Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіл мерейі - ел мерейі


Тіл мерейі - ел мерейі

Тіл мерейі - ел мерейі

Тақырыбы: «Тіл мерейі - ел мерейі»

Күні: 15.09.14

Мақсаты:

• Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру;

• қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд

Өткізілу формасы: слайдты көрсетілім

 

Кіріспе

 Тәрбиеші сөзі:  Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде деп білеміз. Бүгінгі біздің «Тіл мерейі-ел мерейі» атты апталық сабағымызды бастаймыз.

 

 

            

Мақсатын келетін болсақ:

 

             

   Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

«2008 - жыл тілдер жылы» болып жариялануына орай бүгін сіздермен тілдер жайлы айтпақпыз.

     Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Осыған орай сіздерге бір шумақ өлең жолдарын оқып бергім келіп отыр.

              

 

     Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналды. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі». Біздің ақын-жазушыларымыз да тіл туралы керемет айтқан даналық сөздері бар. (Слайдты көрсетілім)

 

                  

 

 

             

 

Яғни бұл жерде айтылмақ болған ой:        

 

    Тәрбиеші:  Русский язык – это не только национальный язык русского народа, это язык межнационального общения. Язык – это окно в мир. Чем лучше ты владеешь языком, тем больше прав у тебя называться человеком! 
     Good day dear guests and students.

Welcome to our party. I’m glad to see you at our competition, which will be help in the form of competition between our students. I’ m sure you will demonstrate what you know about three languages.

     Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын! 

Бұл жерде менің айтпақ сөзім «Өзге тілдің барін біл, өз тіліңді құрметте».

  Тілдер гармониясы. Тілдер гармониясы дегеніміз – тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүруі. Бұл көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз етеді. Дүниенің сұлулығы, табиғаттың кереметі – ондағы сан алуан түстердің гармониясы болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы – әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше». 

   «Үштілділік» бағдарламасының негізінде

 

қазақ тілі               орыс тілі           ағылшын тілідерін

меңгеру көзделуде.

          Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.

          Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.

  1.  «Аламан бәйге»
  2. «Қазақ хрестоматиясының» авторы?   (Ы.Алтынсарин)
  3. Give the translation of this word «Railway»  (теміржол) 
  4. Кому, чему? Қай падеждің сұрағы?    (Д.п.)
  5. When was born Abai Kunanbaev?     (1845 ж.) 
  6. «Абай жолы» авторы?    (М.Әуезов)
  7. Части речи, обозначающая предмет? (Существительное )
  8. Орысалфавитінденешеәріп?  (33)
  9. Give the translation of this word «knowledge»  (Білім)
  10. Құрмалассөйлемніңнешетүрібар? (3)
  11. How many seasons in the year?  (4) 
  12. Орыс тіліндегі тұрлаусыз мүшелері (Определ.,дополн.,обстоят.)
  13. Антоним қандай сөздер?   (мағынасы қарама-қарсы)  
  14. Give the translation of this word «Parents»  (ата-ана) 
  15. Слово «белый» по отношению к слову «черный»   (Антоним )
  16. Give the translation of this word «Friend»  (досдруг) 
  17. Тұрмыс-салт жырлары қандай әдебиетке жатады?  (ауыз әдебиеті)
  18. Неопределеннаяформаглагола     (Инфинитив ) 
  19. Give the translation of this word «Passenger» (жолаушы)

2.   «Жеті жұрттың тілін біл»

(мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту керек)

1. Тіл тәтті, бауыр қатты. ( тіл - язык - language)

2. Егер тілім ертең болса құрымақ

    Мен дайынмын өлуге бүгін - ақ (ертең - завтра - tomorrow)

3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз (сөз - слова - word)

4. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе (оқы - читай - read)

5. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте(бет - лицо - face)

6. Алтын күн бағасыз бір белгі боп,

     Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың. (күн - солнце - san )

7. Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік. (адам - человек - person)

8. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желік бас

    Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас. (халық - народ - people )

9. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука - hand)

10. Ақыл көркі көңіл, тілдің көркі сөз. (Ақыл - ум - mind)

   

 

 

 

 

Тәрбиеші сөзі:   Оқушылар сіздерге кысқаша ғана ақпарат оқып берсем деймін.          

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МҰҢЫ

Міржақып Дулатов

(Мыңбайұлы Жалау жолдасқа)

Ақиқат. 2012 жыл, №8

 

          Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлындай сайраған тілі едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.

          Енді қандаймын?

          Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.

          Мен не көрмедім?

          Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндері мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Әліде ұшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

          Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.

          Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Жаны жәндем кеткір миссионерлердің, молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ, не керегі бар, босқа қуанған екенмін...

          Енді, қайтем? Бұл мұңымды кімге айтамын, кімге шағамын!

          Менің ойлап-ойлап тапқаным – Жалау жолдас, сен болдың. Сен өкімет басындағы ақсақалымыз едің. Сен нағыз қазақтың бел баласы едің. Сен адырайған адай едің! Мұңымды мен жалғыз-ақ саған шағамын. Өзге комиссиялардың көбіне сенбеймін. Олардан да Газетке арналған сөздерін сусылдатып орысша жазады да, шала-шарпы тілмаштарына аудартып, жанымды шығара жазбайды. «Тасты жапалаққа ұрса да, жапалақ өледі, жапалақты тасқа ұрса да, жапалақ өледі» дегендей, бәз-баяғы менің сорым.

          Жалаужан, мен саған жалынам, «ауыл тілін» шығарамын, газетім нағыз ауыл тілімен, таза қазақ тілімен жазылады дегенде, ішім елжіреп кетеді. Мұңына тілектеспін. Жортқанда жолың болсын не керегіңе мен дайынмын. Бірақ, мені қорға, таза сақта, көрінген тілмаштарыңа тағы да қор қылма, ая мені!

 

«Ауыл тілі», 27 июль 1926ж.№1.

 

      “Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр…

Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек”.

                                                                                                            Міржақып Дулатов

 

 

4. Ой толғау (оқушылардың өз ойлары)

   «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

5. Қорытынды

      Міне, оқушылар тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу - уақыт талабы.Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз. Мен сөзімді Сырбай Мәуленовтың  тіл туралы өлеңімен аяқтағым келеді.

Сол тілммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім!

Міне, бүгінгі біздің сабағымызда аяқталды. Және осы сабақпен шектеліп қана қоймай үйге «тіл» туралы шығарма жазып келуге тапсырма беремін. Сабаққа ден қойғандарыңызға рахмет!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекеттік тіл 3- сынып
Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні
Тіл байлығы-ел байлығы
Мемлекеттік тілді білу – парыз
Тапқыр достар
Тіл- тарихи құбылыс
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Ана тілім – асыл қазынам!
"Ана тілің - арың бұл" әдептілік сабағы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8016 | Қосты: Гүлжан Парманқұлова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык