Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » О дыбысы мен әрпі


О дыбысы мен әрпі

О дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі

Мақсаты:  1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап   табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

                   2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін,         дүниетанымын   кеңейту, тілін  дамыту.

                   3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.

Сабақ барысы:    І. Ұйымдастыру.

Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.

ІІ. Өткенді қайталау.

1-слайд.

а) Сұрақ-жауап:  - Дыбыс деген не?

                             - Дыбыстар нешеге бөлінеді?

                             - Әріп деп нені айтамыз?

                             - Әріптерді не істейміз?

2-слайд.

ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

  Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке  сызық арқылы қос.

Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ  т.с.с.

ІІІ. Жаңа сабақ.  3-слайд.

 а)  Тақтаға  «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер?  - Жабайы аңдар.

  • Олар қайда өмір сүреді?
  • Орманда.
  • «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
  • О дыбысынан.
  • Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.

  Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.

ә)  - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

4-слайд.

  1. Қоянның тапсырмасы.

« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
  • Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.

5-слайд.

Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?

  • Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.

6-слайд.

  1. Қасқырдың тапсырмасы.

 «Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.

  Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;

  Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;

  Пальто, кресло -  сөз соңында.

Сөздерді буынға бөлу.

7-слайд.

  1. Аюдың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.

а) ауада жазып қол жаттықтыру;

ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

                       Құлпынайы көп екен.

                       Теріп-теріп алайық,

                       Қалтамызға салайық.

8-слайд.

  1. Түлкінің тапсырмасы.

ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

- Отанымыз қалай аталады?

- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

  1. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:

9-слайд.

О-й  ой    ой   т-ой  той   той

О-р   ор   ор   т-ор   тор   тор

О-л   ол   ол   т-ол  тол    тол

Ой-на   ойна  ойна   Ай-на  Ай-на

  Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.    

 

10-слайд

«Кім зерек?» ойыны.

Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

ІV. Қорытынды.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Қ қ дыбысы мен әрпі
«Оо дыбысы мен әрпі»
С с дыбысы және әрпі
Ээ дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
О дыбысы және әрпі
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 7974 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык