Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Барлық білім бастауы Әліппеге рахмет!


Барлық білім бастауы Әліппеге рахмет!

Барлық білім бастауы Әліппеге рахмет!

Есқара  жалпы білім беру орта мектебі

Тақырыбы: Барлық білім бастауы Әліппеге рахмет!

(Тәрбие  сағаты)

Өткізген: Сагындыкова  С.Ж.

2012-2013 оқу жылы

Мақсаты:

1 Оқушыларға тіл байлығын әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру.

2 Оқушыларды халықтың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсінуге, соларды акызба-ауыз айта білуге үйрету.

3 Ойлау, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін  дамыту, сөйлеу шеберлектерін жетілдіру.

Көрнекілігі: Плакаттар

Топқа бөлу әр топтан бір- бір оқушы шығады.

1 Алғашқы айналым.

  Мақал – жарысы.

а) Әр оқушы «ана тілі» туралы мақалдар айтады.

ә) Мұғалім мақалдың  алғашқы сөздерін айтады, оқушылар жалғастырады.

1. Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ

2. Тіліңде ноқталасаң,

Басың сақталады.

3 Тіл тас жарады.

Тас жармаса бас жарады.

4 Жеті жұрттың тілің біл,

Жеті түрлі білім біл.

5 Ақылдың көркі – тіл

Тілдің көркі – сөз

  1. Сөз де ара сияқты

Балы да бар, зәрі де бар.

  1. Арқанның ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
  2. Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жауын.
  3. Өткен күн оралмас, құнды сөз жоғалмас.
  4.  Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді

 2 Айналым. Берілген сөздерге мақал құрау.

«Білім» Білімдіге дүние жарық

             Білімсіздің күні ғаріп.

«Кітап» Кітап – білім бұлағы

              Білім - өмір шырағы.

«Сөз»   Сөз сүйектен өтеді.

             Таяқ еттен өтеді.

«Дос»   Жүз теңген болғанша,

Жүз досың болсын.

«Ата»  Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

3 Айналым  Жұмбақшыларды ортаға шақыру. Әр топтан бір – бір оқушы шығады.

1. Мұғалім жұмбақ жасырады.

« Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,

Байлауынан бір босамас қызыл ат» (Тіл)

2. Өзі түзу, ізі қисық бір аттың.

    Өшпес ізін бала кезден ұнаттым  ( қалам, жазу)

3. Қабат-қабат қаптама,

    Ақылын болса аттама (кітап)

4 Жаз-жаз жалықпаған,

  Жазу жазып арықтаған. (бор)

5. Тілдерімен жүреді,

    Уақытты біледі. (сағат)

  1. Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнің, түсінуге жараған. (Әріп)

Оқушылар бір-біріне жұмбақтар айтады.

Жұмбақ жеңімпазы анықталады.

4 Айналым Жұмбақ жеңімпазы жұмбақ айтады, мақал жеңімпазы жұмбақты шешеді.

Шешуіне мақал құрайды.

  1. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасын. (Мектеп)

« Мектеп – кеме, білім – теңіз»

  1. Жылт –жылт еткен, жылғадан өткен. ( су)

«Су ішкен құдығына түкірме.» (мақал)

3 Мамықтай ұлпа, қанттай ақ,

   Қыста жер бетін басады,

  Жазда сайға қашады.  (Қар)

« Қалауын тапса қар жанар»

4 Құрғақ жерде сақтайсың,

  Менсіз тамақ татпайсың (тұз)

« Досы жоқ адам- тұз жоқ тағам»

5 Аяғы жоқ жүреді,

  Сылқ – сылқ күледі (Су)

« Сумен ойнама, батарсың

  Отпен ойнама, күйерсің.»

5 Айналым Ата – бабамыз дұрыс сөйлеп, адал жүрген

(Бізде бәрі керемет. Керемет бүктемені пайдаланып, керемет сөйлеп, мақал-мәтел құрап, сөздер айтамыз.)

Ұя суреті. Ұяда не көрсең ...

Теңіз суреті. Білім – теңіз,...

Нан суреті. Арпа, бидай ас екен .


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұлдызды сәт
Қош бол, Әліппе!
«Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Ана тілім - ажарым
Ана тілім – асыл қазынам!
Кітап қайдан шығады?
Ы.Алтынсарин “Өзен”
Жұлдызды сәт
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3292 | Қосты: Сағындикова Ғалия Қайырбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык