Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері.


Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері.

Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері.

Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері». 

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: «Көмекші есімдер»

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан жер аймақтары»  модуліндегі  берілген  тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып көмекші есімдермен таныстырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану

Сабақтың міндеті:

а) Білімділік:  «Қазақстан жер аймақтары»  модуліндегі  берілген  тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып көмекші есімдермен таныстырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану; 

б) Дамытушылық: Қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту,оқушылардың ой өрісін дамытып тілді еркін меңгеру қабілеттерін арттыру;

в) Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға баулу.                          

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, СТО стратегиясы,суретпен жұмыс.           

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.                                                                                                  Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.                                                                                           Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақтасы, суреттер, кестелер, тірек сызбалар.     Пәнаралық  байланыс:  география, биология, әдебиет, музыка.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгелдеу, смайликтер арқылы оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Қобдишадағы сұрақтар бойынша  жұмыс.

ІІІ.Өткен материалдарға шолу.

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс,шылаулар түрлері.

ІV. Ой қозғау

Жер байлық тақырыбы.

 Суретпен жұмыс;

V.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: « Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері».

а) Тапсырма. Мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс.

Тапсырма.Үлестірмелі қағаздағы тапсырма бойынша жұмыс. Мәтінге байланысты берілген сөйлемдерді толықтырып жазу.

б) Грамматикалық тақырып.

Көмекші есімдер. Ережесін түсіндіру.

Бүгін біз көмекші есімдердің лексика-грамматикалық белгілерімен танысамыз.

Көмекші есімдер зат есімдер сияқты септеледі: қасында, маңынан, жанымен,т.б

Көмекші есімдер қандай тұлғада тұрса да, өздерінен бұрынғы сөздің  ілік септікте тұруын қажет етеді: үстелдің үсті, ауылдың арасы, т.б

Көмекші есімдер деп мағыналары бірде сақталып, бірде солғындалып, өзге сөздермен тіркесіп қана сөйлем мүшесі бола алатын сөздерді айтамыз .

Кейде зат есімдерше де дербес қолданылады: Ішім- өлген, сыртым -сау.

Балалар  сонымен көмекші есімдер дегеніміз не?

Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды  қойып  жазыңдар. Көмекші есімдерді табыңдар.

Тапсырма. Сөйлемдегі көмекші  есімдерді  тіркесіп тұрған  сөзбен бірге дәптерге көшіріп жазу.

В) Фонетикалық  жаттығу. « Табиғат»  өлеңі.                                                                                               

1) Өлеңді мәнерлеп оқу.

2) Қазақ тіліне тән дыбыстар  қай сөздерде бар?

3) Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып астын сызыңдар?

 

VІ.Бекіту.

1) Гипс, әктас Қазақстанның қай облыстарында  өндіріледі?

2) Орталық Қазақстанда қандай кен орындары бар?

3) Қазақстанның қай облысы полиметалдарға бай?

VІІ.Оқушыларды бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: Көмекші есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Табиғат, қоршаған ортаны қорғау туралы мақал - мәтелдер,қанатты сөздер жазып, жаттап келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астана. Көмекші есімдер.
Ғарышкер деген кім?
Көмекші есімдер
Көмекші есімдер, Астана қаласы
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
Сөздердің түрлері
Шылау
Қазақстан табиғаты. Жалпы және жалқы зат есімдер
Біздің қала. Біздің ауыл
Астана қаласы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4051 | Қосты: Самарханов Ергенболат Құрмашұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык