Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өз ашуыңды қалай тежеуге болады?


Өз ашуыңды қалай тежеуге болады?

Өз ашуыңды қалай тежеуге болады?

Мақсаты: жасөспірімдің өз ашуын басқара және бақылай білу дағдыларын үйрету.

    Іс-әрекетке кіріспес бұрын, өзіңе «Тоқта!» деп айт. Бұны жақсы меңгеру үшін картон қағаздан дөңгелекше жасап алып, оған «Тоқта!» жазып, қалтаға салып алып жүру керек.  Егер де  біреу ді қағып кеткің, ұрғың келсе, немесе біреумен ұрысқың келсе, қолыңды қалтаңа салып, «Тоқта!» деген белгіні ұстауың немесе белгіні көз алдыңа жай елестетуің керек. Дөңгелекшенің жиегін тыныштандыратын түспен (көк, көгілдір, жасыл, сарғыш, сары) бояп, «Тоқта!» деген жазу сәйкес келетін түспен жазылғаны жақсы. Мысалы: көгілдірге -  сары, жасылға – сарғыш. Қалай болғанда да түс баланы тыныштандыратын және оған ұнайтындай болуы керек.

2. Іс-әрекетке кіріспес бұрын, терең демалып, 10-ға дейін сана.

3. Іс-әрекетке кіріспес бұрын,  жұдырығыңды қатты түйіп, жаз. Осыны 10 рет істеу керек. (төбелескіш балаларға)

4. Іс-әрекетке кіріспес бұрын, тоқтап, не істегің келгенін ойлан.

   

    Ашу-ыза мен агрессивтілікті бәсеңдетуде төмендегідей  әдістерді қолдануға болады:

  1. Қағазды жұмарлап-жұмарлап, жыртып тастау.
  2. Үйде болған кезде көшікті  немесе боксер алмасын ұру.
  3. Аяқпен жерді тебу.
  4. Қатты айғайлау. Ол үшін ватманнан «мұржа», «стакан» жасап алу.
  5. Консерві қалбырларын, баклашкаларды тебу.
  6. Қағазға айтқың келген сөздердің бәрін жазып алып, жұмарлау, лақтырып тастау. 

 «Негативті портреттер галереясы» жаттығуы

 

1. Баладан ыңғайлы отырып, көзін жұмып,  денесін босаңсуын, 3-4 рет терең дем алуын сұралады. Содан соң көз алдына кішкентай көрме-галереяны елестетуін өтіне отырып, «Онда сені ренжіткен адамдардың портреттері қойылған» деп айтылады.

  1. Көрменің ішінде әрлі-берлі жүріп,  портреттерді қарап, оған  дұрыстап көңіл аудару керек. Оның түсі, көлемі, қашықтығы, бет-әлпеті қандай екеніне назар аудар.  Кез-келгенін таңдап, соның қасына барып тоқтаңыз.  Осы адамның портреті саған қалай әсер етеді?
  2. Портретке ойша өз сезіміңізді білдіріңіз. Сезіміңізді ұстап қалмай, ойыңызға келгеннің бәрін ұялмай оған  айтыңыз. Енді портретке не істегің келсе, соны істеңіз.

Осыдан соң   жаттығуды  жаттығуды орындар   кездегідей 3-4 рет терең дем алып, көзіңізді ашыңыз.

Талқылау:

  • Бұл жаттығуды орындаған кезде не істеу оңай болды, не қиын болды?
  • Не ұнады? Не ұнамады?
  • Галереядан кімді көрдің? Кімді таңдадың? Кімге тоқтадың?
  • Жағдайың өзгерді ме?

 

  1. ысқылап  жапсыру.
  2. Үрлемелі таяқшаны   қолдану.

 

«Апельсин» жаттығуы.

 Балалар шалқасынан жатады, басын аздап жанына қарай, қолы мен аяғы екі жағына қояды.  Балаларға көз алдына елестету тапсырылады: оң қолына апельсин домалап келді, олар апельсинді қолына алып, қысып, сөлін шығару керек ( қолын жұмып, жұдырығын қатты түйеді 8-10 сек).

 «Жұдырығыңды ашып, апельсинді домалатып жіберз (кейбір балалар, сөлін сыққандай елестетеді), қолы жылы, жұмсақ, демалады».

Содан соң апельсин сол қолға домалап келеді. Сол қолмен де осындай процедура жасалады. Мүмкіндігінше жаттығуды 2 рет орындаған дұрыс.

  

«Сенің маған ұнайтының...»    жаттығуы:

Жаттығуға 5-6 бала  қатысады.

Жаттығуға қажетті: жұмсақ ойыншық пен дөңгелек жіп.

Ойын барысы:

1. Балалар шеңбер болып отырады. Психолог қолына дөңгелек жіпті  алып, сағат тілі бағытымен   сол жағында отырған  балаға  беріп жатып, «Сенің  маған ... ұнайды» деп бастап,  фразаны жақсы сөздермен (комплиментпен) аяқтап, жіптің ұшын өзінде қалдырады.    Мысалы, көзін, шашын,  киімдерін, мінезін,  қандай да бір қылығын, сабақтағы жетістіктерін айтады. Жіп  психологқа қайтып келгенде  тұйық шеңбер жасалады. Психолог   балалардың назарын   оларды жіптің біріктіргеніне аударады.

2. Бірнеше секундтан соң (8-10 сек), психолог  жіпті қайтадан оң жағындағы көршісіне:  «Ал сенің маған... ұнайды» деп, тағы да фразаны жақсы сөзбен аяқтап,  сол мезгілде өзінің қолындағы жібін орап береді.   Комплиемент айтуды жалғастыра отырып, соңында  жіп психологтың қолына қайтып келеді.

3. Оқушылардың не сезінгені талданады:

- Қолыңа дөңгелек жіпті алып,  өз атыңа айтылған  жақсы сөзді естігенде не сезіндіңіздер?

- Өзіңіз жіпті  жақсы сөз айту үшін көршіңізге   берген кезде не сезіндіңіздер?

-  Қайсысы  оңай, қайсысы қиын болды?

- Жіп сендерді біріктірген кезде қандай сезімде болдыңыздар?

Сөйлеген оқушы қолына жіпті алып тұрғаны жақсы.

 

 

Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат».

Бұл медитативтік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған.

       Психолог. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Денеңізді теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.

       Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен  жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің  денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп – жүгіріңіз, секіріңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Тағы жартас үстінде тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған мына ғажайып әлемге алғысыңызды білдіресіз. Тұрған жеріңізбен қоштасыңыз. Жайлап көзіңізді ашыңыз.

Рефлексия:

  • Не сезіндіңіздер?
  • Релаксациялық жаттығу қалай әсер етті?
  • Жалпы тренинг жөнінде не айтасыздар?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Махаббат – өмір өзегі
Эстафеталық ойындар
«Қабілет және дарындылық»
Мазасыздықтан арылайық
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
Геометриялық пішіндер
Суретті жалғастыр және біреуге беру жаттығуы
Ойын «Мұнара»
Су - өмір көзі.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3669 | Қосты: Нургуль Дуйсенова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык