Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Радио және теледидар


Радио және теледидар

Сабақ тақырыбы: Радио және теледидар

Жалпы  мақсаты: Радио мен теледидардың қазіргі заманда адамзатқа маңыздылығын түсіндіру. 
Міндеттері: Оқушылардың өзіндік пікірін  қорғай білуге,өзгенің жауабын бағалай білуге дағдыландыру. Топта жұмыс жасай білу дағдысын игеру . Сөздік қорын молайту, сауатты жазуға дағдыландыру. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге,  сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.
Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлауға, өз - өзін бағалауға,ойын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
Негізгі идеялар: Өз ойын басқа оқушылардың ойларымен ұштастыра білу, жұмыс барысында алмаса білу.
Психологиялық дайындық: Шеңберге тұрып,  бір – бірімен казақша, қытайша және нигерияша   амандасады.(2 мин)
Топқа бөлу:Қазақ теледидар арналарының аттарымен бөлу. «Хабар», «КТК», «Қазақстан -Атырау» "(2мин)
Әр топтан сарапшы тағайындалады және бағалау парақтарына жинаған ұпайларын тіркеп отырады. Сабақ соңында санап бағалайды.
1 Тапсырма: Өткен сабақтарды қайталау. Блум кубигі арқылы  үй жұмысын тексеру және өтілген тақырыптарды қайталау. (5мин)
Оқушылар: Сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім: Стикерлер арқылы бағалайды. Қызыл- 5 балл, сары – 4 балл, жасыл – 3 балл.
Ресурстар: оқулық және дәптер.
2 тапсырма:  Үш топқа өзара сұхбаттасу. "Жұптық жұмыс"(5мин)
                        1 –топ. Радиожанрлардың  қай түрі  ұнайды және себебін айту?
                       2 топ. Қандай радиодан немесе теледидардан жаңалықтарды  
                                    тыңдағанды ұнатасыңдар? 
                       3 – топ. Үйде радионың күнде қосылып тұрғанын ұнатасың ба?
Оқушылар: Өз ойларын бірлесе отырып ұштастырады.Әуелі екі оқушы, кейін топпен.
Мұғалім: Бақылайды және смайликпен бағалайды.
3 тапсырма:Әр топ өз көзқарастарын жазу және рөлдік ойын арқылы дәлелдеу. (7мин)
1-топ - теледидар адамды еріншектікке апарады.   
 2-топ - теледидар белгілі әртістермен танысуға мүмкіндік туғызады.
3 топ - теледидар  жастарды жақсы  жаққа тәрбиелейді.
Оқушылар:  бір - бірімен ақылдасып, көрініс арқылы ойын жеткізеді.
Мұғалім:   топтарды жетонмен  бағалайды.
Ресурстар:А3, маркерлер, стикерлер.
Сергіту сәті: бейнетаспа арқылы   "қаражорға" билету(3мин)
4 тапсырма: Фонетикалық талдау(математикалық)(5мин)
1  топ - көрермен
2 топ - радиосықақ.
3 топ - теледидар.
Оқушылар: Бірлесіп талдау жасап, дәптерлеріне жазып, кейін флипчартқа жазады.
Мұғалім:Дұрыс жауапқа смайлик береді.
Ресурстар:А3, маркер, оқулық. 
5 тапсырма: "Синквейн"   (Жаңалық)  (Жүргізуші) (Жазушы ) (5мин)
Мұғалім: тексереді,стикермен бағалайды.
6 тапсырма: Жарнама дайындау.  Әр топ өз телеарнасын жарнамалайды.(7 мин)
Ресурстар: постерлер, маркер, флипчарт, стикерлер.
Оқушылар: әр топ өз арналарын жарнамалайды. шешендік  өнерлерін танытады.
Мұғалім: оқушыларға бағалатады.
Бағалау: сарапшы  бағасын айтады.(2 мин )
Рефлексия.
Сабақ ұнады ма? Егер ұнаса,  ағашқа қызыл  алма қояды, ұнамаса,  жасыл алма қояды.(2мин)
Үйге тапсырма:4 жаттығу.
Қорытындылау:
Сабақты талдау:

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай бөлшектерді көбейту
"Мен соғысты жек көрем"
Полиплоидия. Әріден будандастыру. Жасанды мутагенез.Селекция жетістігі.
Абай Құнанбаев, Қара сөздер, Жиырма тоғызыншы сөз
Lesson Study әдісі
Электрондық кесте ұғымы. MS Excel редакторы
Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Үстеуден өткенді қайталау
Үлкен, кіші көлемдерді ажырату
Ш.Айтматов "Найман-Ана"
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6709 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык