|
|
Алтыбақан
Музыка. Қ. Мырза-Әли «Қазақтарды шетелдік қазақтарға таныстыру» өлеңі оқылады.
1-жүргізуші. Қайырлы күн Құрметті қауым!
2-жүргізуші. Уа, халайық, халайық!
Босқа қарап тұрмайық,
Жиналып барша өнерлі жас
Алтыбақан құрайық!
/Музыка. Ортаға қатысушылар шығады/.
Өзге ұлт өкілі: Мен қазақ емеспін, өзге ұлт өкілімін. «Алтыбақан» не, ол қандай ойын, қандай дәстүр екенін білгім келеді.
1-жүргізуші. Ал, кәнеки, достар, «Алтыбақан» дәстүрін кім түсіндіріп береді.
1-оқушы. «Батыр адам қол бастар, шешен адам сөз бастар» демекші, сөзді мен бастасам қарсы болмассыздар!
Барлығы. Әрине, қарсы емеспіз!
1-оқушы. Алтыбақан қазақтың ертеден келе жатқан ойын түрлерінің бірі. Бұл – елдің сыртында әткеншек құрып, өлеңмен әзіл-шынды араластырып, көңіл-сыр шертісу
2-оқушы:Алтыбақан аталу себебі: үш-үштен алтыбақанның басы мықты арқанмен буылып, байланыстырылады да, бір-біріне қарама-қарама орнатылады. Бақандардың арасы арқанмен керіліп, ортасына екі немесе бірнеше адам отыратын орын жасалады.
3-оқушы. Осы орында екі қыз, екі жігіттен немесе жалғыздан отырып, өлең айтады, ән салады. Жердегі жолдастары алтыбақанды тербетіп тұруға тиіс.
4-оқушы. Алтыбақан тебушілер бірін-бірін ізетпен тосып,өлең айтып, құрбы-замандас болып екеуара айтысады, жаңылтпаш, жұмбақ ойындары орындалады. Өлеңнен жеңіліп, ән айта алмай қалған қалғандардың орнындарын басқалар басады. Сөйтіп, жастар алтыбақан қасында көңіл көтеріп, думандатады.
2-жүргізуші. Ендігі сөзді әсем әнге берейік. Аслан, бауырым, шырқатшы кәне домбыраңды.
/Ән айтылады/.
5-оқушы. «Қыздың жолы жіңішке» демекші , біздің мырзаларымыз бізге бүгін жол бермейін деп тұр. Намысымызды қолға алып, қыздар, кәнеки, ән салайық!
/Дидар, Кристина «Айналайын» әні/
1-жүргізуші. Айғаным , осы сенің есіміңді тегіннен-тегін «Айғаным» деп қойған жоқ дейді. Өз есіміңді қорғап берші.
Айым. Иә, Жантемір, қазақтың дәстүрі бойынша нәрестеге үш күн ішінде елдің сыйлы қария адамы не молдасы құлағына үш рет үшкіріп, азан шақырып, ат қойған. Менің де әке-шешем үш күннің ішінде Айғаным деп атапты. Айғаным деп қойған себебі, атақты жерлесіміз Шоқанның әжесі дана Айғанмның құрметіне болса керек.
Әкем мені «Айым» дейді,
Мен мұңайсам ұайым жейді.
Анам мені «күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
/Ән айтылады/
2-жүргізуші. Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағалаған. «Өнер алды- қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз «от ауыз, орақ тілді» нелер ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан ақыл-нақылға толы адамдардың толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап келеді.
1-жүргізуші. Асыл сөздің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ертеден ерекше назар аударып, «ақылдың көзі – аталы сөз» деп ұққан ата-бабамыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған.
2-жүргізуші. Шешендік сөз қазақтың қанына біткен ерекше қасиет.
1-жүргізуші .«Өздерімен туыстас түркі тектес елдермен салыстырғанда, қырғыздар да, қазақтар да сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі... Қазақтар сөйлегенде , ешбір мүдірмей, іркілмей сөйлепкетеді. Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем түрлері жай сөздердің өзінде іркес-тіркес келіп жатады да, тыңдаушыға өлең тәрізді әсер етеді... Сондықтан да қазақ поэзиясы өз дамуының жоғарғы сатысына жоғарғы сатысына жеткен...»
2-жүргізуші. - деп жазады орыстың атақты түркітанушы ғалымы Василий Васильевич Радлов.
1-жүргізуші. Шешендік өнердің асыл арқауы билердің шешендік сөздерінде жатыр.
6-оқушы. Иә, Жантемір, дұрыс айтасың. Біз бүгі Антон екеуіміз осы атақты шешендеріміз айтқан кейбір сөздерін айтқымыз келеді.
/Қазыбек бидің 1-10 дейінгі айтқаны./
1-жүргізуші Сөз кезегі ....... келіп тұр білемін.
7- оқушы. /қыз бала/ Айдын , айдын, айдын көл,
Аққу болса толқиды.
Киелі домбыра ойнайды,
Тек шебердің қолында, деп ...... Серік пен Даниялдың күйін қабыл алыңыздар. /Күй ойналады/.
8-оқушы. Біз байқап отырмыз, осы жерде кілең өнерлілер жиналған. Біз өнерден құр алақан емеспіз. Шара Жиенқұлова, Шұғыла Сапарғалиқызы сынды апаларымыз сияқты мың бұралған биші болуды армандаймыз.
/Қыздар тобы би билейді/.
1-жүргізуші. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
2-жүргізуші. –дей келе, Ана тілі туралы мақал-мәтелдер жарысын өткізейік. Кәнеки, жастар, кім шыққысы келеді?
9-оқушы. «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады»,- демекші, мақал-мәтел сайысын ...... құрбымыз екеуіміз жүргізейік.
/2 оқушы мақал-мәтел сайысын өткізеді/
2-жүргізуші. Осындай өткір де мәйекті сөздерді ести отырып, Егеменді елімнің болашағына кәміл сенемін!
1-жүргізуші. Екінші он жылдықты артқа тастап келе жатқан аяулы Қазақстанымыздың жарқын болашағы жарқын және мәңгі болатынына кәміл сенемін! /Музыка/
Мұғалімнің сөзі.
Антон: Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналдыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар. Соны шешіңдер.
Барлығы: Айтыңыз, айтыңыз.
Антон: Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Андрей: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Науан: Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз?
Антон: Рұқсат, рұқсат!
Науан:
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман
Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.
Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз –торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.
Антон: Рахмет! Дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |