Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Жұлдызды сағат» интелектуалдық ойын сабағы


«Жұлдызды сағат» интелектуалдық ойын сабағы

«Жұлдызды сағат» интелектуалдық ойын сабағы

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, көптің ортасында салып, ұстазымен бірге бақтарын сынату, сөздік қорын,тіл байлығын,дамыту.

Тәрбиелік:   Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке  тәрбиелеу,

Дамытушылық:  Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақгау қабілетін қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі:   Интерактив тақта, презентация

Ойын жүрісі:

Ойнайық, ойлайықта ойнайық!

Қатардан артта қылып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен текке жоймайық!

Ойнайық, ойлайықта ойнайық!

Білімділік көрсетейік сынайық,

Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді боп тарайық!

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма?

Ойын -сауық жасамай

Жастар жолы болар ма?

Құпиялы сандықтың

Кілтін аша алар ма?

Білім мұхит кемесін

Мінер ұрпақ болар ма?

Осылай ой толғайтын, болашақгы болжайтын.

Барша адамдар жиылған, сіздерге әнім ұнай ма?

Компьютер заманы,әлде қатты қинай ма?

Білгің келсе ол жайлы, дұрыс қара, ойлана

                               Ойын толқын, айналған қатты   ағысқа,

                               Табылгандай танымда, жат дауыс та.

                               Біреу озып келеді қатарынан,

                              Біреу қалып жатады асыгыста

                              Ойын толқын жатқандай асып - тасып,

                              Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.

                              Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

                              Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

 Жылдан-жылға оқу салған ой-арнаң,

 Талапкердің толқынымен тулайды,

Сусындалып ғылым шыңның басында

Сұңқар болып білімпаздар   шулайды.   

                                Қазылар орнықтырар әділдікті,

                                Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

                                Білім мен тапқырлықтың жарысында,

                                Жеңіске жетер дейміз нағыз  мықты.   

Көңілді тапқыштар,  білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Ойынға жұп қатысады. Сынып жетекшісі мен. Сол сыныптың оқушысы. Берілген сұрақтарға екі ойыншы да алдарындағы қалақшаны көтеру арқылы жауап береді. Жүптағы ойыншының жауаптары бірдей болуы тиіс. Әрбір дүрыс жауапқа бір жүлдызшадан беріледі. Ойынның әр бөлімінде аз жулдызша алған жуп ойыннан шығарылады.

 

Уа, жараңдар, жараңдар,

Мына бізге қараңдар,

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк,

Муны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ал ендеше келіңдер, сайысымызды бастаймыз.

 Бұл сайысқа келіңдер,

Шақырамыз өзіңізді жас буын.

Қазағымның қара шаңырақ көгінде,

Білімменен асқақтаған ақтуың. – дей келіп ойыншы оқушыларды ортаға шақырамыз.

      Қазақ атын, Абай атын пір еткен,

     Ұстаздардың ұлағатты көзісің.

     Дүниенің ғаламатын паш еткен

     Білім толы ақ орданың өзісің.

 Шәкірттері орын алып жарыста

Жете берсін ұстаздар да табысқа

Ақ отауды іздеп кірген талапкер

Тұлпардайын шырқар әлі алысқа –  дей отырып ортаға ұстаздарды шақырамыз. Құрметпен қарсы алайық.

Нақтылы жауап, сапалы  шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.

I кезең

1 сұрақ

Теңізде қандай тастар табылмайды?

  1. Су;
  2. Құргақ;
  3. Ешқандай тac болмайды;
  4. Барлық жауап дұрыс вмес;

2 сұрақ
Компьютердің ақылшысы.

  1. Процессор;
  2. Жады;
  3. Винчестер;
  4. Компьютер;

3сұрақ

Елеуішпен су әкелуге бола ма?

  1. Болады;
  2. Болмайды;
  3. Болады, тек....;
  4. Болмайды, себебі....;

4сұрақ

Компьтердің экранына ақпарат қандай қүрылғының көмегімен шығады?

  1. Монитор
  2. Баспа қүрылғысы
  3. Сканер
  4. Пернетақта

5сұрақ

 Кім барлық тілде сөйлейді?

  1. Адам;
  2. Жәндік;
  3. Жанғырық;
  4. Аң;

 6сұрақ

Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.

  1. Монитор;
  2. Баспа қүрылғысы;
  3. Сканер;
  4. Пернетақта;

 

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа

 

IIкезең

1 сұрақ  

Мұхит түбінде тапанша атыла ма?

  1.   Атылады;
  2.   Атылмайды;
  3.   Жауап  жоқ;
  4. Әр кезде әр түрлі;
    2сұрақ

Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шагын арнайы компьютерлік бағдарлама.

       1.    Вирус;

  1. Архиватор;
  2. Антивирус;
  3. Бағдарлама;

3 сұрақ

Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады?

  1. Ештеңе;
  2. Су жұғындысы;
  3. Ауа,бу;
  4. Тамшы;

4сұрақ

Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.

1.    Босорын;

  1. Болдырмау;
  2. Өшіру;
  3. Енгізу;

5сұрақ

Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма?

  1. Қалыңы;
  2. Жұқасы;
  3. Екеуі де;
  4. Екеуі де сынбайды;

 

Демейін заман сөздері

Түбі бүгін өзгерді

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді.

IIкезең

1 сұрақ

Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?

  1. Елес;
  2. Көлеңке;
  3. Сурет;
  4. Ешқайсысын да;

2сұрақ

Өшірілген файлдар қайда сақталады?

1.   Себет;

  1. Жады;
  2. Менің құжаттарым;
  3. Сдискісінде;

3сұрақ

Таспен жүргенде неге аяқтары ауырсынады?

  1. Қысымға байланысты;
  2. Ауырлық күшіне байланысты;
  3. Салмаққа байланысты;
  4. Барлығы да дұрыс;

4сұрақ

Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысынбасқаратын арнайы бағдарлама.

  1. Операциялық жүйе;
  2. Бағдарламалар;
  3. Офис;
  4. Стандартты бағдарлама;

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Білімдірек ұстаз бен шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын

 

«Білімділер мен дос   бол - тарыққанда ақыл береді,

Білгіштермен дос   бол-  адамшылығыңды біледі» - дей келіп енді сөз кезегін келген қонақтарға берейік!

 

Балалар судан шығып дірілдеп тұр, ал күн болса ып- ыстық, неге?

19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым?

Балықты қолда жылпылдап тұрмайтын себебі не?

Компьютердің атасы.

 

Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске.

 

ІІІ кезең

1сұрақ

Компьютерге мәтін енгізу қүрылғысы.

  1. Пернетақта;
  2. Дисплей;
  3. Принтер;
  4. Сканер;

2сұрақ

Өзендегі су жоғарыда жылы ма, әлде төменгі жағында жылы ма?

  1. Төменгі жағында;
  2. Жоғарғы жағында;
  3. Ені жағында да бірдей;
  4. Дұрыс жауап жоқ;

3сұрақ

Адам көзімен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек?

  1. 30 см;
  2. 50 см;
  3. 70 см;
  4. 100 см;

   «Ақылдассаң шешерсің,

      Ақылдаспасаң кем көсерсің!»

Ал, енді екі топтың да өнерлеріне сәттілік тілейік.

У кезең

1 сұрақ

Судың терең жерінде табанга тас қатты бата ма, әлде таязда ма?

  1. Терең жерінде;
  2. Таяз жерінде;
  3. Екеуінде де ауыртпайды;
  4. Екеуінде де ауыртады;

2сұрақ

Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің

жиынтығы.

  1. Интернет;
  2. Жергілікті желі;
  3. Желі;
  4. Модем;

Тоқсан ауыз сөздің, Тобыңтай түйіні бар!

Ойынң шешуші сәті: Әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

Ойын-толқын, жатқандай  асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Бүгінгі көріп тамашалаган « Жұлдызды сағат» атты интелектуалдық ойын сағатымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Қош, сау болыңыздар!

Назар аударғандарыңызға рахмет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің.
Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Информатикалық калейдоскоп
«Ғажайып информатика жұмбақтар әлемінде»
Қызықты Информатика
Көңілді тапқырлар
Менің жұлдызды сәтім ойыны
Көңілді тапқырлар
Физика - әлем кілті
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3151 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык