Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғарышкер деген кім?


Ғарышкер деген кім?

Ғарышкер деген кім?

Сабақтың лексикалық тақырыбы:  «Ғарышкер деген кім?».                                                       

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: «Жіктік жалғауы».                                  

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: «Ғарыш айлағында» модуліндегі берілген тақырыптар бойынша  танымдық қабілеттерін арттыру. Ғарышкер тақырыбын талдай отырып, мәтінді еркін меңгерту. Оқушыларға грамматикалық тақырып жіктік жалғауларын еске түсіре отырып,оларды практикалық жұмыстарда қолдану. ә) Дамытушылық: оқушының қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, ой өрісін дамытып, тілді еркін меңгеру қабілеттерін арттыру.

б) Тәрбиелік: оқушыға сабақты түсіндіру арқылы елін, жерін сүйетін патриот тәрбиелеу.                                                           

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, СТО стратегиясы, суретпен жұмыс.            Сабақтың түрі: дамыта оқыту.                                                                                              Сабақтың типі: аралас  сабақ.                                                                                      Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақтасы, суреттер, кестелер, тірек сызбалар.

Пәнаралық  байланыс:  география, биология, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  амандасу, түгелдеу, смайликтер арқылы оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Өткен материалдарға шолу. 

Грамматикалық тақырып: Жалғаулар. Септік жалғау.  Жалғаулар емлесі.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ – жауап.

1. Соңғы жылдары қанлай ғылым дамып келеді?                                                     2.Оның міндеті не?                                                                                                           3.Молекулалық биология нені  ашып берді?                                                             4.Генетика нені зерттейді?

Сөздікпен жұмыс

 

ІV. Ой қозғау.  Ғарыш суреті бойынша жұмыстану.

Интерактив тақтасынан көрсетілген видеоролик бойынша оқушылардың өз ойларын білдіруі.

 

V. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Ғарышкер деген кім?»

а) Суретпен жұмыс: Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакіров, Талғат Мусабаев суреттері берілген.                                                                                                                                   Бұл бейне көріністе кімдер бейнеленген? Ол туралы не білесіңдер?

б) Мәтінмен жұмыс. «Ғарышкер».                                                                                       Мәтін бойынша сөздікпен жұмыс.

Кеме               корабль                             тербеліс                   колебание                    ғарышкер      космонавт                         дірілдеу                   вибрация                 тылсым           загадочный                     салмақсыздық       невесомость       бейімделу     адаптация                         қабілет                    способность, дар.

Мәтін бойынша жаттығу жұмысы.                                                                      Тапсырма. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән  әріптерді  қойып жазыңдар.

Т...рш...л...к, ...арыш, кемес...,  тол...ын, ...аламшар, ж...лдыз  жолы,   н...сер, б...лт, т...ман.  

Тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін жазыңдар.                                        Биік, кең, суық, жақын,жарық, дос, ерте, ақ, жаңа.

Тапсырма. Үлестірмелі қағаздағы тапсырма бойынша жұмыс. Мәтінге байланысты берілген сөйлемдерді толықтырып жазу.

Грамматикалық тақырып  «Жіктік жалғауы».                                                         Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауыштың арасын байланыстырады. Для изменения формы слова и связи слов в словосочетании и предложении служат жалғаулар (окончания). Мысалы: кітап (книга), кітаптар (книги), дәптер (тетрадь), дәптерім (моя тетрадь). ( Жіктік жалғау)  Личная форма  образуется при помощи окончании: - бын, -бін, -пын, - пін,   -мын, -мін, -сың, -сің, -быз, -біз, -мыз, -міз, -пыз, -піз, -сыз, -сіз.  Например: Мен оқушымын, Мен студентпін (Я студент), Біз тыңдаушымыз (Мы слушатели), Сіз мұғалімсіз (Вы учитель), Сіз студентсіз (Вы студент).                                Жіктік жалғауы  І, ІІ, ІІІ   жақта қолданылады. Олардың  жекеше, көпше түрлері болады.

 

Оқулықпен жұмыс.

1-Тапсырма.  Көп нүктенің орнына тиісті  жіктік жалғауын   қойып  жазыңдар.

Біз ойымызды жүзеге асыра .... . Мен үкімет мүшесі ... . Қазір сіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете ... . Сен бүкіл қызметіңе есеп бере ... .

2-Тапсырма.  Берілген  мақал - мәтелдерден жіктік жалғауы бар сөздерді  табыңдар.

1.Қазынаны тереңнен табарсың, білімді кітаптан аларсың.                                                                

2.Жұртқа жақпайсың, ондайды таппайсың.                                                                                             

3. Не тапсаңда тіліңнен  табасың.

4.Тәуекел түбі -  желқайық, өтерсің  - де кетерсің.

Берілген сөздерді жалғау түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар. Кестемен жұмыс.

Тәуелдік жалғау

Жіктік жалғау

Көптік жалғау

Септік жалғау

Атам

Студентпін

дәстүрлер

Өмірінде

Халықты, тұрмысы, қонақпын, жарыста, баспанасы, қарлығашым, ұлтымды, дастарқанында, тағамдар, тарихтың, кісілер, еліме, сұрағыңа, өмірі, оқушымен, жүгірдік.

VІ. Бекіту.

1) Ғарышкер деген кім?

2) Ғарышкер болу үшін қандай қасиеттерді талап етеді?

3) Тұңғыш ғарышкер кім?

4) Ғарышкер не үшін ұшу сапарын жасайды?

VІІОқушыларды бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: «Ғарышқа ұшқан тұңғыш ғарышкер» деген тақырыпта әңгіме жазыңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің отбасым. Жалғаулар.
Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері.
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
Достық
Жедел өткен шақты қайталау
Жалғау
Жалғаулар жарысы
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
Жалғау
Ғарыш және Қазақстан
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4903 | Қосты: Самарханов Ергенболат Құрмашұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык