Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 4564 |
|
|
|
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыртастыру
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыртастыру
Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жаңалыққа жаңы құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық құндылықтар оқушылардың бойына қалыптастыру – оқу мен тәрбиенің қайнар көзі, олай болса бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айшықтала түсуде. Елбасының: «толық өкениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылуымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді, сондықтан оқушылардың бойына әр сабақта тақырыпты түсіндіре отырып ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға көңіл бөлу керке, олай болса, тақырыптың мақсаты: Тарих пен қоғамдық пәндерді оқыту барысында әр сабақта бағдарламаға сәйкес тақырыпты түсіндіру арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
Тақырыптың міндеттері: Оқушылар өз бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін сабақта оқущының ізденуіне жағдайлар жасау, мүмкіндіктер тузығу.
Тақырыптың болжамы: Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттырады, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік сезімін оятуға ықпалын тигізеді.
Тақырыптың жетекшісі идеясы: Ұлттық құндылықтарда қалыптастыру оқушылардың терең білім алуына көмектеседі.
Тақырыптың әдіснамалық негіздері: Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптатыруда ҚР-ң Білім беру заңы, ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР-ң Президентті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» бағдарламасындағы Қазақстан халқына жолдауы басшылыққа алынып, педагогика психология ғылымдарының жетістіктері, шетелдік, ұлттық педагог ғалымдардың зерттеулері сабақта ұтымды, тиімді пайдалану ескертілді.
Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастырудың әдістері: Бақылау арқылы оқушылармен сауалнама жүргізу, әңгімелесу, қорытындылау жұмыстарын қолдану.
Тақырыптың жаңалығы: Тақырыптағы ұлттық құндылықтар айқындалады және оқушылардың танымдық деңгейін, өзіндік ізденісін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, ойлау қабілетін дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер жасалынып, ұлттық құндылықты оқушылардың бойында қалыптастырудың тиімділігі артады.
Тақырыптың маңызы: Кез-келген сабақтың тақырыбындағы ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойында қалыптастырудың теориялық алғышартын жасауға, сабақты түсіндіру әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Тақырыпты қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Сыныптарда тарих және қоғамдық пәндерді оқыту арқылы оқушы бойында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру оқушы бойында білімге құштарлық, Отаншылдық, адамгершілік сезімін қалыптастырып ұлттық құндылықтарды танып білуге жол ашады, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып, өздігінен ізденіп білім алуға, өзін және өзгені танып білуіне ықпал етеді, оқушының рухани жан дүниесін байытып, жан-жақты дамуына негіз болады.
Көрнелігі: 1) Дүние жүзінің саяси картасы;2)Қазақстанның саяси картасы; 3) Суреттер; 4)Сызбалар; 5) Кестелер; 6) Ребустар; 7) Сөзжұмбақ.
Тарих және қоғамдық пәндерді оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруды ұйымдастыру жолдары мен әдіс-тәсілдері.
1. Өтілетін тақырыпты түсіндіру барысында сабақтағы құндылықтар жүйесі анықталады:
2.Анықталған құндылықтар жүйесін оқушылардың бойына қалыптастыру үшін құндылықтар үшін жүйесіне қатыста құжаттарды басшылыққа аламын.
3. Тақырыпқа, сабаққа қатысты педагог (ғалымдардың) зерттеуші ғалымдардың еңбектерін жинақтап тиімді қолдана білу.
4. Сабақтың мақсатын айқындаймыз. Ұлттық құндылықтар жүйесін оқушы бойында қалыптастыру.
5. Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыратын, өзіндік көзқарасын, пікірін айқындайтын танымдық тарихи-сұрау тапсырмалары әзірленіп сабақтағы ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойында қалыптастырудың әдістемелік жүйесі сабақ барысында іске асырылады:
6. Оқушылардың бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыру үшін оқушыларға жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалынады.
7.Сабақты түсіндіру барысында құндылықтар жүйесін оқушылар бойында қалыптастырудың жолдары.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |