Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб


Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб

Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб

Мақсаты:                                                    

Білімділік: Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.

Дамытушылық: Азимут туралы білімді одан әрі тереңдету, оқушыларды бағдарлауға, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде  оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Дүниежүзінің физикалық картасы.  

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

5. Бағалау кезеңі

6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(20 мин)

Масштаб дегеніміз (немісше мас-өлшеу; штаб-таяк)- жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек санды айтады.

Масштаб

 

                 Сандық                   атаулы                сызықты

  1. Сандық масштаб туралы айтып, мысал келтіру.
  2. Атаулы масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан атаулыға айналдыруды үйрету.
  3. Сызықты масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан сызықтыққа айналдыру жолдарын үйрету.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

 

 

 

 

 

3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 

(10 мин)

Картадан материктердің Солтүстіктен Оңтүстік бағыттағы қашықтығын өлшеу, екі қала аралықтарын өлшеуді, масштабқа айналдыруды үйрете отырып төмендегі тапсырманы беру:

-          Еуразия материгінің С-О бағытындағы қашықтығын  өлше;

-          Алматы мен Астана қала аралықтарын өлшеп, масштабын анықта;

-          Мәскеу мен Астана қаласы аралығындағы ара қашықтықты өлшеп, масштабын анықтау, сандық маштабтан сызықтық масштабқа айналдыр.

Картаны пайдаланып тапсырмаларды орындау. Түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап алу.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

(10 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Масштаб дегеніміз не?
  2. Оның неше түрі бар?
  3. Масштабтың қандай маңызы бар?
  4. Түрлері бойынша мысалдар келтір.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

5. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§ 8 оқу, Қара теңіз жағалауының ұзындығын анықтап, масштабын тап.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
План және карта. Жергілікті жерді бағдарлау
Жергілікті жердің планы. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру
Глобус. Глобустан картаға көшу
Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері
Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері
Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнелену ерекшеліктері
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 9625 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык