Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көмір өнеркәсібі Электр қуаты


Көмір өнеркәсібі Электр қуаты

Көмір өнеркәсібі Электр қуаты

Сабақ мақсаты:  Оқушыларға   көмір өнеркәсібі,  электр қуаты, қарағанды көмір алабы, Екібастұз көмір алабы, Майкүбі көмір алабы, МАЭС, ЖЭО, ЖЭС, СЭС, АЭС   туралы  толық мағлұмат беру.

Сабақ міндеті:

1.Білімдік: Балаларға  көмір өнеркәсібі,  электр қуаты, қарағанды көмір алабы, Екібастұз көмір алабы, Майкүбі көмір алабы, МАЭС, ЖЭО, ЖЭС, СЭС, АЭС   туралы   толық   білім беру.

2.Тәрбиелік:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. 

3.Дамытушылық:  Балалардың өзіндік ойлана білуіне,  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,   өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,  картамен жұмыс,   кітаппен жұмыс,  жеке жұмыс

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы,  ҚР  әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, 

Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ.  Өткен сабақты шолу.

Сабақта кездесетін терминдер,  оларға анықтама беріңдер.

  1. ОЭК
  2. Отын   өнеркәсібі
  3. Электр қуаты
  1. отын өнеркәсібінің салалары
  2. мұнай және мұнай өңдеу,    газ,  көмір
  3. электр қуаты –ЖЭС,  СЭС,  АЭС
  4. мұнай құбыры,  газ құбыры,  электр желісімен тасымалдау
  5. энергетикалық ресурстар-қалпына келетін, қалпына келмейтін
  6. Мұнай-газ алаптары – 5.  
  7. мұнай өнеркәсібі
  8. Мұнай өңдейтін зауыттар
  9. Бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

Сұрақтар:

  1. АӨК-ге не жатады? Не себепті салааралық  кешеннің негізгісі деп аталады?
  2. ОЭК-нің  негізгі ерекшеліктері
  3. Еліміздің отын-энергетикалық кешені

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Осы сабақта кездесетін  терминдер:

  1. көмір өнеркәсібі, 
  2. электр қуаты,
  3. қарағанды көмір алабы,
  4. Екібастұз көмір алабы,
  5. Майкүбі көмір алабы,
  6. МАЭС,
  7. ЖЭО,
  8. ЖЭС,
  9. СЭС,
  10. АЭС
  11. Атомдық отын циклі
  12.  электр тасымалдау  желісі (ЭТЖ)
  13. Қазақстандық  энергия  жүйесі

Қарағанды көмір алабы- Орталықта  орналасуымен және  жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын – кокс ретінде өнеркәсіпте   қолданылады.Көмір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдіге 300 м. Шахталық әдіспен өндіріледі. Сондықтан өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Тұтынушылар -  Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық   зауыттары мен  ЭС.

Екібастұз  көмір  алабының   (қоры 10 млрд т ауданы- 155 км2) көмірі  тас көмір болғанымен, күлі көп, сапасы төмен, өте ауыр байытылады,  кокстеуге келмейді.  Көмір қабатының қалыңдығы 150 метр,  жер бетіне жақын орналасқандықтан , ашық әдіспен  өндіріледі.  Сондықтан көмір құны арзан.  «Богатырь», «Восточный» кесінділерінде өте мықты роторлы  экскаватормен қазып алынады. «Богатырь»  жылына 50 млн тонна  өндіріп,  д.ж.  жетекші кесінділердің бірі.Екібастұз көмірі-еліміздегі ең арзан көмір. Оны пайдалану үшін  Қазақстанның солтүстігінде , Ресейде ірі ЭС салынған.

Майкүбі  қоңыр көмір алабы  Екібастұздан оңтүстікке қарай  орналасқан. Сапасы төмен, бірақ күлі аз, құрамында күкірті көп емес. Бұл көмірді байытуға, ұзақ сақтауға болады. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылыққа пайдалануға өте қолайлы. Ашық әдіспен өндіріледі.

Конденсациялы ЖЭС тек қана электр қуатын өндіреді. Электр қуатымен үлкен аймақты қамтамасыз  ете алады.  Сондықтан оларды мемлекеттік аудандық электр стансалары (МАЭС) деп атайды.  Жыл бойы тұрақты жұмыс жасап  тұру қажет.  Тоқтатқан жағдайда  электрмен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады.  МАЭС-тар   отын көзіне, суға жақын орналасады.  ЖЭО электр қуаты мен жылуды өндіру  жинақталған. Жылуды 20км-ден артық тасымалдау  тиімсіз болғандықтан, қалаларда орналастырады.

СЭС - еліміздегі ең арзан  қуат түрі. Алу үшін ағын судың қуатын пайдаланады. СЭС тежегіштерін қажет  кезде  тоқтатып,  қайта қосуға болады.Экологиялық тұрғыдан  таза. СЭс салу ұзаққа және өте қымбатқа түседі.

Кемелерді  өткізіп тұратын шлюздер мен су қоймалары біріге  отырып, су торабын құрайды.

Атомдық отын цикліне  уран кенін өндіру мен өңдеу, АЭС-на отын  дайындау, оларға электр қуатын өндіру, атом қалдықтарын өңдеу және көму жатады.

1997 жылы  өте жоғары  электр тасымалдау  желісі (ЭТЖ) қосылып,  екі энергия  жүйесін байланыстырды.қазір жеке Қазақстандық  энергия  жүйесі қалыптасты.

 

ЭС

Шикізатқа нені пайдаланады?

Қоршаған ортаға әсері

Қай жерге орналастыру тиімді?

Жыл бойы қалыпты электр қуатын өндіре ме?

Өнімі арзан ба?

ЖЭС:

 

ЖЭО

Көмір, мұнай, газ

 Экологияға үлкен зиян келтіреді

Отынға, тұтынушыға

+

Арзан электр қуатын береді.

МАЭС

Көмір, мұнай, газ

Экологияға үлкен зиян келтіреді

Отынға, тұтынушыға

+

Арзан электр қуатын береді.

СЭС

Су қуаты

 Ауаға лас газдарды бөліп шығармайды.

Табиғат жағдайына,  өзен құлау бұрышына, судың қуатына

-

Арзан электр қуатын береді.

АЭС

Уран отыны

Аса сақтықты қажет етеді.

Отынды аз пайдаланады, кез келген жерге салуға болады.

+

-

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.  В. Усиков. 9-сынып. §10.    62-63-70 - сурет   бойынша түсіндіру.  109-116 беттер.

ІҮ.Бекіту.

Тапсырмалар:

Тапсырма – 1.  Бір  көмір кен орнына  төмендегі  жоспар бойынша  сипаттама беріңдер:

  1. Географиялық  орны
  2. Қоры
  3. Түрі және көмір сапасы
  4.  Жағдайы және  өндіру әдісі (шахталық және ашық түрде)
  5. Өзіндік құны
  6.  Жергілікті  жерде  немесе  республикамыздың  басқа аймақтарындағы  пайдаланау мүмкіншіліктері

Сұрақтар:

  1. Негізгі көмір түрін  және қолдану аясын атаңдар.
  2. Қарағанды көмір алабының негізгі ерекшеліктерін татаңдар.
  3. Екібастұз  көмір алабының Қарағанды  алабынан  қандай айырмашылығы бар?
  4. Не себепті электр қуатын көп бөлігін  ЖЭС  береді?
  5. ЖЭС – ның СЭС-на қарағанда қандай қолайлы жақтары бар?
  6. СЭС-ғы каскадтар не үшін салынған? Су торабы дегенді  қалай түсінесіңдер?

Кесте-1.  Электр  стансасының  түрлері

Электр  стансасының типі

Орналасқан орны

  •  

Электр қуатын өндірудегі  %-дық үлесі

Ірі стансаларын ата

Қолайлы жағы

Қолайсыз жағы

  •  

 

 

 

 

 

 

  •  

 

 

 

 

 

 

  •  

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптерлері бойынша  жұмыс жасау:

  1. Полулях. Л.Н.   «Мектеп оқушыларына  арналған өздігінен  жұмыс дәптері» 9-сынып.  Бойынша жұмыс жасау. 5- тапсырма. 9-10-бет.
  2. Казановская Т.,  Ульяшова И.  «Мектеп оқушыларына  арналған  жұмыс дәптері».  9-сынып. Бойынша жұмыс жасау.  Отын-энергетика кешені  22-27  бет.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау
Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.
Мұнай және газ өнеркәсібі
«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Отын энергетикалық кешен. Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі
Физика және Қазақстан энергетикасы
«Энергиямен қамту көздері»
Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы.
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 13392 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык