Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу


Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу

Сабақтың тақырыбы Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу

Сабақтың мақсаты:
   Білімділік: табиғаттағы тірі және өлі заттар арасында алмасу процестері туралы түсінік беру арқылы, оқушылардың  қоректік тізбек, зат және энергия алмасу туралы білімдерін тереңдету.  
   Дамытушылық: адамның іс-әрекетінің табиғаттағы зат және энергия алмасуына әсері жайлы білімдерін дамыту.
       Тәрбиелік:  адам әрекетінен пайда болған экологиялық апаттар туралы мәлімет жинақтау арқылы, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға, сүюге және әр түрлілігін сақтап қалуға тәрбиелеу. 
      Сабақ түрі:  жұппен жұмыс
      Әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту  технологиясы бойынша
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Эпиграф:  «Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады»   (Гете)
     Барлық тіршіліктің қоныс мекені, құт-берекесі – табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы.
 
 
Ой сергіту сәті   (өткен сабақты қайталау, жинақтау)     ( 5 мин)
 
1. «Экология» терминін ғылымға енгізген ғалым?  (Э.Геккель)
2. Зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен оны қоршаған абиотикалық ортаны біріктіретін жүйе?  (биогеоценоз)
3. Экологияның негізгі бөлімдері: (аутоэкология, синэкология, демоэкорлогия)
4. Жеке организмдерді қоршаған ортамен байланыстырап зерттейтін бөлімі: (аутоэкология)
5. Популяцияның арақатынасын, даму заңдылықтарын табиғи ортамен байланыстырып зерттейтін   
       бөлімі :  (демоэкология)
6. Бірлестік экологиясы, түраралық өзара қатынасты зерттейтін бөлімі: (синэкология)
7. Адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің және дағдысының жиынтығы: (экологиялық саналылық)
8. «Табиғат, адам – олардан құпия не бар?» - деп  толғанған жаҺангер ағартушы : (Ш.Уәлиханов)
9. Жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аймақтар жүйесі:  (георграфиялық қабық) 
10. Геграфиялық қабықтың жоғары деңгейдегі табиғи жүйесі:  (ландшафт)
11. «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігіььі қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», - деген кім еді?  
                    I деңгей  (алгоритмдік деңгей) (10 минут)
  Үй тапсырмасын тексеріп, тақырыпты бекіту алгоритмі
 «Біліміңізді тексеріңіз»
1-тапсырма: кестені толтыр
 
2-тапсырма.  Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет
А.Организмдердің жер бетіне кең таралуын шектеп отыратын факторлар: қолайлы, қолайсыз, шектеуші
Ә.Ылғал тапшы аймақтарда өсетін өсімдіктер:    інжугүл, элодея, теріскен, селеу.                                                             Б. Топырақта тамыры болмайтын, ағаштарға жабысып, шырмалып өсетін өсімдіктер тобы:  криптофиттер, терофиттер, эпифиттер
 
 
Биотикалық  фактор дегеніміз не?
   Биотикалық фактор деп тірі ағзалардың біріне-бірінің себепші болған факторларын айтады. Бұған жыртқыштық, селбесу және паразатизм жатады.
     Зат айналымы дегеніміз не?
Табиғаттағы заттардың азды-көпті  айналымы мен олардың бірінің орнын бірі басуды қайталайтын үдерісті заттар айналымы деп атайды. Заттар айналымында тірі ағзалар орасан зор рөл атқарады.
Биосфераның тұрақтылығына ағзалардың үш тобының – автотрофтылар, гетеротрофтылар мен сапротрофтылар себепкер болады.
 
                                II деңгей ( эвристикалық деңгей)
  Жаңа тақырыпты өз бетімен м еңгеріп көруге мүмкіндік  туғызу  (5-7 минут)
 Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.                                                               
1-тапсырма. Тірі ағзалардың экологиялық топтарын  тізбелеп беріңіз .
Продуценттер (түзушілер)      Консументтер (тұтынушылар)      Редуценттер  (ыдыратушылар)
 
 
2-тапсырма.  Организмдерді қоректенуіне қарай жіктеңіз:
 
 
III деңгей  (логикалық деңгей)
1-кезең:                                                                                                                                                     1-тапсырма:
Пирамида ережесін тақырып мәтінінен тауып жаз.
    10г - ____4 трофикалық деңгей (редуцент);
                 1 кг - ___3 трофикалық деңгей (консумент – 2);
100 кг - ____2 трофикалық деңгей (консумент -1);
10 т -   _____1 трофикалық деңгей (консумент)
 
2-тапсырма:  Популяциялардың биологиялық өнімділігінің формуласын жазып түсіндір:
              Р=(В – В  ) + Е
Р- өнімділік;  В – және   В – алғашқы және соңғы биомасса;
Е – кірістер мен шығыстар.
_________________________________________________________________________________
 3-тапсырма: 
 
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз:
 А.Белгілі бір аумақта нақты көлем бірлігіндегі популяциялардың өнімділігінің    
    биомассасы________________________ деп аталады.
 Ә. Жануарлардың қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға кетуін                                                  
      ____________________ деп аталады.
   
  2-кезең: тестік жұмыс
     Тест сұрақтары:
1. Экология нені зерттейді? 
А) Тірі организмдер өмір сүретін өзара байланыс, қарым-қатынас жасайтын табиғи ортаны. 
Б) Тірі организмдерді.
 С) Тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын.                                         
Д) Тірі организмдердің тіршілік ортасын. 
Е) Тірі организмдердің өзара байланыстарын. 
 
2. Экология терминін енгізген ғалым: 
А) Ж.Буффон Б) Ч.Элтон С) Ж.Ламарк Д) А.ГумбольдЕ) Э.Геккель 
3. Жеке ағзаның арасындағы қарым- қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі: 
А) Аутэкология Б) Демоэкология С) Синэкология Е) Экожүйе туралы ілім. 
 
4. Бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі: 
А) Аутэкология Б) Демэкология С) Синэ Д) Биосфера туралы ілім  Е) Экожүйе туралы ілім 
5. Организм тікелей және жанама қатынаста болатын табиғи денелермен құбылыстар қалай аталады? 
А) Фактор Б) Орта С) Биоценоз Д) Экожүйе Е) Биогеоценоз 
6. Бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі: 
А) Аутэкология Б) Демоэкология С) Синэкология Д) Биосфера туралы ілім  Е) Экожүйе туралы ілім 
7. Мына төмендегілердің қайсысы абиотикалық факторға жатады? 
А) Өзеннің көктемгі тасуы Б) Орманды шабу немесе отау 
С) Топыраққа тыңайтқыш енгізу Д) Пестицидтерді қолдану  Е) Жануарлардың көбеюі 
8. Өмір тіршілігін анықтаушы абиотикалық жағдай: 
А) Ылғалдылық Б) Қысым С) Минералды заттар Д) Ауа Е) Температура 
9. Биотикалық фактор дегеніміз 
А) Адамдардың организмге әсері                                                                                                                                                         Б) Тірі организмдердің ара қатынасы 
С) Өлі табиғат факторы                                                                                                                                                                Д) Мұхиттар ағысы           Е) Күн радиациясы 
10. Экожүйе құралдары: 
А) Продуценттер, консументтер, редуценттер Б) Продуценттер, консументтер 
С) Продуценттер, редуценттер Д) консументтер, редуценттер                                                                     Е) Автотрофтар, консументтер 
11. Бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетіндер: 
А) Автотрофтылар Б) Гетеротрофтылар С) Консументтер Д) Редуценттер  
12. Органикалық заттар өндіретін жасыл өсімдіктер қалай аталады? 
А) Продуценттер Б) Консументтер С) Редуценттер Д) Экологиялық пирамида                                              Е) Қоректену тізбегі.
 3-кезең : Ой толғаныс  (экологиялық тақырыпқа шығармашылық жұмыстарын қорғау керек)
III. Қорытынды  . «Шыңға жету»
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Популяцияның табиғаттағы құрылымы мен негізгі қасиеттері
Биосфера туралы ұғым
Тіршілік ету ортасы Экологиялық факторлар
Тіршілік. Тірі табиғаттың негізгі құрылымдық деңгейлері
Зат алмасу және жасушада энергияның өзгеруі
Абиотикалық факторлар
Адамның іс-әрекеті- аса маңызды экологиялық фактор
Биоэкология қолданбалы курсы
Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 13332 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык