Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың?


Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың?

Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың?

 Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елін қорғай білуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: «Тәуелсіздік беттерінен» слайды, буклет, қанатты сөздер жазылған плакаттар. 
 Сабақтың түрі: патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген интеллектуалды сабақ. 
Сабақтың барысы: оқушыларды сынып бойынша үш топқа бөлу.
1. «Жасұлан» тобы
2. «Ұлан» тобы
3. «Болашақ» тобы
Сайыстың бөлімдері: 
1. Таныстыру (әр топ өздерін таныстырып шығады)
2. Сен білесің бе? (сұрақтар конвертке салынған. Әр топ өз тапсырмасын алып берілген сұрақтарға жауап беріп шығады)
3. «Өлең- сөздің патшасы» мәнерлеп оқу 
4. «Сиқырлы ұяшық» (арнайы видеосұрақтар беріледі)
5. Патриоттық ән (әр топ бір-бір ән орындайды)
      6.  Рефлексия (сабақ бойынша қорытынды жасау, баланың алған әсерін салыстыру)  
 
Мұғалімнің сөзі:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен 5-6-7 сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың» аталатын интеллектуалды  сабағының куәсі болмақшымыз. Азаттық жолында халқына адал қызмет еткен хандар мен батырларымыздың есімдері тарихқа алтын әріппен жазылып, олардың қатары кешегі Желтоқсанда халқының азаттығы жолында құрбан болған, Отан сүйгіш ұлдары мен қыздарының есімімен толықты. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін әлем елдерінің бәрі дерлік танып отыр. Сол елдер қатарында еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған Түркия, Америка Құрама Штаттары, Германия, Пәкістан сияқты елдер де бар. Еліміздің мемлекеттігін танытатын рәміздеріміз, Ата Заң-Конституциямыз қабылданды. Ұлттық валюта-теңгеміз дүниеге келді. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизмдер-білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету т.б. салаларда кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 
Жас ұрпақты Отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеп, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру басты мақсатымыз болып отыр. Міне, осы мақсат бүгінгі сабағымыздың негізі болмақ . Ендігі кезекті топтарға берелік.
 
1. Таныстыру:  Топ аттары жеке-жеке әріп күйінде конвертке салынады. Топ басшылары шығып, өз аттарын 3 мин. ішінде құрастырып шығулары керек.
 
2. Сен білесің бе?
1-топ:  ҚР мемлекеттік Жалауына сипаттама бер. Қазақстан қай жылы тәуелсіздікке қол жеткізді? Ел ордасы Ақмола қаласына қай жылы көшірілді?
2-топ:  ҚР мемлекеттік Елтаңбасына сипаттама бер. Ұлттық валюта-теңге қай жылы айналымға енді? Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
3-топ: ҚР мемлекеттік Әнұранына сипаттама бер. «ҚР тіл туралы» Заң қашан қабылданды және қазақ тіліне қандай мәртебе (статус) берілді? ҚР жаңа Конституциясы қашан қабылданды?
 
3. «Өлең-сөздің патшасы»
1-топ:  Отаным Қазақстан туған елім,
   Кең екен ғой қаншама дархан жерің.
   Қасиетті қара жерді қалың жаудан
   Қорғап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің
   Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,
   Табиғат та тербелед тірі жандай
   Көкірегіңде тізілген тауларыңның
   Арасынан батқан түн, атар таңдай
   Кіндік қан тамған жерім Қазақстан,
   Мендей ұрпақ саған арнап жазар дастан.
   Елін сүйген ержүрек ұрпақтары,
   Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан.
   Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,
   Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.
   Тік ұстап туымызды, еңселі боп,
   Орындайық бабалардың аманатын.
 
2-топ:  Қазақ жері- қонақжай, төрдің жері,
    Қазақ жері- қас сақтай елдің елі.
    Елі кедей болмаған- жері байтақ,
    Едігедей, Бабырдай ерлер жері.
    Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
    Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
    Египетті билеген Бейбарыстың
    Елі текті, киелі, қасиетті.
    Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
    Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
    Елдігіміз кең әлемге танылып,
    Желбіреген аспан түстес Көк тумыз.
    Талай зұлмат сорды бастан кештік біз,
    Ақ ниетпен келгенге де, кеткенге
    Айнымастан қолын созған достықпыз.
 
3-топ: Тілім менің тірегім, дінім менің,
 Тілсіз қандай болады күнім менің.
 Өз халқыма жетеді өз мәнінде
 Өз тілімде оқылса жырым менің.
 Тілім менің- қуатым, күшім менің,
 Күшім кетсе не болар ісім менің.
 Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
 Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
 Тілім менің- асылым, арым менің,
 Арым кетсе не пайда барым менің.
 Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
 Тілден бұрын кетеді жалын демім.
 Тілім менің- қазынам, қасиетім,
 Қасиетім бар әлем бас иетін.
 Тілі жоқтың, түгі жоқ, түбірі жоқ,
 Бола көрме, Ана тіл қасіретім.
4.  «Сиқырлы ұяшық»
1-топ: «Бәйтерек» (биіктігі, белгісі)
2-топ: «Қазақ елі» монументі (биіктігі, құс мүсінінің салмағы)
3-топ: «Думан» ойын-сауық орталығы ( орталыққа толық сипаттама)
5. Патриоттық ән 
6. Рефлексия: - Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Несімен ұнады?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тілім менің тірлігімнің айғағы
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Жасай бер, ана тілім- қазақ тілі!
Менің отаным – Қазақстан!
Ана тілім – асыл қазынам!
Тілім менің – асыл қазынам
« Елі сүйген ер »
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2097 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык