|
|
Ж дыбысы және әрпі
Ә л і п п е
Тақырыбы : Ж дыбысы және әрпі
Мақсаты : 1.Оқушыларды Ж дыбысы және әрпімен таныстыру. Ол арқылы берілген
сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. «Ж» дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың
білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойларын , сөздік қорларын, танымдық
дағдыларын дамыта отырып, дұрыс оқи алуға , әдемі жазуға машықтандыру.
3.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сурет көрнекілігі: Оқулық. суреттер, Ж әрпінің баспа жазба түрі, ; кеспе әріптер, кеспе буындар
суретті плакат.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ, жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, үш кезеңді қолдану (қызығушылығын ояту, мағынаны
ажырату, ой толғаныс) түсіндіру , сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі :
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз!
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ойын: «Кім жылдам?»
1.Берілген сөздерді оқу
2.Оқыған сөздерге сөйлем құрастыру
3.Үй тапсырмасын бекіту.
3.Жаңа сабақ: Ж дыбысы мен әрпі.
Жау-жау жаңбыр жау жаңбыр!
Жау, егіннің көгі өссін.
Сұлудай бұраң құрақты
Айдын шалқар көл төссін!
- Балалар оқылған өлеңнің алғаш жолындағы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ж дыбысынан
- Өте дұрыс. Бүгінгі танысатын , үйренетін жаңа дыбыс Ж дыбысы мен әрпі.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Жұмбақ шешу:
- Ішіне тамақ салынған
Есігі тастай жабылған (жұмыртқа)
- Ж дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында, соңында да кездесе береді.
- Ж дыбысынан басталатын немесе «ж» дыбысы кездесетін сөздерді айту: Жусан, Жарас, жұмыртқа, жапырақ.. «Ж» дыбысы көк үйге қонаққа барады.
- Жапырақ сөзіне дыбыстық талдау жасау:
Ж А П Ы Р А Қ
- Оқулықпен жұмыс
Мағынаны ашу
а) сөздерді буынға бөліп оқу
жа ға жа лау жо та жан тақ жу ан
жа са жа сау жу а жу сан жу ас
Буындық талдау жасау. (ашық, тұйық, бітеу)
ә) «Жусан» мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.
б) Дәптер жолдағы сөздерді оқу – Жүз жасаған – Жыр алыбы
Жамбыл атамыздың портретін көрсету
в) Жолбарыс – сөзінен сөздер шығару
Жол барыс
жарыс ары
г) Буындардан сөздер құрастыру:
жа ға та на па на да ла
ай ға та ға
5. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық
Көгершінге ұқсайық
Ұшып-ұшып алайық
Әдемі етіп жазайық.
а) Ауада жазу. Тақтаға жазу. Элементтерін көрсету
ә) Дәптерге жазу. Диктант: Жасыл жапырақ.
6. Ой толғаныс: Мәтіндегі негізгі ой.
Венн диаграммасын құру
7. «Біліп ал!» ойыны.
8. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен! сюжетті сурет бойынша жұмыс.
Сергіту сәті: Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық
Жаса – жаса жарқын күн
Жаса-жаса алтын күн.
9. Бағаландыру . Жапырақ беру
Жұлдызша беру .
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |