Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Х дыбысы мен әрпі


Х дыбысы мен әрпі

Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дыбыстарды таныту.Жазба,баспа,жазу емлесін таныстыру.Х әрпі арқылы жаңа сөзді оқып,сөз, сөйлем ойлатуға,тілдік қорын байытуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Ойын арқылы ойлауын дамыту. Оқу-жазу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Жаңа «халық» сөзін таныта отырып, елін, жерін, отанын сүйюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі:жаңа білімді меңгерту

Оқытудың формасы:топтық

Сабақтың әдісі:  ойын ,сұрақ-жауап,топпен жұмыс, қызығушылығын арттыру

 Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика

Көрнекілік:теледидар, «Еларна», «Хабар», «Қазақстан» телеарналар, әріп баспа,жазба түрі,аю,қоян.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлім

Сабаққа дайындық

1) Топқа бөлу:  түстер бойынша топқа бөлу.

-Қай телеарнадан сүйікті мультфильмдеріңді көресіңдер?

-Дара, Алдар көсе т.с.с

Жақсы,балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз бүгін телеарналарға саяхат жасаймыз. Қазір телеарнаны қосамыз.

Өткен сабақ қандай дыбыспен таныстық?

Ю дыбысы қандай дыбыс?

Ю дыбысы қалай айтылады?

  4 топ  тапсырманы орындайды

-.Оқушылар еңбегі тексеріліп,әр топқа бағаларын  беремін.

 

-Жақсы балалар,келесі арнаны көрейік.Мынау қай телеарна ?

 

-Еларна.

-Еларнадан не болып жатыр екен ?Спорттық жарыс .

3.Үй тапсырмасы.

-Олай болса үйден оқып келген мәтін қалай аталады ? Жарыс.

-Балаларға мәтінді тізбектеп оқытып,мәтіннің түсінігін сұрау.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтін тақырыбы қандай?

-Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

-Жарысып жатқан нелер?

-Қай аң жеңеді деп ойлайсыңдар?

-Қай аң соңынан келеді?

-Ал,енді келесі арнаны қосайық.Қандай арна? «Хабар»

-Бұнда не болып жатыр?Кім сөйлеп жатыр? Біздің президентіміз.

-Ол тақпақ оқығалы жатыр,кім елбасымыздың тақпағын оқып береді?

Халқымыз- біздің анамыз,

Халқымыз- асыл панамыз!

Халыққа қызмет етеміз,

Халықтан қуат аламыз.

-Елбасымыздың өлеңінің әр жолындағы сөздерді хормен оқиық.

-халқымыз,халыққа,халықтан.Халық деген кім? Бұл сөздер қандай

Әріптен басталған,біз бұл әріппен таныстықпа ?

-Олай болса, бүгін біз Хх әрпімен дыбысымен танысамыз.

-Хх әрпі дауыссыз,қатаң.Қане дыбыстайықшы х х х х……

-Мынау Х әрпінің жазба түрі.

ІІ.Жаңа сабақ

1 Сергіту сәті

Балапан телеарнасында «Ертегілер еліне» саяхат жасаймыз.

Айнала жайқалған қызыл-жасыл көк гүлдер

Ұшып жүрген көбелектер, анау үлкен хан сарайына барайық.

Оған бару үшін мына көлден өтуіміз керек, суда жүзейік, жүзейік.Алдымызда баспалдақ,баспалдақтан шығайық,шығайық.Хан сарайы өте әдемі екен,кірейік.

2)      Мәтінмен жұмыс.

-Мәтіннің тақырыбы қандай? Кітапхана.

-Мәтінді оқымас бұрын,кітапхана деген не?Онда нелер болады?

кім айтады.Мәтінді тізбектеп оқып көрейік.

Мәтінмен жұмыс.

-кітапхана қайда бар екен?Онда нелер болады?

-оған кімдер барады?Кітап беретін апайдың аты кім екен?

-сонымен кітапханашы не істейді? Жақсы балалар біздіңде мектепте кітапхана бар,кітапханашымыздың аты Гүлайна апай.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімді ашамын,

Қолға қалам аламын,

Көлбеу қойып дәптерді,

Әдемі етіп жазамын.

-Х әрпі қандай әріпке ұқсайды?Х әрпі екі элементтен тұрады.Х әрпін әуелі ауаға,кейін дәптерге жазамыз.

-Жазып болсақ Хабар арнасында «Сөз жасау» ойыны ойналғалы

тұр,бізде сөз жасайық.

Ем…….хана,шебер……..хана,дәрі……хана.т.с.с

 -Енді осы аталған әр мекеменің өзінін атқаратын жұмысын айтайық

«Бұлттан күнді шығару» ойын

Бұлттағы әріптерден сөз құрау

ІІІ.Сабақты қорыту

-Сонымен қандай әріппен таныстық?

-Не себепті дауыссыз дыбыс дейміз?

Қандай түспен белгілейміз

-Қазір қай арнаны көріп отырмыз?

-Хабар арнасының басшысы Айгүл Мукей сендерді бағалайды,үйге тапсырма береді.Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар,сендердей ұрпақ өсіп келе жатқанға мен Хабар ұжымының атынан қуаныш білдіре мін,және сендерді бес деп бағалаймын.

Үйден мәтінді оқып,жаңасөздерді дәптерге көшіру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Мм дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7582 | Қосты: Ораз Ботакөз | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык