Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі


Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі

Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі

Тақырыбы: Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

ТЕОРИЯЛЫҚ

ПРАКТИКАЛЫҚ 

ҚОРЫТЫНДЫ

Өзектілігі: Оқушыларының білімге деген ынтасын арттырудағы формативті бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу.Оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпараталу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы  арасында кері байланысты орнату.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге оқу сапасынарттырудағы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу.

Міндеттер:

  1. Бағалаудың түрлерін (теориялық, жиынтық, қалыптастырушы) анықтау.
  2. Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.
  3. Оқытудың қиындықтарын анықтау
  4. Стандартты бақылау және орындау , оқыту бағдарламасының мазмұнын, білім беру стилін бақылау.
  5. Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.

Болжам: Егер зерттеу жұмысы оңды нәтижелер мен нақты мәліметтер беретін болса, онда қоғамға қажетті актуалды проблеманы шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып, түрлі ұсыныстар мен қорытындылар жасауға болады.  Себебі сабақ барысында кездестірілетін барлық қиындықтарды шешу жолында зерттеу қорытындысына сүйенетін болса, сабақ соңында жоғары көрсеткішке жетуге болатын еді.

Зерттеу әдісі:

  1. Теориялық материалды қарастыру (ақпарат жинау)
  2. Практикалық – зерттеу жұмысының негізгі кезеңі болып табылады. Зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жобаланған болжамға сай нақты қорытындыға келуге жұмыстар жасау
  3. Сауалнама жүргізу
  4. Қорытындылау  - жасалған зерттеу жұмыстарынан алынған нәтиже бойынша нақты қорытындыға келе отырып ұсыныстар жасау.

Күтілетін нәтиже

     1.  Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады

     2.  Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.

     3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.

     4.Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

     5. Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді  түсіну үшін  бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.

    6.Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады.  

   7.Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын  бағалай алады.

   8.Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.

Кіріспе.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының білім жетістіктерін сыртқы бағалау моделі

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының білім жетістіктерін критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының білім жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу концепциясы

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалау саясаты

 «Назарбаев Зияткерлік мектеп» автономды білім беру ұйымының оқушыларының білім жетістіктерін критериалды бағалау ережесі

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:

  • Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады.
  • Бағалау мұғалімдер және оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады.

Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс алдамшы қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:

o   Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

o   Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.

o   Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

o   Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

o   Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Стандартта «Білім туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады:

3.1 Баға: бағалау нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) бейнеленуі; білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың сандық көрінісі.

3.2 Бағалау: белгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың іс-әрекеттерінің шынайы қолжеткізген нәтижелерін жоспарланған білім беру нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі

Өзектілігін ашатын моменты ( Бағалаудың стратегиялары,СТО технологиясы)

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. 

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай.  
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді

Теориялық бөлім.

Еліміз әлемдік өркениетке кіріккен тұста білім беру жүйесінде үлкен бетбұрыс болғаны белгілі. Соның негізінде білім сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020  жылдарға раналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектептегі білім беру жүйесінің 12 жылдыққа көшу мәселесінің енуі бейінді оқытуды мәселесін дамытуды көздеп отыр. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖБС 2.003-2008 ) 12 жылдық оқыту мерзімімен ҚР жалпы орта білім беру ұйымдарының нысанына, типіне, түріне қарамастан, оқушылардың міндетті дайындығының төменгі шегін белгілейді. Стандарт білім берудің базалық мазмұнының мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, білім сапасын бағалаудың және білім беру салалары мен жекелеген пәндерді оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, білім, білік, дағды және қалыптасқан негізгі құзіреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына мемлекеттік бақылау жасаудың тәртібі мен рәсімдерін анықтайды. Осы стандартта білім беру үрдісін ұйымдастырудың төмендегідей тың жолдары іске асырылады: -мектеп бітірушінің қалыптасқан негізгі құзіреттіліктері ретінде күтілетін нәтижелер түрінде жалпы орта білім берудіңбасты мақсаттарын құру; -үйретуде-білім, білік және дағдыларды игертуден құзіреттіліктерді қалыптастыруға, ал оқытуда-оқу ақпаратынберумен оқушыларды күтілетін нәтижелер жетістігімен қамтамасыз ететін оқу қызметінұйымдастыруға арналған акценттерді ығыстыру; -жеке тұлғаның мектептегі білім берудің түрлі деңгейінде дамуының бірізділігін көрсететін оқытудан күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесін құру; -кең ауқымды қызметтер тәсілдерінің, яғни құзіреттіліктердің даму динамикасын бақылауға, сондай-ақ оқушының, мұғалімнің, мектептің, барлық білім беру жүйесінің өзіндік дамуын реттеуге бағдарланған оқушының оқу жетістіктерінбағалаудың жаңа жүйесін енгізу; -жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнының психофизологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының оқу жетістігінбағалау жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген.Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау) өткізіледі. Ішкі бағалауғаоқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай түрі енеді:1) ағымдық бағалау; 2) аралық; 3) қорытынды. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрі: а)келісілген балдық жүйе, б) портфолио. 1-сынып оқушысының оқу жетістігі бағасыз жүйемен, 2-сыныптан оқу нәтижесін бағалау балдық жүйемен өткізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратынбілім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың» үлгі ережесінде « Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды», -деп жазылған. «2005-2006 оқу жылында 12 жылдық білім беру жағдайында бірінші эксперименттік сыныбына қабылдау мен оқыту бойынша «әдістемелік нұсқауда оқу әрекетін бағалауда 5- балдық бағалау жүйесі, сондай-ақ басқа да бағалау шкаласы қолданылмайды. Бірінші эксперименталды сыныптың мұғалімі оқушыларды «жұлдызша», «қояндар» т.б. белгілерімен бағалауға болмайды. Осы оқу кезеңінде балалар «Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!» деген сияқты т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау керек делінген. Бірақ мұғалімдерге баға қоймай оқыту жағдайында оқушының оқу жетістігін бағалау әдістерін көрсетпеген. Сондықтан жеке тұлғаның өсу деңгейінің динамикасы жасалынбаған. Бағасыз оқыту оқушының өзін -өзі бағалауына, өзінің жіберген қатесін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сондықтан 1- сынып оқушысының оқу жетістігі бағасыз жүйемен Ресей, Украина, Беларусия, т.б

ТМД – елдері іс –тәжірибесіне кейінгі кезде кеңірек енгізуде. Ресейде көбіне оқушының оқу жетістігін «Ғажайып сызғыш» арқылы бағалайды. Белгіленген өлшемге жұмыс сәйкес орындалса сызғыштың жоғарғы жағына, жұмыс талапқа сай болмаса төменгі жағына белгі қойылады. Белгінің орналасуы жоғарлаған сайын оның орындаған тапсырмасының деңгейі жоғары. Егер мұғалімнің көзқарасы оқушымен дәл келсе белгіні қызыл сиямен дөңгелектейді, келіспесе жанына өз бағасын қояды. Бұндай бағалау жүйені іс-тәжірибесінде қолданған ұстаздар дәптердің әр бетіне бағалау қойылатындықтан бұл тәсіл тиімсіз дейді. Осындай бағасыз оқытуда қолданылатын тәсілдердің бірі 10 –баспалдақ. Оның жоғары жағына «мен бәрін білемін, менің қолымнан бәрі келеді», төменгі жағына «мен ешнәрсені білмеймін қолымнан келмейді» деп жазылған. Оқушы өзіне қажетті сатыны көрсетеді. Тәжірибесінде қолданған мұғалімдер баланың өзі бағалауы мұғалімнің бағалауынан асып кетіп жататын болғандықтан бұл тәсілде тиімсіз.Кейбір мұғалімдер бала білсе «+» таңбасын, білмесе «-« таңбасын қою әдісін пайдаланады. Қойылған таңбаларды санап соның пайызы есебінде баға қоюды ұсынады.Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ұйымдастырған курсында бастауыш сыныптың мұғалімдері «Оқу жетістігін өзін-өзі бағалау» бетін оқушының оқу жетістігінің динамикасы көрініп тұру үшін әр пәнге жеке арнау идеясын ұсынады. 1- сынып оқушысының оқу жетістігінбағасыз жүйемен оқытуды жақтаушылардың «Баланың тұлғасын емес оның еңбегін бағалау керек» және С.Т.Щацкийдің «Баланың тұлғасын емес орындаған жұмысын бағалау керек» т.б. идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырыпоқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауын ұсынамыз: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы көрсеткіші

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.

•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

•    бағаны әділ қойылуы;

•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі. 

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді
Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау үшін не қажет?

Ø Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;

Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 

Ø Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

Ø Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 
Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
Ø Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
Ø Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері

М

П

И

-кемшіліктер

+ жақсы

S қызықты жауап

Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

Ø Бағалау нәтижелерін ескере отырып ,оқытуды өзгерту.
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.

Бұл сабақтарымда мен бірінші бетпе -бет кезіндегі үшінші апта екінші күнде таратылған «Сыныптастармен өзара бағалауға көмектесу» атты қосымша материалды басшылыққа алдым

Ол қосымшада «Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі тиіс.

Тәжірибелік бөлім:

• Дембо және Рубинштейннің «ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;

• Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесіндегі» бағалау (Қараев пен Кобдикованың оқыту технологиясы бойынша бағалау; • Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау;

• Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;

• Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.

• Пікірнама жазу арқылы бағалау;

• Липкинаның «Үш баға» әдістемесіне сәйкестендірілген бағалау;

• Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау;

• Портфолио көмегі арқылы бағалау;

• М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.

«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау

 Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→  бағалау деп жіктеледі.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.

Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.

Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады

Мысалы–

• Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді? 
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау. 
• Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету. 
Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру. 
«Басбармақ»
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

«Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

•Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). 
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. 
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. 
Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады. 
Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді.Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.

Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ::

Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

Білімге деген ынтасын арттырады;

Баланың өзіне деген сенімділігі артып,жауапкершілікті сезінеді;
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.

"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.

"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.

"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:

Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек. Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі – жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.

Екінші себеп – білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.

Үшінші себеп – материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.

Төртінші себеп – пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.

Бесінші себеп – оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.Баға қою білімді және шеберлікті талап етеді.Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп,сыныптағы беделін анықтайды.

**Зерттеу нәтижелері

Сауалнаманың нәтижесі

Білім сапасының мониторингісі нәтиже

Проблема бойынша жұмысқа талдау жасау(SWOT-анализ)

Күшті жағы:барлық жастағы балалардың зерттеу әрекетін қолдайтындар жарыстар , түрлі конкурстар болуы.

Әлсіз жағы:барлық баламен бірге жоба жазу, қатысуының тиімді жолдарын білмеушілік.

Мүмкіндіктер:мұғалімнің дарындылықты дамытудың тәжірибесінің қалыптасуы, жинақталуы, басқа оқушыларды тартуы.

Қауіп:бала бойындағы ерекшеліктерді уақытында қолға алмау, бала қажеттігін қанағаттандыра алмау.

Қорытынды

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.
Бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин 
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет 
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Жобаның өнімі (бағалаудың стратегиялары)

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. Учебно-методическое пособие. М:Педагогическое общество России, 2000. 121с

2.Десятибалльная система оценки результатов учебной деятельность учащихся: Инструктивно –метод.Материалы /Под.ред. О.Е.Лисейчикова Мн:НИО, 2002.400с.

3.Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Алматы-2004, 3-басылымы 4.Мануал «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері», Ж.Ш.Адамова, Д.А.Сүртібаева, МББҚБА және ҚД институты,2007 5.Мануалға қосымшалар, Ж.Ш.Адамова, Қарағанды,2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"Өрлеу БАҰО" АҚ филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

"Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру" кафедрасы

Жоба

Тақырыбы:"Оқу сапасын жақсартуда формативті бағалаудың рөлі"

Бастауыш сынып ұстаздары:Тукенова Ш.Е

Калиева М.К

Муратова А.К

Кусаинова Г.Д

2014-2015ж


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Оқытудағы жаңа тәсілдер
ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ
12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ ҮЛГІСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БЕЙІНДІ БАҒЫТТА ОҚЫТУ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Білім сапасын арттыру жолдары
Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 32451 | Қосты: Калиева Маржан Кайнашовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык