|
|
Оқудағы кедергілерді анықтау.
Сабақтың тақырыбы |
Оқудағы кедергілерді анықтау. |
Өткізілген уақыты |
31.10.2014ж сағ: 10.00 |
Сабақтың мақсаты |
Оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау. Оқытудың аффективтік теорияларымен және оқушыларды оқу үдерісіне тарту жұмысының әдістерімен таныстыру. |
Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері |
Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады.Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ оның қалыптасу белсенділігі қазірден басталады және қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сондықтан мұғалім оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс. |
Сабақтың нәтижесі |
Оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын түсіну. Оқытудың ынталандыру теорияларымен танысу. «Қиын» оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін білу. |
Коучингті өткізу әдістері |
|
Ұсынылған ресурстар |
Түрлі-түсті қағаздар, постер, бейнежазба, слайд, маркер,үлестірмелі қағаздар |
Коучинг барысы
Уақыты |
Сабақтың кезеңдері |
Тренердің іс- әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Қолданылатын ресурстар
|
3 мин |
Топқа бөлу |
Мұғалімдерді суреттер арқылы топқа бөледі |
Мұғалімдер суреттер арқылы топқа бөлінеді. Топтар топ басшысын сайлайды |
Түрлі фигуралар |
7 мин |
«Кел,танысайық» |
Нұсқау. Мұғалімдер қол ұстасып, өздерінің аты-жөнін, сүйікті істерін айтады, барлық топ мүшелері қайталайды |
Мұғалімдер аты-жөнін, сүйікті істерін айтады. |
|
15 мин
|
Миға шабуыл
«Кір жайғыш» әдісі |
«Әр түрлі балалар қажет» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі. Бұл бейнежазбадан не түйдіңіздер? Кедергі деген не? Оқытудf Сіз үшін кедергі болатын не? Оқуда балалар қандай кедергілерге тап болады?
Кедергі сөзіне ассоциация арқылы құру. сол бойынша үш адамды біріктіріп , параққа тұжырымдамалық карта жасатып, жіпке ілдіреді. |
Бейнесюжетті көріп, талдау жасайды Сұрақтарға жауап береді. Ассоциация құрады
Нұсқаулық материалдарын оқып, талқылайды. Оқыған материал бойынша жасалған тұжырымдамалық картасын жіпке іледі қорғайды |
Жіп,үлестірмелі қағаздар |
5 мин |
Сергіту сәті.
|
Екі қолы қалтада Апай сабақ сұраса Ұйықтап қалды, масқара! Бір топ халық әніне, екінші топ операға, үшінші топ эстрада әуеніне салып айтады |
Әр топ өзіне тиесілі тапсырманы орындайды |
|
20 мин |
2. «Фишбоун» әдісі |
2. «Фишбоун» әдісі бойынша жұмыс жүргізу. «Оқытуға әсер ететін факторлар» үлестірме таратылады. «Фишбоун» сызбасы арқылы оқытудағы кедергілер мен шешу жолдарын, содан шыққан шешімді бейнелейді. Өздеріңіздің сабақтарыңызды көз алдарыңызға келтіріңіз. Сабақта тып-тыныш және керісінше шулап отыратын балалар болады. Ендеше, сіздерге топта мына сұрақтарды талқылауларыңызды сұраймын. -Әлеуметтік деңгейде кездесетін кедергілер -Эмоциялық деңгейде кездесетін кедергілер -Зияткерлік деңгейде кездесетін кедергілер Нұсқау: Сіздер осы әдісті сабақтың қай бөлімінде қолданар едіңіз? |
«Фишбоун» сызбасын толтырады, баяндамашы баяндама жасайды.
|
Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар |
5 мин |
Рефлексия. « 9 ромб» |
Мұғалімдерге рефлексия жаздырады
|
Ромбтың әр бөлігіне коучингке байланысты рефлексия жазады |
А4 форматтағы парақшалар |
C.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Асирова Мирамкүлдің №2 коучинг сесиясының қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы |
Lesson Study -мұғалім тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі
|
Өткізілген уақыты |
14.04.2014ж сағ: 12.30 |
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну. Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-дің тиімділігін меңгерту |
Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері |
Lesson Study нәтижелері мектептегі әріптестерге және басқа мектептерге таратылады. |
Сабақтың нәтижесі |
Мұғалімдер
Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді. |
Коучингті өткізу әдістері |
|
Ұсынылған ресурстар |
Түрлі-түсті қағаздар, постер, бейнежазба, слайд, түтікше, маркер,үлестірмелі қағаздар |
Коучинг барысы
Уақыты |
Сабақтың кезеңдері |
Тренердің іс- әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Қолданылатын ресурстар
|
5 мин |
Топқа бөлу |
Мұғалімдерді әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бөлу арқылы топқа бөледі |
Мұғалімдер арқылы топқа бөлінеді. Топтар топ басшысын сайлайды |
Түрлі-түсті қағаздар |
5 мин |
Топ ережесін құру |
Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру және сабақтың сәтті шығуы мақсатында топтық ереже ұйымдастырады. Топ мүшелерінің есімдері жазылған плакат іледі |
Мұғалімдер сыныптың ережесін сақтау үшін топтың "Алтын ережесін" құрады |
Постер, маркер |
10 минут |
"Бақытты сәт" жаттығуы |
Саламатсыздар ма, құрметті әріптестер! Жақсы жұмыс жасауға жақсы көңіл күй керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын әркім өз өміріндегі есінде қалған ең бақытты бір күнін есіне алып, қасындағы әріптесімен бөліссін. Қай жылы, қай күні екенін нақтылаңыздар. Сол бақытты әріптесіңізге тілеңіз.
|
. Мұғалімдер әркім өз өміріндегі есінде қалған ең бақытты бір күнін есіне алып, қасындағы әріптесімен бөліседі. Сол бақытты бір- біріне тілейді
|
|
30 мин. |
"Сағат" әдісі.
|
Қысқа мерзімді жоспар үлгісін көрсетіп, 20 мин қысқа мерзімді жоспар құрғызады. 10 мин Мұғалімдер келісілген уақытта бір-бірімен кездесіп,дайын болған жоспарды талқылайды
Нұсқау:Әр топқа өзара бағалау жасатады |
Мұғалімдер ойланады, пікірлерін ортаға салады. А-4 форматқа жоспар жасап, мұғалімдер келісілген уақытта бір-бірімен кездесіп,дайын болған жоспарды талқылайды
|
Интерактивті тақта,А-4 қағазы,бейнежазба |
6 мин |
"Шырпы" ойыны |
Нұсқау: Екі мұғалімді арқасымен қарама-қарсы отырғызады. Бір мұғалім шырпыны қолданып,нұсқаулық береді,екінші мұғалім тапсырманы орындайды |
Мұғалімдер бір-бірінің айтқанын орындайды |
Шырпы,түтікше |
30 мин
|
Миға шабуыл. әдісі. "Lesson Study"таныстырылымы "Lesson Study тиімділігі" бейнежазбасы
"Рөлдік ойындар " әдісі
|
Нұсқау:10 мин топтаса отырып, "Lesson Study"туралы таныстырылым мен бейнежазба көрсетеді , 10 мин постер қорғатады. 10 мин Әр топтан бір сарапшы тағдап алынып, мұғалімдердің іс-әрекетін бақылау тапсырады.
|
Бейне материалдарды , талқылайды. Оқыған материал бойынша жасалған постер қорғайды. Сарапшылар жұмыс кезіндегі іс-әрекетті талдайды
|
Постер,түрлі-түсті қағаз, маркер |
5 мин |
Сергіту сәті. "Сурет салу" ойыны
|
Ойынның ережесімен таныстырады. Нұсқау:Мұғалімдер екі-екуден отырып,парақтарды бастарына қойып,бір-бірінің суретін салады. Бұл жаттығу топпен жұмыс жасағанда тиімді. Тапсырманы орындауда не қиын болды? Тапсырманы орындауда қандай тәсілді қолдандыңыз? |
Мұғалімдер нұсқаулық бойынша тапсырманы орындайды |
Парақ,қаламсап |
5 мин |
"Сэндвич" әдісі |
|
Рефлексия жазады |
|
С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пірманова Жазираның орта мерзімді жоспары
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7г
Р/с |
Тақырыбы |
Оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері
|
Оқу нәтижелері |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау |
Барлық оқушылармен жұмыс (тапсырмалар) |
Негізгі дерек көздер, ресурстар |
1 |
Диалог (19.04.14)
|
Диалог туралы түсінік қалыптастыру |
Диалог құруды меңгереді,емлесін біледі |
"Кері жаттығу" ойыны, «Миғашабуыл,"Мозайка,"Кіржайғыш","Шырпы" ойыны |
Бағалау парағы,белгі беру, ,"Инсерт" әдісі , |
Бейнежазба көреді,жаттығулар орындайды |
Бейнежазба,доп,үлестірмелі материалдар,түрлі-түсті қағаздар,жіп,қыстырғыш,түтік шелер, бағалау парағы,белгілер |
2 |
Монолог (21.04.14) |
Монолог туралы түсінік қалыптастыру |
Әдеби тақырыпта өз ойларын еркін айтады |
«Ыстық орындық» ойыны, «Миға шабуыл, «Кафель» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс», |
Бағалау парағы, «Инсерт» әдісі |
Бейнежазба көреді, тапсырмалар орындайды. |
Бейнежазба, үлестірмелі материалдар,түрлі-түсті қағаздар, желім, белгілеу парақшалары, бағалау парағы. |
3 |
Тіл ұстарту (25.04.14) |
Оқушылардың шығармашылық пен жұмыс істеуіне ықпал ету. |
Өз ойларын анық айтумен қатар дұрыс жазады.
|
«Миға шабуыл, «Әріптер», «Галерея» әдісі, «Домино» ойыны, |
Бағалау белгілері, «Инсерт» әдісі |
Бейнежазба көреді, тапсырмалар орындайды. |
Бейнежазба, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті қағаздар, желім, белгілеу парақшалары, журналдар, бағалау парағы. |
4 |
Тіл жұмыстары ның түрлері.Хат (26.04.14) |
Тіл жұмыстарының түрлерімен танысады.
|
Хат жазуды үйренеді |
«Миға шабуыл, «Кемпірқосақ» әдісі, «Өкіл» әдісі, «Кім жылдам?» ойыны |
Бағалау белгілері, «Басбармақ» бағалау техникасы |
Бейнежазба көреді, жаттығулар орындайды |
Бейнежазба, үлестірмелі материалдар,түрлі-түсті қағаздар, белгілеу парақшалары, бағалау парағы. |
5 |
Мақала (28.04.14) |
мақала туралы түсінік қалыптастыру
|
мақала жазуды меңгереді, емлесін біледі.
|
«Кері жаттығу» «Фишбоун», «Айналмалы бекет» әдісі |
Бағалау белгілері, «Инсерт» әдісі |
Топпен жұмыс жасайды. |
Үлестірмелі парақшалар, доп, түрлі-түсті қағаздар, түрлі-түсті қаламдар, желім, қайшы, белгілеу парақшалары. |
С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пірманова Жазираның қысқа мерзімдік жоспары
Сабақтың тақырыбы: Диалог
Сабақтың мақсаты: Диалог туралы түсінік қалыптастыру
Сабақтың нәтижесі: Диалог құруды меңгереді, емлесін біледі.
Сабақтың түйінді идеялары: Ой алғырлығы, тапқырлық, мәдени сөйлеу шеберлігіне бағдар беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», «Мозайка», «Кір жайғыш» әдісі, «.Басбармақ» әдісі
Сыныбы: 7г
Уақыты |
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданылатын ресурстар |
5мин |
Топқа бөлу
Топ ережесін құру |
І.Белгі парақшалары арқылы топқа бөледі.
Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру және сабақтың сәтті шығуы мақсатында сыныпта топтық ереже ұйымдастырады. |
Белгі парақшаларын алып, артындағы 1,2,3, сандар арқылы топқа бөлінеді. Топқа отырып, топ мүшесін анықтайды. Топтар топ басшысын сайлайды.
Сыныптың ережесін сақтау үшін, «алтын ереже» құрады. |
Белгі парақшалары
|
5 мин |
Үй тапсырмасын сұрау |
Отан, бала, табиғат, дастархан, тамақ, тал, сабақ, қол деген сөздерді қатыстырып, мәтін құрап келу. Тіл мәдениеті туралы сұрайды. |
Берілген сөздерді қатыстырып отырып, мәтін құрағандарын оқиды. Сұрақтарға жауап береді. |
|
15мин |
«Миға шабуыл»
«Мозайка» әдісі |
Интербелсенді тақтадан «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді көрсетеді. Сұрақ қояды: Мульфильмнен не көрдіңдер? «Диалог» тақырыбында мәтін береді. |
Мульфильмді көріп, ойланады. Ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.
Топпен мәтінді оқып, тұжырымдама жасап, постерге жапсырып қорғайды. |
Интербелсенді тақта
Үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті, қағаздар, түрлі-түсті қаламдар, қайшы, желім, белгі парақшалары.
|
12мин |
«Кір жайғыш» әдісі |
3 топқа 3түрлі тапсырма береді. Олар: 1. Жиренше шешен туралы 2. Боранды түнде 3. Жиренше шешен Нұсқау: «Кір жайғыш» әдісі бойынша біткен жұмысты әр топ жіпке қыстырғыш арқылы қыстырып, қорғауы керек.
|
Мәтінді оқып, түсінеді. Мәтіннің ішінен диалогты табады. |
Үлестірмелі қағаздар |
3 мин |
Сергіту сәті «түтікше» ойыны |
Екі оқушыны ортаға шақырады.
Нұсқау: екі оқушы шығады. Бір –біріне арқасымен отырып, бірі-екіншісіне түтікшені қалай қойғаны туралы айтады, екіншісі көрмей естігенін жасайды. |
1-оқушы түтікшені алып, оның түсін, түрін, оны қалай қойып жатқанын айтады. Екіншісі естігенін жасайды. Диалог арқылы бір-бірімен сөйлеседі. |
түтікшелер |
5мин |
«Басбармақ» бағалау техникасы |
Басбармақ жоғары қараса- «бәрін түсіндім». Жан-жаққа қараса-«шамалы түсіндім» Төмен қараса «мүлдем түсінбедім» |
Рефлексия жасайды. |
Белгі парақшалары |
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |