|
|
Ю - әрпінің жазылуы
Мақсаты: Оқушыларға сөзде йу дыбысы естілгенімен , оның орнына ю әрпі
жазылатындығын түсіндіру
Есте сақтауын , зейінін , логикалық ойлауын және шығармашылық
қабілетін дамыту
Сауаттылыққа , ұқыптылыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, плакатқа жазылған өлең-сөздер, әріптер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде неше ай бар?
Күз келеді , амандасып , қонаққа келгенін хабарлайды.
- Үй жұмысы , 107 – жаттығу, оқыту; сөздерден сөйлемнің дұрыс құрылғанын тексеру; я дыбысы бар сөзді атап, я әрпінің алдынан келген дауыстыны атау; ережені қайталау.
- Ойын «Я әрпі бар сөз айт-тез айт»
- Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ : Орманнан , жалпақ даладан
Бал іздеп бірақ жортады
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен боп қорқады.
- Аю деген сөзде көп кездеспейтін қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Қанша дыбыс естіледі?
- Ю әрпі де я әрпі сияқты орыс тілінен енген дыбыс. Ю әрпін қосарлы дыбыс дейміз. Ол дауысты дыбыс , бірде жуан, бірде жіңішке идыбысталады. Аю-айу (жуан) , есею (жіңішке).
Оқулықпен жұмыс
110-жаттығу, суретті атау: аю, ою, -екеуіне ортақ әріп? – ю
Музыка сабағынан жан-жануарларға әндер тақырыбында аю туралы ән жаттадық
Кәне айтайық.
ІV. Сергіту сәті «Аю» әні
Балпаң, балпаң басамын,
Алты қырдан асамын.
Аю деген ағаңмын,
Аңшы көрсем қашамын.
- Ал ою бейнелеу өнерінің қай жанрында қолданылады?
111-жаттығу. Өтірік өлеңді оқытып ю әрпінің қандай дыбыстан құралғанын сұрау; осыдан қандай ереже шығаруға болады?
- Ержені қайталау. 3-4 оқушы.
Табиғаттың түрі пәс
Бау-бақшалар жалаңаш
Орманның да жоқ шуы,
Естілмейді құс үні
Ұйқыға кетті аю да,
Болады бұл қай айда? (қазан айы)
- Осы айда аю балға тойып ұйықтау керек. Сол туралы 112-жаттығу өлеңді оқиық. Оқушы өлеңді оқиды, бәрі қайталап оқып жаттап дәптерге жазады.
Бір оқушы тақтаға жазады.
- Дәптермен жұмыс
Көркем жазу. 112-жаттығу жазады
113-жаттығу. Тапсырмасын оқытып , тақтаға сөздерді өзгертіп жаздыру (күшей+у-күшею)
Күшею, азаю, молаю, тою, көркею, тыңаю.
Қалған оқушылардан күзде не күшейетіні, не азайатыны, не молаятыны туралы сұрақтар қоямын.
114-жаттығу тапсырмасын оқытып тиісті іріпті қойып өз бетімен жазуды тапсыру.
Үлкею, шалқаю, есею, сарғаю, қою.
- Ойын «Әріптерді тіркестіріп сөз құра»
б е к ө ю көбею
ғ с п а ю а сарғаю
ү к е л ю үлкею
Шығармашылық жұмыс. Плакат ілу
Өлеңдегі жоқ сөздерді тауып өлең құрастыру
Қойды........керек
Етін сорғытып........керек
Терісін тұздап.........керек
Қуырдағына ............керек
Сонан соң қалаға.........керек
VII. Сабақты қорытындылау
- Бүгін қай әріпті өттік?
- Ол қандай дыбыс?
- Ю әрпін сөзде қалай жазамыз?
Бағалау .
VIII. Үйге тапсырма - 115-жаттығу. Ребусты шешіп, сол туралы әңгіме жазу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |