Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: № 202 орта мектеп Күні: 09.04 .2014 ж Сыныбы: 4 «а», «ә» № 30
Тақырыбы: Су – өмір көзі
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: табиғатқа қамқорлық, сүйіспеншілік, ұқыптылық,тазалық, қадірлеу.
Мұғалiм: Азаматова Ботакөз Алтынбекқызы Оқушылар саны: 4 «а»-14, 4 «ә»-18
Ресурстар: оқулық, оқушы дәптері,М.Хакімжанованың суреті,дәйексөз жазылған слайд, бөлме өсімдіктері, ыдысқа құйылған су.
Ескертулер:
Сабақ мақсаты:, Оқушыларға судың табиғатта, адам өмірінде алатын мәнін аша отырып, дұрыс әрекет жасау құндылығын қалыптастыру.
Міндеттері: - Табиғатқа қамқорлық жасауға, суды қадірлеуге, сүйіспеншілікпен қарауға, ұқыпты, үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
- Судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. «Сабақтағы жағымды күйге келу»
«Су асты патшалығына ойша саяхат».
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады).
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.( бірнеше секунд үнсіз қалу).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру 30 сабақ : 139 бет, Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» түсініп оқып келу. 1-2 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау.
Әңгіме желісіне сай сұрақтар:
- Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер?
- Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білдіңдер?
- Адам тіршілігі үшін судың қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?
- Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:
- Адамдар судан тынбай еңбек етуді, еліне қызмет жасауды, мақсатына жетуді, ешкімнен ақы сұрамауды, риясыз жақсылық жасауды, өзін таза ұстауды, ақжарқын көңілді жүруді үйрене аламыз.
3. Жағымды ой пікір : (Дәйексөз)
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
М.Хакімжанова
Дәйексөздерді оқушыларға айтқызу, дәптерлеріне жазғызу.Мағынасын ашып түсіндіру.
Су тіршіліктің көзі.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршіліктегі құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді.Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі айналыста жүреді. Жер бетінде «сусыз» тіршілік болмайды.Сондықтан судың қадірін біліп өсуіміз керек.
4.Әңгiмелеу : «Мұғалім сыйы».
«От пен су» ертегісі
Бір күні от пен су кездесіп қалады.От судан:
- Қайдан келе жатырсың? – деп сұрады.Су оттың сөзіне ашуланып:
- Сенің ағайындарың жеті жұртты құртқан жұт әкелетін жалмауыздар, бір үйді ыстық алауына орап, күл – талқан етті! – деді. От:
- Суеке, оған менің қатысым қанша? – деп еді, су одан бетер айқайлап,
- Бір күшейіп алсаң, айналаңа дес бермей, көзің тоймай бәрін бірақ жалмағың кеп араның ашылады да тұрады!-деді. Сонда от:
- Ай Суеке, талай жерді, талай елді, тіпті Адамзатты төсіңнің астына сап, басып қалғаныңды ұмытасың ау. Көктем болса болды арнаңнан құтырына асып, өткел бермей талай елді қан қақсатқан сен емей мен бе?-деді қалыспай. Әбден ашуға булыққан су:
- Енді сенің үніңді біржолата өшірмесем бе, Су атым құрысын, - деп бар пәрменімен Оттың үстіне шапшыды. «Су бір айла жасар - ау» деп дайын тұрған От сытылып қаша жөнелді. Су өкшелеп қуа берді. Жан екпінмен қашқан От алып Орманға тығылды. Сол сәт Орман ағаштары қызыл алауға оранды. Енді судың жұмысы одан әрі көбейді. Ол орман ағаштарын өшіріп болам дегенше бойынан қауқар кетіп, әбден әлсіреді. Ең соңғы демін салып Отты шала – пұла сөндірді де есінен тана жығылды. От шала бықсып, жатты да бірте – бірте күш ала бастады. Су қатты шошынайын деді. Ол Оттан:
- Отеке, бір ашуыңды маған бер мен әбден таусылып, әлсіреп жатырмын. Орманды өртей көрме, - деп жалынды. Сонда От:
- Жақсылықты жалғыз өзің жасап жүргендей кеп маған кеудеңді көтересің. Бұл дүниеде екеуміздің де өз орнымыздың барын мойындағың келмейді. Орманды алауыма орайым деген ниетім болған жоқ. Сен ашуға алдырған соң өлмеудің амалын жасадым, өмірімді қорғадым. Егер сен килікпегенде бұл орман жайқалып тұрар еді. Одан да сен еңсеңді көтер, орманды суар, күш алсын, - деді.
Дұрыс айтасың, - деген Су Оттың бетіне қарауға шыдай алмай Орманды жағалап ағып бара жатты. Суға қарап тұрған Оттың құлағы Су айтқан мына сөзді естіген еді.
«От досым, мен ағаттық жасадым. Егер сен болмасаң Адамзат қалай жылынар еді. Әрбір үйге нұр шашып, жылу ұялатасың.Мен пақыр күнәмді өтеп, мына жайқалған орманды қайта қалпына келтіремін. Мені кешіріңдер» Су сөзі бара – бара көмескеленіп, мүлдем естілмей кетті.
- Су бар жерде ну бар. Әлі – ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық.Енді қателік жасап алудан сақтанайық. Сен сол арнаңды асырмай, болмаса кемімей тыныш аққан күйіңде қал. Ал, мен дүрілдеп – дүркіремей күшімді шақтап жұмсауға уәде беремін, - деп сыбырлады. От сөзін жел қағып алып Суға жеткізді.
Содан бері Су күш – қуаты бойына сыймаған күні әлемді кеудесіне баспай тарам – тарамдарға бөлініп, кетуге тырысып келеді. Ал От күшін Орман ағаштарының өзі алауына ораған, жас өмірін қиып түскен қиындыларына бөліп берді.
Ертегі желісі бойынша сұрақтар
- От пен Су не себепті бір- бірімен келіспей қалды?
- Ол екеуінің бір шешімге келуіне не әсер етті?
- Ертегіден қандай ой түйдіңдер?
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тапсырмалар ұсынылады.Тапсырмаларды әр топқа бөліп беру.
І топтың тапсырмасы: Суды қорғау жөнінде айтылған мақалдың мағынасын ашу «Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас»
ІІ топтың тапсырмасы: Өзіміз тұрған мекенде қандай су көздері бар? Олардың суын қандай мақсатқа пайдаланады?
ІІІ топтың тапсырмасы: Ластанған су деп қандай суды айтады? Суды қорғауға сендер қандай үлес қоса аласыңдар?
Әр топ тапсырманы орындап болған соң жария етеді.Оқушылардың ойларын қорыту.
6.Топпен ән айту. Жау-жау жаңбыр
Сөзі: Т.Орманов
Әні: Қ.Ахметов
Алатаулар бауырында,
Атам,әжем ауылына,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.
қ/сы: Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Мені әсем қалама.
Бақыт болып жаушы, жаңбыр
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.
7.Үй тапсырмасы: Оқулықтан 143 бет, М.Аяғанованың «Табиғатпен тілдессем» өлеңін түсініп оқып келу. Дәптердегі тапсырманы орындау
8. Соңғы тыныштық сәтi. «Сабақтың қорытынды сәті».
Бүгінгі сабақтан не білдік? Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен қамқорлық пен сүйіспеншілікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік.
Су- адамға ең қажетті тағамның бірі, су- тазалық көзі, су- жан сұлулығының нәрі, су – шынығу көзі. Су болмаса тіршілік те болмайтының білдік.Өйткені адамдар, өсімдіктер, жан- жануарлар, аң, құстар, сусыз өмір сүруі мүмкін емес.Судың адам өміріне аса қажеттілігін ұғындық.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Көрсетілім: 8036 |
|
|
|
Су - өмір көзі.

Автор Азаматова Ботакоз Алтынбеккызы
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті №202 орта мектеп
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |