Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » І. Жансүгіров «Көктемде»


І. Жансүгіров «Көктемде»

І. Жансүгіров «Көктемде»

Тақырыбы: І. Жансүгіров «Көктемде»

                     М. Хакімжанова «Көктем жыры»

Мақсаты: 1. Көркем шығарманы тану, адам мен табиғат байланысын түсіндіру, өлеңдегі табиғат бейнесін айқындау.

2. Оқушының шығармашылық мүмкіндігін, мәнерлеп оқу шеберлігін, өзіндік ізденістерін, сұраққа еркін жауап беру дағдыларын дамыту.

3. Оқушы бойына эстетикалық құндылықты, экологиялық танымын дарытып, табиғатты құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, сезім арқылы дамыта оқыту, міселелік сұрақтар

Көрнекілік: авторлар портреттері, сызбалар, ауылымыздың табиғаты бейнеленген слайдтар, бейнетаспа

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Бір-біріне сәттілік тілеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

-                     Балалар, біз қандай бөлімді бітірдік?

-                     «Әдептілік,ар-ұят – адамдықтың белгісі»

-                     Ақын-жазушыларымыздың қандай шығармаларымен таныстық?(шығармаларды атау)

-                     Осы бөлімде нені үйрендік?

-                     Жақсы. Сендерге «Маған ұнаған шығарма» атты эссе жазуға берілген болатын.Кім оқиды? (4-5 оқушыға эсселерін оқыту)

-                     Енді, балалар, мына суретке қарап отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер. (табиғат бейнеленген суреттер слайд арқылы көрсетіледі)

«Ой қозғау сұрақтары»

  1. Табиғат дегеніміз не?
  2. Табиғатты не құрайды?
  3. Табиғат пен адам байланысы бар ма?

ІІІ. Жаңа сабақ

-         Бүгін мен сендерді табиғат аясына шақырамын. «Жер-ананы» ақ көрпесімен жауып, енді, міне айқара ашып, қай мезгілді әкелді?

-         Көктемді

(слайдтан «Менің ауылымның көктемі» көрсетіліп жатады) 

- Бүгінгі сабақта біз : І. Жансүгіровтың  «Көктемде»  және

 М. Хакімжанованың  «Көктем жыры»  атты өлеңдерімен танысамыз.

(слайдтағы кесте арқылы авторлардың өмірдеректерімен танысады)

  1. І. Жансүгіровтың  «Көктемде»  өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.
  2. Сөздік жұмысы : шымайт, құмайт, мал балалап, өкіріп
  3. Оқушылар өлеңді кезек оқиды
  4. Әр оқушының алдына жеке қимақағаз беріледі. Сол бойынша топтастыру жұмысы жасалады.

 

Көктемде


  1. М. Хакімжанованың  «Көктем жыры»  өлеңін мұғалім оқиды.
  2. 1-2 оқушы мәнерлеп оқиды.
  3. Жеке қимақағазға бейнелеу сөздерді теріп жазады.

Көктем жыры

 

 

-         Міне, балалар, өлеңдермен таныстық. Енді сұрақтарға жауап берейік.

  1. Ақындар көктемнің келгенін табиғатта болған қандай өзгерістерден байқатады?
  2. Жан-жануар, құстар өмірінді қандай өзгерістер бар екен?
  3. Балалардың еңбек қуанышы жөнінде қай жолда айтылған?
  4. Сурет салар болсаң не салар едің?
  5. Тағы қай ақынның көктем туралы өлеңдерін білесің?

ІҮ. Қорытындылау, бағалау

-         Көрікті көктем мезгілі жайлы тағы қосымша білім алдыңдар. Қыс бойы қар көп жауса, көктемде су тасқыны қаупі болады. Су тасқынын болдырмау үшін қандай шара қолданылады?

-         Адамдар өз үйлерінің маңайындағы қарды тазалап, су ағатын арықтар жасап отыруы қажет.

Үйге тапсырма: өз қалауың бойынша 1 өлеңді жаттау.

І топ: «Көктем» тақырыбына сурет салу

ІІ топ: Венн диаграмасын толтыру

ІІІ топ: «Менің ауылымның көктемі» атты шығарма жазу

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Көктем
І.Жансүгіров «Жазғытұрым»
Көктем
Өтебай Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Көктемгі табиғат
Көрікті көктем
Жазғытұрым ашық сабақ
Көрікті көктем ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2166 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык