Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орманға саяхат


Орманға саяхат

 Орманға саяхат

Коррекционды ойын-жаттығулар

Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту. Ұжымдасу сезімдерін дамыту. Коммуникативті біліктілікті дамыту. Икемділікті, жылдамдық процестерін дамыту. Бірлестік қабілеттерін, топта жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Байланыстық және монолыгтық сөйлеуді дамыту. Зейін, қабылдау, ойлау, естіп –есте сақтау және қиялдарын дамыту.

Қажетті құралдар: Орамал, бұтақтар, жапырақтар, доп, хаттар, суреттер, сандар, телефон.

Балалар қатысымы: 20 бала

Уақыты: 30 минут

Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бугин біз орманға саяхатқа барамыз. Балаларды сиқырлы орамалмен жабамын.10 ға дейін санап , терең демалып, дем шығару(тыныс алу жаттығуы).

(әуен ырғағымен)

Міне, бәріміз ормандамыз.Орман салқын екен.От жағып жылынайық.Ол үшін ағаш бұтақтарын, жапырақтарды жинаңдар. Бұл жинағандарың аздау, себебі, отымыз лаулап жану үшін, бір-бірімізге деген мейірімімізді, жүрек жылуымызды, ыстық күлкімізді беруіміз қажет.Олай болса шеңберге тұрайық.Мен өз жүрегімнің жылуын, күлкімді, көршіме сыйлай отырып, келесі күлкіні жаға отырып, жақсы көңіл-күй беремін. Енді бір-бірімізідің қолымыздан ұстап, жылуымызды беру арқылы отымыз жарқырап және лаулап жанады. Қолдарымызды жоғары көтеріп, бір-бірімізіге жақындап тұрайық. Ыстық жалынды сездіңдер ме? Жылындыңдар ма?

Балалар жауабы:

Ойын –жаттығу: «Біз орманға барамыз»

Мақсаты: Моториканы дамыту.

Әуен ырғағы ойналады.

Психолог: Ой, балалар мен балабақшаға қайта оралу үшін айтатын сиқырлы сөзді ұмытып қалдым. Енді не істейміз?

Балалар жауабы:

Психолог: Балалар мүмкін орманда бізден басқа біреулер бар шығар. Дауыстап көрейік.

Жаттығу: «Жаңғырық»

Мақсаты: Естіп қабылдауды дамыту, жолдастарына деген қызығушылықтарын арттыру.

(Шырша жанында жатқан хатты алу)

Психолог:  Мына  хаттың ішінде орман аңдарының ойын тапсырмалары бар екен.Сол тапсырмаларды орындасақ балабақшаға қайта баратын сиқырлы сөзді табады екенбіз, балалар. Тапсырмаларды орындау үшін әртүрлі сынақтардан өтеміз. Тапсырмаларды орындаймыз ба?

Балалар жауабы:

Қоянның тапсырмасы:

Ойын: «Айта ғой»

Мақсаты: Зейінді дамыту.

Қажетті құрал: Доп

Психолог: Допты лақтырып, қағып алған балаға сұрақ қояды.

Мысалы: Жыл мезгілдерін айта ғой.

                   Қазір жылдың қай мезгілі?

                  Арайдың көйлегінің түсі қандай? т.б.с.

Қасқыр мен түлкінің тапсырмасы.

Ойын: «Суреттерді жина»

Психолог: Орманда қасқыр мен түлкі ренжісіп қалыпты. Себебі, «А» және «Б» әріпінен басталатын суреттерді бөле алмай шатасыпты.Суреттерді бөліп алуға көмектесеміз бе?

Балалар жауабы:

Кірпінің тапсырмасы:

Жаттығу: «Телефон»

Психолог: Балалар сиқырлы телефонның тетіктерінде жазулы тұратын сандары түгел емес екен. Ол сандар шыршаларда ілулі тұр екен. Сандарды алып, дұрыс орналастырайык. (Балалардың тапсырманы орындауы)

Психолог: Балалар, біз бәріміз аңдардың тапсырмаларын орындадық.Орманға саяхат ұнады ма?

Балалар жауабы:

Психолог: Осымен саяхатымыз аяталды.Балабақшамызға қайта ораламыз . Сау болыңыздар!

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
Ертегілер еліндегі шалқан
«Ормандағы саяхат»
Қыс ғажайыптары
Орманда
«Қош келдің көңілді қыс»
Баланың танымдық дамуы.
Қуаныш
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 10614 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык