Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауыссыз к мен г


Дауыссыз к мен г

Дауыссыз к мен г

Куанышкалиева Акгул Суйеубаевна.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі.
Подстепный ауылы.
Теректі ауданы.
Батыс Қазақстан  облысы.
Қазақ тілі   2-сынып

   Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г  (114-118 жаттығулар)

   Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға дауыссыз к,г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.
  • Дауыссыз дыбыс түрлері жайлы білімдерін дамыту.
  • Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа баулу

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ребус, сюжетті суреттер т.б.

Сабақтың барысы:  

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім, өз тілім,анам тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Балалығым,бақытым,қазақ тілім.

Үй тапсырмасын тексеру.Өткен сабақты пысықтау.

113-жаттығу.

«Еңбек түбі-береке» мақалын қатыстырып әңгіме құра.

(2-3 оқушыға оқыту)

 -Дыбыс деген  не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауысты  дыбыстар  қалай  айтылады?

-Дауыссыз  дыбыстар қалай  айтылады?

 Топтастыру

К  дыбысына  аяқталатын сөздер ойла

1.Сөздерді оқиық. Жүзік,шелек,көмек,өрік,білек,көйлек

2.Осы сөздерге і дыбысын қосып айтып көрейік. жүзігі,шелегі,көмегі,өрігі,білегі.

Бұл сөздердегі к дыбысы қалай өзгерді?

 Ереже айтқызу.( К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К- Г - ге айналады.  )

3.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Дыбыстық талдау

І топ                                                      ІІ топ                           III-топ

Өрік                                                      бесік                             шелек

Жаңа сабақта.

Оқулықпен жұмыс.

Дәптерге күн ретін жазу.

Көркем жазу

114-жаттығу.Мақалды жатқа жаз.

Бірлік болмай-тірлік болмас.(мағынасын ашу)

 115-жаттығу.Тақтаға жаздыру.

  а)   Туған өлкем. Оқыту,талдату.

  ә) Ө.Тұрманжанов  туралы түсінік беру.Ө.Тұрманжанов 15 желтоқсан 1905 жылы,Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген.Ақын,жазушы,аудармашы,балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.Оның шығармалары өте көп.Балаларға арнап ертегі,әңгімелер жазды.

б) Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Екі қанат жаямыз
Қарлығаш боп ұшамыз
Көк аспанды құшамыз
Жерге келіп қонамыз.
Орнымызды табамыз.
116-жаттығу. Суреттегі зат  атауларын  қатыстырып  сөйлемдер   құра.

1-топ: түлкі                     2-топ: кеме                                3-топ: гүл.

117-жаттығу.Сөздердің соңындағы і әрпін алып тастап оқы.І дыбысын алып тастағанда к қалатынын дәлелде.

Бүршігі,көжегі,үйрегі,көбелегі,жілігі,киігі

Анаграмма «К»

К

 

 

 

К

К

 

 

 

К

К

 

 

 

К

К

 

 

 

К

К

 

 

 

К

Қорытынды.

    а/ Топпен жұмыс. Ауызша тест: «Иә, жоқ»
1. Дауысты дыбыс 15. /иә/
2. Дауыссыз дыбыс 10. /жоқ/
3. г дыбысы дауысты. /жоқ/
4. Дауыссыз дыбыс 2 - ге бөлінеді. /жоқ/
5. Дауысты дыбыс созылып айтылады. /иә/
6. Ң дыбысы  қатаң. /жоқ/
7. Б дыбысы дауыссыз, ұяң. /иә/
8. П дыбысы ұяң. /жоқ/
9. К дыбысы дауыссыз, қатаң. /иә/
10. Б, П дыбыстары дауыссыз. /иә/
 Үйге тапсырма

133-жаттығу. Ребусты шеш:

Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Пп"дыбысы мен әрпі
"Ш"дыбысы
Өө дыбысы мен әрпі
Дауыссыз к мен г
Фонетикалық талдау
Фонетика
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Г дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5864 | Қосты: Бейбитова Тулпан Мараткызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык