Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 7518 |
|
|
|
Я әрпінің жазылуы
Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: 1) Я дыбысы мен әрпін таныту . Я дыбысының
жазылу емлесін түсіндіру
2) Жаттығулар орындау арқылы, сөз ішінен
я дыбысын өзге дыбыстардан айыра білуге үйрену.
3) Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік
қорын байланыстырып сөйлеуін , шығармашылық
қабілеттерін арттыру. Сауатты сөйлеп, әдемі,
қатесіз жаза білуге үйрету.
Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап, ой қозғау, топпен жұмыс, сиқырлы таяқша.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, танымдық тапсырмалар
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, білім аламыз.
Қазақ тілі пәнінде,
Оқып, жазу аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасы : 59 - жаттығу
- Балалар біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныс болдық?
І топ . И , й әріптерінің жазылу емлесін айт.
ІІ топ. Қандай сөздерде тек ый жазылады ?
«Қай әріпті жоғалттым » ойыны.
Ке … ін , ж … ын , т … ін , о … ық , … леу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Жұмбақтардың шешуін тап.
1. Кемпірауыз қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
2. Бірі - ыдысқа керек,
Бірі- жүріске керек.
3. Ұрмай – соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады.
IV. Мағынаны тану.
Я дыбысына байланысты сөздер айту, толық түсінік беру.
қоян , тақия
баян , аян қосарлы дыбыс
январь дауысты
дыбыс
Өкпеден шыққан буын жасайды
ауа кедергісіз
созылып айтылады
орыс тілінен
енген сөздерде келеді
- Сөзде йа дыбыстары естілгенімен , жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: МАЯ , САЯ , ТАЯҚ .
«Буынұйқас » сөздерді тап:
- Я - я - я
Құстар салды ұя .
- Ян - ян - ян
Секеңдеген ақ қоян
- Яз - яз -яз
Ащы екен пияз.
Оқулықпен жұмыс 60 - жаттығу.
Сөздерді топтап, осы топқа жатпайтын сөздерді тауып жаз.
Құстар: қаз , аққу, қарлығаш , бүркіт
Аң: қоян
Тақтамен жұмыс 61- жаттығу.
Жұмбақты оқып, шешуін тап
Тал басында түндіксіз отау .
Сергіту сәті . Ақ қоян
Өзіндік жұмыс.
Мақал- мәтелді оқи отырып, ішінен Я дыбысы бар сөздерді тап.
- Істің бастауын білсең,
Аяқтап тастауың оңай.
- Ащы тіл таяқтан да өткір.
Дәптермен жұмыс 62- жаттығу.
Мақалды жатқа жаз.
Әдептілік, ар- ұят
Адамдықтың белгісі.
Топпен жұмыс .
Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрап жаз.
І топ. Аяғы, қастырдың, түсті, қақпанға
ІІ топ. Баян , сурет , бояумен, салды.
ІІІ топ. Ұяда, жатыр, балапан, бес.
V. Ой толғаныс : «Қай сөз дұрыс жазылғанын тап ».
айаз қойан шаян қария ұйалшақ
аяз таяз жайау дария
«Сиқырлы таяқша » ойыны
Я дыбысына қатысты сөздер ойлату, сөйлем құрату.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 64- жаттығу.
Ережені жаттау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |