Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түйе – төрт түліктің төресі


Түйе – төрт түліктің төресі

Сабақтың тақырыбы Түйе – төрт түліктің  төресі

Сабақтың  мақсаты:  Білімділік – оқушыларға  түйе  жануарының  ерекшелігін, 
                                    адам  өміріндегі  маңызын, шаруашылықтағы  маңызы   
                                    туралы  түсінік  беру;
                                    Дамытушылық – оқушылардың  ой – өрісін  жан – жақты  
                                    дамыту, есте  сақтау  қабілетін  арттыру, өз  бетімен  
                                    қорытынды  жасай  білуге  үйрету;
                                    Тәрбиелік – оқушыларды  табиғи  ортаны, ондағы  тіршілік  
                                    иелерін  қорғай  білуге  тәрбиелеу;
Сабақтың  көрнекілігі: сызбанұсқалар, кесте, интерактивті  тақта, тақырыптық  
                                    сурет  материалдары, слайд  материалдары, қосымша  
                                    материалдар, нақыл  сөздер, т.б.
Сабақтың  әдісі:  сұрақ – жауап, топтық  жұмыс, шығармашылық  жұмыс;
Сабақтың  түрі:  десант  сабақ
Пән  аралық  байланыс:  қазақ  әдебиеті, музыка, география, тарих.
Сабақтың  жүрісі:  І. Ұйымдастыру
а) оқушылармен  амандасу;
ә) оқушыларды  журнал  бойынша  түгендеу;
б) оқушыларды  топқа  бөлу, топ  басшысын  сайлау, ұран  айту;
ІІ. Үй  тапсырмасын  пысықтау
а) «Кім  жылдам»  сұрақтарға  жауап  беру;
І  топ
1. Жылқылар  қандай  класқа, қандай  отрядқа  жатады?
2. Жылқы  атасы  немесе  пірі  қалай  аталады?
3. Жылқы  тұқымдас  жануарларды  ата.
4. Жылқы  сүтінен  қандай  сусын  алынады  және  оның  қандай  түрлері  бар? 
5. Арғымақ  тұқымынан  шыққан  таңдаулы  жылқыны  қалай  атаған?
6. Қазақстанда  ерте  кезден  өсіріп  келе  жатырған  жылқы  қолтұқымын  ата.
ІІ  топ
1. Жылқымен  байланысты  ежелгі  сақ  тайпаларының  қандай  дәстүрі  бар?
2. Дастан  жырлардағы  батырлардың  жылқыларын  ата.
3. Жылқының  қасиетті  жануар  екендігін  қалай  аңғарамыз?
4. Қазақстандағы  жылқы  қолтұқымдарының  түрлерін  ата.
5. Жылқы  етінен  өндірілетін  өнімдерді  ата.
6. Ең  байырғы  тұқымы  нашар  қазақы  жылқы.
ә) «Білгенге  маржан, білмеске  арзан»  мақал  сөздің  мағынасын  ашу;
ІІІ. Жаңа  сабақ
§ 61. Түйе – төрт  түліктің  төресі
І. Оқушылардан  сұрақтар  қою  арқылы  түйе  туралы  өз  білгендерін  сұрау.
1.Түйе  туралы  не  білесіңдер?
2.Оның  шаруашылықта, адам  өмірінде  маңызы  қандай?
3. Тақтаға  түйе  суреті  ілінеді, парта  үстіне  түйеге  қатысты – қатыссыз  сөздер  тасталады, тиістісін  түйе  суретінің  қасына  жинақтау.
ІІ. Жаңа  сбақтың  түсіндірілуі
Түйе          Сүтқоректілер  класы
                  Көнтабандылар  (сірітабандылар)  отряды
                  Күйіс  қайыратын  жануарлар
                  Құрғақ  далалы, шөлейтті, шөлді  аймақтарда  тіршілік  етуге  бейім
Отряд  өкілдері          түйетек  (гуанако)
Түйе  дене  тұрқы  ірі
  Салмағы  700 – 800 кг.
Мойны  иір, ұзын
Ұзын  шудалы  жүндері  бар
Арғы  тегі – жабайы  түйе
4 – 5  мың  жыл  бұрын  қолға  үйретілген
Түрлері – айыр  өркешті, сыңар  өркешті
Пірі – «Ойсылқара», «Қаусыл – қазы»
ІҮ. Сабақты  бекіту
1.Шығармашылық  жұмыс  (берілген  кестені  толтыру)
Түйе  түрінің  атауы Айыр  өркешті Сыңар  өркешті
Алғаш  қолға  үйретілген  жері Орта  Азия Африка  өңірі
Аталығы Бура Үлек 
Аналығы Інген Мая, аруана
Жабайы  түрі Қаптағай Нар 
Қолтұқымы Қалмақ, қазақ, монғол қолтұқымдары Аруана 
Ғылыми  атауы Бактриан Дромадер 
Алынатын  өнімдер Сүтінен – шұбат, еті, жүні – шудасы, т.б.
Қосымша Сүтінің, шұбатының, шудасының  пайдасы, күй  талғамайтын  жануар
2.Термин  сөздермен  жұмыс.
 «Бактриан» – айыр  өркешті  түйенің  ғылыми  атауы.
 «Дромадер» – сыңар  өркешті  түйенің  ғылыми  атауы.
3. Түйе  жануарының  тарихпен  байланысы
 Ертеде  түйелі  көш  “сахараның  салтанаты”  деп  аталған.
  Ежелгі  Қытайдан  Жерорта  теңізіне  дейінгі  керуен  жолының  тарихы  түйе   түлігімен  тікелей  байланысты.
  Ерте  замандардағы  ел  мен  елдің  арасындағы  сауда – саттық  түйелі  көш  керуендері  арқылы  жүргізілген.
  Тарихи  деректерде  Самарқан  саудагерлерінің  сапарға  Жібек  жолы  арқылы  30  мың  түйемен  шыққандығы  жазылған.  
4.Түйе  жануарының  әдебиетпен  байланысы
Ауыз  әдебиетінің  көптеген  үлгілерінде  түйеге  қатысты  теңеу  сөздер, даналық  нақылдар, мақал – мәтелдер  көптеп  кездеседі. Бұл  ой – тұжырымдар  түйенің  тіршілік  ерекшеліктерін  айқын  аңғартады. “Түйесі  бардың – киесі  бар”, “Көтерем  деп  түйеден  безбе – салтанатың  емес  пе?  Тебеген  деп  биеден  безбе – қос  қанатың  емес  пе?”
5.Түйе  жануарының  музыкамен  байланысы
 Түйе  түлігіне  арналған  аңыздар  бойынша  шығарылған  күйлер  де  ел  арасына  кеңінен  таралған.
  Сүгірдің “Бозінгені”,Ықыластың “Желмаясы”, Тәттімбеттің  “Бозінгені”, т.б.
6.«Сен  білесің  бе?»
 Түйе  түлігін  қастерлеп  “ұлық”  деп  атайды.
 Түйешіні  “ұлық  баққан”  деп  құрметтеп, оған  
    көпшілік  жиналған  жерде  төрден  орын  берген.
 Кейбір  аймақтарда  түйені  “кәуіс”  деп  атайды.
 Түйе  жүнінен  тек  қана  жамылғы  көрпе  жасалады, 
    себебі  ол   ұлық  мал  болып  саналады.
 Түйе  жүнінен  шұлық  тоқымайды, тек  қана  
    кеудеше  тоқып, шекпендерді  астарлайды.
 Түйе  ірі  мал  болғанымен  42  вольтқа  шыдамайды.
 Түйені  қарақұрт  шаққанда  сол  бойда  орнынан  
    қозғамай  мұздай  суды  үсті – үстіне  құю  қажет.
 Түйе  төлін  бота  деп  атайды.
 Түйе  30 – 35  жыл  жасайды.
 Түйені  “шөл  дала  кемесі”  деп  атайды
Ү. Сабақты  қорытындылау
Үйге  тапсырма:  § 61. Өз  бетімен  мазмұнға  дайындалу, 
“Түйе  бойына  сеніп  жылдан  құр  қалды” дегенменде  сол  түйенің  бойында  12  жылды  иеленген  жануарлардың  белгілері  табылады   екен. Мысалы: түйенің  ерні  қоянның  ерні  тәріздес  жырық  болып  келеді. 
Тапсырма:  қалған  11  жануардың  түйеге  тән  белгісін  анықтап   келу. 
ҮІ. Сабақты  бағалау
Сабаққа  қатынасқан  оқушыларды  қатынасу  деңгейіне  қарай  бағала

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Түйе- төрт түліктің төресі
Төрт түлік
Жануарлар әлемінде
Төрт түлік
Төрт түлік
Төрт түлік Үй жануарлары
Жан – жануарлар және олардың төлдері
Түйе
Төрт - түлігім – қазағымның ырысы
Жұмсақ ойыншық тігу үлгісі.
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 4184 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык