Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Информатика лидері


Информатика лидері

Информатика лидері

Сайысымыздың мақсаты: Алған білімдерін пысықтау, қорытындылау.

Оқушылардың ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайд

Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен таныстырып өтейін:

 Әділқазы алқасы:

Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Жаймина Гауһартас Абиятовна

Бірлестік жетекшісі: Искакова Замзагуль Бақтыбаевна

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Бәйге

Полиглот

Ғажайып жетілік

Егер мен болсам…

Көкпар

Жорға

Оқушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.

І. Бәйге

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-

дей отырып,Бәйге кезеңін бастаймыз.

Оқушылар сұрақ беріледі әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады.

Сұрақтары:

1. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ (Терезе)

2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (Интерфейс)

3. Caps Lock пернесінің қызметі (бас әріптермен жазады)

4. М байтта қанша К байт бар? (1024).

5. Ақпаратты сақтау, өңдеу, жеткізуді не деп айтайды?

6. Қағаздағы кескінді экран бетіне шығаратын құрылғы (Сканер)

Қосымша сұрақтар:

1. Жол сілтеуіш (Проводник) терезесі қалай ашылады?

(Пуск-Программы-Проводник)

2. Компьютер суретін салуды қандай құралдарды пайдалану тиімді?

( тіктөртбұрыш, тік сызық, шеңбер)

4. Обьектілерді қалай өшіреміз?

5. Жаңа буманы қалай құрамыз?

( Жұмыс столында тышқанның оң жағын шертіп, Создать-папку командасын орындаймыз. Файл менюінен Создать-папку командасын орындаймыз)

6. Өшіру кезінде пайдаланылатын пернелерді ата?( BACKSPACE, DEL)

ІІ. Полиглот

Келде кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілдерде беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

30 ұпай шәкірт саған несібе.

Келесі кезеңіміз «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді және пернелік комбинациясын айтуы керек.

Сұрақтары:

1. Терезені жабу.                   ( Файл-шығу, файл выход, Alt+F4)

2. Көшіру командасы

( Түзету –көшіру, Правка-копировать, ctrl+c немесе  ctrl+ins)

3. Қиып алу командасы

(Түзету- қиып алу, правка-вырезать, ctrl+х немесе  shift+del)

4. Сақтау командасы   ( файл-сақтау, файл-сохранить, shift+F12)

5. Құжатты ашу           (Файл-ашу, файл-открыть, CTRL+O)

6. Болдырмау командасы

(Түзету-қайта қою, Правка-отменить, ALT+BACKSPACE)

 

Енді ұпайы аз 2 оқушыларымызбен қоштасатын сәт те жетті. Оқушыларымызға табыс тілеп, шығарып салайық.

 ІІІ. Ғажайып жетілік

Жетіліктің сұрағы көп сабақтан

Әр шәкірттердің білгірі алға шығады

Асықпаңдар, ойланыңдар балалар

Үш жауап бар, біреуі оның шырағы

Сайысымыздың келесі кезеңі- «Ғажайып жетілік». Өздеріңіз білесіздер Информатика сабағы басқа сабақтармен тығыз байланыста. Сондықтан сіздерге әр түрлі пәннен сұрақ жасырылған.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

 

20. Қазақ әдебиеті пәнінен- «Сыр сандық» өлеңінің авторы. (С.Сейфуллин)

20. Тарих пәнінен -Әль-Фараби дегеніміз кім, қай жерде дүниеге  келді? (ғұлама философы, 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді.)

20. Сыйлық

30. Физика пәнінен- Инерция дегеніміз не?

(дене басқа дене әсерін тигізгендегі жылдамдығын сақтау құбылысы)

30. Математика пәнінен- Гипотенуза деп нені айтамыз?

30. Жұмыс үтелінің фонын ауыстыру (маустың оң жағын басып Свойства – Рабочи стол- сурет көрсету – ОК)

40. Биология пәнінен-Астық тұқымдастарды ата? Бидай, тары, сулы, арпа

40. Орыс әдебиетінен – Жил старик со своею старухой.

У самого синего моря;Өлең жолдарының авторы кім?

(А.С.Пушкин. «Сказка о рыбаке и рыбке»)

40. География пәнінен-Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық мұхиты)

ІV. Егер мен болсам…

Егер болсақ мамандықтың иесі

Не істер едің бұл өмірге жүйелі

Ауыр тастан, өнер жастан шығар деп

Бабам айтқан, баба сөзі киелі

 Сайысымыздың келесі кезеңі- “Егер мен болсам…”

Тышқан шаригі кірленіп, жүрмей қалған жағдайда не жасар едің? Ол үшін алдарыңызға мынадай 8 түрлі затты беріп отырмыз. Осы заттарды қалай пайдаланасыңдар. Ойлауға 1 минут уақыт берейік.

1.Табақтағы су

2.Сабын

3.Орамал

4.Ақ бет қағаз

5.Спирт

6.Мақта

7.Қайшы

 8. Сым

Жауабы: Алдымен тышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға жуып, орамалға сүртіп, ақ беттің  бетіне әбден кепкенше қоямыз. Ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Тек содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолдануға болады.

Енді ұпайы аз 2 оқушыларымызбен қоштасатын сәт те жетті. Оқушыларымызға табыс тілеп, шығарып салайық.

 V. Көкпар

Білімдіден шығады алғыр, шешен

Шешендікпен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы

Қалмасын бұл жарыста сенің  есең

Компьютердің зияны мен пайдасы туралы айтады.

Компьютердің пайдасы өте зор». Алдымен компьютерге анықтама берейік. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық  құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Армысыздар аса қадірлі көрермен. Компьютердің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіздер ме? Оқушы компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса көзі талады, жотасы ауырады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге зиян әсер етеді. Бала ұдайы отырғаннан түрлі ауруларға шалдығады. Таза ауа қажет. Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғылығын, суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымыдза жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.

VІ. Жорға.

Ең қиыны жарыстың жорға келді,

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Сайысымыздың келесі кезеңі- «Жорға». 10 сұрақ беріледі, сол сұрақтарға жылдам әрі тез жауап беруі керек.

A

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

Өшірілген файл қай папкада сақталады?( корзина)

Windows обьектілері (терезе және белгілер)

Кестені қалай құрамыз? (Таблица –добавить таблицу)

Енгізу құрылғысы (Пернетақта)

Ең ерте  заманғы есептеу құрылғысы ( Абак)

Бірінші буынды ЭЕМ-нің элементтер базасы (Электрондық шамдар)

Графикалық редактор бұл- ( PAINT)

Локальді дискінің белгісі (С:)

Бас әріптерді теру пернесі (CAPSLOCK)

Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

Компьютердің негізгі бөліктері (Монитор, пернетақта, жүйелік блок)

Word-қа суретті қалай  кірістіреміз ( Всавка-рисунок-картинки)

Баспаға шығару құрылғысы (принтер)

ЭЕМ-нің даму буыны нешеу? (5)

Ұзын перне (пробил)

Мәтіндік редактор бұл- Word

Дискжетек белгісі (А:)

Функционалдық пернелер (F1-F12)

Суретті жылжытқанда соңында із қалдыратын перне ( SHIFT)

Енді сайысымызды қорытындылап, жүлдегерімізді анықтайық.

Жүлдегерге мақтау қағазы тапсырылады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Жас информатиктер
Информатика алғырлары сайысы
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Информатика әлемі
Информатика әлемінде сайысы
Информатика әлемі
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2170 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык