат бекітіліп, оқытылды. Математика пәнінен көбейту кестесін .амалдардың орындалу тіртібін, өрнек құру және мәнін табу, теңдеу шешу, логикалық ойлау есептерін орындап, фигуралардың периметрін, аудан,көлемін таба білуге үйренді және меңгерді. Оқушылардың барлығы берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындай алатын жағдайда. 3 сыныпта стандартқа сай әр тоқсан сайын 2 реттен 8 бақылау жұмысын, 11 өздік жұмысын алдым.. Сонымен бірге оқушыларға арифметикалық амалдардың мәнін табуға, амал компоненттері мен нәтижелерінің арасындағы тәуелділікті тағайындауға негізделген  ауызша есептерді де ұсындым.
1   2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
3а 58 81 63 72 91 81 63 50 63 66 60
өсу 23 9 19 13 3
кему 8 10 18 13 6
 
 Дүниетану пәні бойынша аптасына 2 сағаттан жыл бойы 68 сағаттан бекітіліп оқытылды. 
Дүниетану пәні бойынша жыл бойы 6 тараудан тест тапсырмаларын алдым.Тараулар мынадай бөлімдерден құралды:
*Адам ағзас және оны күту
*Адам және табиғат
*Ауаның жер бетіне таралуы
*Өсімдіктер мен жануаолардың көп түрлілігі
*Адам және қоғам
*Біздің Отанымыз- Қазақстан
Дүниетану пәнінде оқушылар табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айтып ,өз ойларын ортаға сала алады. Біздің халқымыздың өмрі табиғатпен тығыз байланыста өткен.Сондықтан жаратылыс әлемін қастерлеп қарап, аялау әр оқушының міндеті. Келешекте мұның барлығы бағдарламаға енгізіледі.Алдағы уақытта ескеріледі.
 
Оқу жылының соңында :
1. Оспанов Нұрсәт
2. Жұмажанов Асылжан
3. Сыязбай Әлихан
4. Секербаева Тоғжан
5. Мусин Әділ оқу озаттары болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Осы 2010/2011 оқу жылында 5 оқушы II облыстық «Сарыарқа дарыны» зияткерлік сайысына қатысса:
1. Мусин Әділ
2. Сыязбай Әлихан
3. Қаныбек Жалғас
4. Секербаева Тоғжан
5. Жұмажанова Асылжан
3 оқушы II Бастау» математикалық турнирге қатысып сертификатпен марапатталды.
1  Оспанов Нұрсәт
2. Сыязбай Әлихан
3. Қаныбек Жалғас
 Балалардың «Балдырған» журналының 2010 жылғы №12 санына Секербаева Тоғжан мен Сыязбай Әлиханның өлең шумақтары шықты.
Егеменді еліміздің 20 жылдығына байланысты Аудандық VIII жас орындаушылар байқауына қатысып, Касым Аманжоловтың әнін ерекше орындағаны үшін Жұмажанов Асылжан I орынға иеленді. Сол сияқты « Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты аудандық байқауға қатысып арнайы дипломмен марапатталды.
Мектеп оқушылары арасында өткен VIII аудандық Абай оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша IIIорын алды
2011/2012 оқу жылында бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытуда Қ.Р.Білім және ғылым министрлігінің 09.07.10 ж. № 367 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта білім берудің міндетті стандарты басшылыққа алынды.Биылғы жылы 4а сынып оқушылары «Атамұра» баспасынан шыққан  оқулықтармен оқытылды. Математика оқулығы «Алматыкітап» баспасынан шыққан оқулықпен оқып отырмыз.2010/2011 оқу жылына ұсынылған әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа отырып Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі,әдебиеттік оқу оқулығынан басқа балалар энциклопедиясы-98, қосымша тілдерін дамыту мақсатында суретті сөздіктерді, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер жинақтарын балаларға арналған «Айгөлек»,  «Бала би» ,«Мөлдір бұлақ»,  «Балдырған», «Ұлан» , «Қызықты математика», «Логикалық ойлау есептері» т.б басылым-журналдарын пайдаландым.
Мемлекеттік стандартта:
    Әдебиеттік оқу пәнінен жоспар бойынша  жыл бойы барлығы 136 сағат жоспарланған.Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова алматы «Атамұра» 2011жыл 3-басылым,өңделген. Оның «Халық ауыз әдебиет үлгілері», «Өшпес өмір өнегелері», «Балалаық шаққа саяхат» ,»Туған өлкем-тұғырым», «Әлем әдебиет үлгілері» бөлімдері бойынша 7 тест тапсырмалары, 7мазмұндама және 4 шығарма алынды..
     Қазақ тілі пәнінен жоспар бойынша  жыл бойы барлығы 136 сағат жоспарланған. Авторлары: Г.И. Уәйісова , Ә.Е. Жұмабаева Алматы  «Атамұра» 2011жыл, 3-басылым,өңделген. Жыл бойы 3мазмұндама, 2шығарма, тоқсандық 3жазба жұмыс және тест тапсырмалары алынды.
    Математика пәнінен жоспар бойынша  жыл бойы 170 сағат жоспар-
ланған.Авторлары:Ә.Б. Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова Алматыкітап баспасы 2011 жыл.жыл бойы  12 өздік жұмысы және 13 бақылау жұмысы алынды.
 
   Дүниетану пәнінен жоспар бойынша  жыл бойы 68 сағат жоспар-
ланған. Авторлары:К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағанбетова, Қ.Аймағанбетова, Қ.Жүкешев Алматы «Атамұра» 2011 жыл 3-басылым, өңделген. «Адам-қоғам перзенті», «Табиғат», «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары», «Дала және шөлді аймақтар», «Ғарыш дегеніміз не?», «Қоғам» тараулары бойынша тест тапсырмалары алынды.  Жалпы әр пәннің өз ерекшеліктері болады.Сол ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып пәндер бойынша сыныпта төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың сөздік қорын молайту үшін,жаңа сөздің мәнін, мағынасын жете түсіндіріп,белсенді сөздік қорын арттыру мақсатында әр түрлі шығармашылық тапсырмалар орындалды.Ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпашт.б түрлерін қолдандым.Тіл дамыту жұмысы-күрделі де шығармашылық үрдіс.Тіл дамыту ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілік,өз сұранысын айтуға талпынуынан туады.Оқушылардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі ертегілер.Әдебиеттік оқу пәнінен «Ең жақын кім адамға?» тақырыбында оқушылар рөлдерде ойнап, ертегіні сахналады. «Билердің шешендігі» тақырыбында 20.09.11күні «Шешен сөздер» сайысын, сонымен қатар оқушылар арасында «Жұмбақ айтысы» ұйымдастырылды.Оқушылар өз ойларынан өлең жолдарын құрастырып жұптасып,бір-бірімен айтысты.Қазан айында «Алтын күз» мерекесі және тілдер мерекесіне орай мектепте 5а сынып оқушыларымен «Тілім барда айтылар сөз ойдағы» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткіздім. Бұл сайыста өз сыныбым білім жағынан басымдылықтарын көрсете білді. 20.10 күні интерактивті тақтамен «Жусан иісі» тақырыбында сабақ өткіздім.Қазақ тілі пәнінен 14.11 күні «Құрмалас сөйлем» тақырыбында интерактивті тақтамен сабақ өткіздім. Иновациялық және ақпараттық оқытуды жүзеге асыруда сыныпта жаңа технологияны қолданамын: сын тұрғысынан ойлау және жазу, топтастыру, Қараевтің деңгейлеп оқыту технологиясын қолданамын Сонымен қатар интерактивті тақтамен «Күрделі сөздер» тақырыбында ашық сабақты өткіздім. Математика пәнінен 1тоқсан соңында №1 қазақ орта мектебінің 4 сынып оқушыларымен «Білімді мыңды жығады» атты интеллектуалды сайыс өткіздім.Бұл сайыстағы білімдері ұпай бойынша тең түсті.Сонымен қатар сыныбымдағы Жұмажанов Асылжан Қасым әндерін орындаудан мәнерлеп оқу сайысына қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.
 4 сыныптар арасында өткен мектепішілік олимпиадаға қатысқан 9 оқушының
 7-еуі 1-2-орындарға ие болды және марапатталды. Математика пәнінен 1-орын алған оқушылар Сыязбай  Әлихан,Секербаева Тоғжан ,Исатай Индира 2-орын алған Жұмажанов Асылжан болды. Қазақ тілі пәнінен 1-орын алған Оспанов Нұрсәт, Ақмәди Аяулым, 2-орын алған Құрал Жанайым болды. Бұл оқушыларды білім дәрежелерін өте жоғары көрсеткендері үшін ерекше атап өткен жөн.
Сол сияқты сынып оқушыларымен бірнеше түрлі жұмыстар, түрленген сабақтар, тәрбие сағаттарын , сыныптан тыс шаралар ұйымдастырып өткіздім.Күзгі демалыста спорттық сайыстарға қатыстық.желтоқсан айында мектепішілік «Айгөлек» бағдарламасына би және әннен өнер көрсетті. Секербаева Тоғжан ән орындаудан екінші кезеңге өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты бастауыш сыныптар арасында  Қазақстандағы көп ұлттар достығын нығайтуды насихаттау мақсатында «Ақпыз,сары,қарамыз» атты фестиваль өткіздік
«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздім.
«Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру» тақырыбында педагогикалық кеңесте баяндама оқылды. Әр пән бойынша тоқсандық, жылдық сапа білімдерін өлшеу мониторинг жүргізу жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұрады.
Қазақ тілінде әр тоқсан сайын  жазба жұмыстары алынды, оның тоқсандық көрсеткіштері төмендегідей: Оны мониторинг арқылы көрсетіп отырамын.
Мониторинг- жүйелі түрдегі үздіксіз қандай да бір үрдісті, бастапқы нәтижемен соңғы нәтижені салыстыру мақсатында құрылады.
1-жарты жылдықтың қорытындысы бойынша барлық бағдарламада берілген сағат сандары толық орындалды және сапа көрсеткіштер стандарт талабына сай , бағдарламаны меңгеріп отыр.Кеткен кемшіліктер қазақ тілі пәнінен 7%-ға кему себебі: жазба жұмыстары және талдау жұмыстары бойынша төмен нәтижелер көрсеткендіктен.Сонымен қатар оқушылардың оқуш шапшаңдықтарынан да кемшіліктер кетті.Кейбір оқушылар сөздерді қате оқиды, жалғауларды шатастыру сияқты олқылықтар болды.Кездескен олқылықтарды жою мақсатында жұмыстар жасалып жатыр. 
Ал жетістіктерге тоқталсақ: дүниетану пәні бойынша 1жарты жылдықта 7%-ға өскендігін көрсетті. Бұл жетістік.Сонымен қатар жыл бойы 4а сынып оқушылары «Ақбота» интеллектуалды сайысына Сыязбай Әлихан,Оспанов Нұрсәт, Аманбеков Нурхат,Мусин Әділ,Құрал Жанайым, Жұмажанов Асылжан қатысып сертификатпен , «Кенгуру» республикалық сайысқа Ақмәди Аяулым,Құрал Жанайым,Мусин Әділ, Исатай Индира қатысып 
2 орынға ие болып,дипломмен, математикадан облыстық х аймақтық олимпиадаға 4оқушы қатысып,оның ішінен Оспанов Нұрсәт 3 орынға ие
Болып мақтау қағазымен марапатталды.
Сәуір айында «Бастау» сайысына Ақмәди аяулым, Құрал жанайым, мусин Әділ, Қаныбек Жалғас және сыязбай Әлихан қатысты.Оның қорытындысын
тосудамыз.Ауданымызда өткен «Балдаурен» атты балалардың ән байқауына сыныптан Ахметова Арайлым қатысып марапатталды.Келесі оқу жылында бұдан да көп жетістіктерге жетеді деген сенімдемін
Ұсыныстар: Келесі оқу жылында оқу шапшаңдығын жақсарту, сауатты жазуға үйрету мақсатында бірнеше жұмыс түрлері жүргізілсе және оқушыларды ғылыми жұмыспен айналысуға тарту керек.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
АДАМЗАТ - ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ
Батық ЖОББМ оқу –әдістемелік жұмысы
Батық орта мектебінің 2013-2014 оқу жылында оқушылардан алған бақылау, кесінді жұмыстарының қорытындысы туралы анықтама.
Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат
Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары
Жас қаламгер үйірмесінің бағдарламасы
Қызықты математика әлеміне саяхат
Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бойынша мәліметтер
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9414 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык