Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері


37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері

37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: 37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу  тәсілдерімен  таныстыру;  өтілген  есептеу  тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.

2.Дамытушылық:санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын   дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл   байлығын   дамыту;   санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу    дағдыларын дамыту

3.Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау, видео-сұрақ, рефлексия. 

Сабақтың  көрнекілігі: интер.тақта, плакаттар, сайдтар,

 

Сабақтың барысы

І  Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды  сабаққа дайындау,  мақсаты мен міндетін хабарлау.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,  зейіндерін сабаққа аудару.

І Психологиялық дайындық

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір-бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.

Нұрға толы бар аймақ,

Күн шыққанда арайлап.

Ұйқымыздан тұрғанда,

«Қайырлы таң ботам» - деп

Күлімдейді жан анам.

Қайырлы таң ұстазым!

Қайырлы таң достарым!

Қайырлы таң қонақтар!

Сәлеметсіздер ме!  (бастарын иіп әдептілік белгісін көрсетеді) Жаңа сабаққа дайындық.

Сыныпты 4 топқа бөлеміз. І топ-Өрнектер. ІІ топ-Теңдеулер. ІІІ топ-Теңсіздіктер.

ІҮ топ – Есептер.

Сабақта топтардың  ережелерін еске салу.

1-ереже: Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!

2-ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап  береміз!

3-ереже: Сабақта өзіміздің  тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз !

4-ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

-Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы?

Біз білімді баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз.

Біз 18 баламыз.

Бүгін неше аламыз?

Бір керегі жоқ,

Екі керегі жоқ,

Үш керегі жоқ,

Төрт орташа,

Бес тамаша!

І. Психологиялық  дайындық.

І.Қызығушылығын ояту

 «Кім тапқыр?» ойынын ойнату

37+3                     55+5            37-7                    55-5

34+6                   58+2               34-4                  58-8

33+7                   57+3              33-3                    57-7

«Қайталау – білім анасы»

                                                                                                              

                                                                        

               (31+19) + (40-23)=67                                                         (90-10) – (30+12)=38

 

Математикалық   диктант

І топ

 

60

+30

+30

-70

30

-20

 

ІІ топ

 

-30

+40

100

+10

70

-50

 

 

 

 

 

ІІІ топ

 

60

30

+20

-70

+50

-30

 

 

 

 

 

 

70

ІҮ топ

 

 

+50

+20

-60

90

-30

ІІІ.Мағынаны тану

ІІІ Жаңа сабақ

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу мен азайтуды білеміз. Есептеу тәсілдерін әр топқа беріледі. Әр топ өз топтарына түсіндіріп, содан соң тақтада түсіндіреді.

            І топ                                                    ІІ топ

37+7=(37+3)+4=40+4=44                    37+7=30+(7+7)=30+14=44

 

     3    4                                               30   7

 

            ІІІ топ                                         ІҮ топ

     44-7=(44-4)-3=40-3=37                   44-7=30+(14-7) =30+7=37

 

    4     3                                                30  14

 

Сергіту сәті

«Кім жылдам?» ойыны

Әр топқа тапсырма беріледі, топпен шығарып, тақтада орындайды.

Семантикалық карта

 

Мысал

65

43

77

36

85-8

 

 

 

 

56+9

 

 

 

 

34+9

 

 

 

 

28+8

 

 

 

 

 

ІҮ Оқулықпен жұмыс  (Бүгінгі күнді, айды жазу)

   №4  а)  Есепті шығар:

      Екінші және бірінші сынып оқушылары аққала жасады. Екінші сынып оқушылары биіктігі  18 дм,  ал бірінші сынып оқушылары биіктігі   9 дм  аққала  жасады. Екінші сынып оқушыларының аққаласы неше дециметр биік?

 

 

Екінші сынып-18 дм          ? дм биік

Бірінші сынып-9 дм    

Ш: 18-9=9

Ж: 9 дм биік

ә) Кері есеп құрастыр және шығар.

 

№7. Уақытқа есепте:

І топ               ІІ топ           ІІІ топ        ІҮ топ

13-9=              11-3=            11-5=         13-5=

6+8 =              14-7 =           17-8=         7+8=

12-8=              5+9=             5+7=          3+9=

16-7 =             9+8 =            9+4=          6+7=

8+3=              17-9=            16-7=          18-9=         

Ү.Ой толғау  «Кім шапшаң?»  математикалық жұмбақ

І топ

Аулада 5 үйрек,

қорада 3 үйрек,

  1. үйрек жығылды,
  2. 1 үйрек тығылды  (6)

 

ІІ топ

 Табақта бес өрік,

қолымда 4 өрік

Қосқанда барлығын,

болады неше өрік  (9)

ІІІ топ

Көлден ұшты 7 қаз,

қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі,

кане кім шешеді? (5)

ІҮ топ

Алдында үш балапан

Артында үш балапан.

Ақ тауық пен балапан,

Айтшы санын, балақан? (8)

ҮІ Логикалық  бейне - сұрақ

Интерактивті тақтадан логикалық сұрақ бейне – сұрақ болып оқылады.

Сұрақ: Айша, Маржан, Жанар жидек терді. Біреуі – құлпынай, екіншісі – қарақат, үшіншісі – таңқурай терді. Айша құлпынай терген жоқ, ал Маржан қарақат пен құлпынай терген жоқ. Сонда кім не терді?

Жауап:

Айша                                 құлпынай 

Маржан                           қарақат

Жанар                              таңқурай

ҮІ Сабақты қорытындылау.

  • Қазір қай мезгіл?
  • Қыс.
  • Қыстың белгілерін атаңдаршы?
  • Боран соғады, қар жауады, аяз болады.
  • Қыста не жауады?
  • Қар.
  • Онда мына қар қиыршықтарын алайық та, артында жазылған тапсырмаларды оқиық.

І топ: - Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

ІІ топ: -  Қосу мен азайтуды қалай тексереміз?

ІІІ топ – Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

ІҮ топ: -  Үйге тапсырма жазып ал.  №6      145   бет

Күнделікті енді алайық,

Үй тапсырмасын жазайық

Математикадан  алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық.

ҮІІ  Үйге:  №6      145   бет

ҮІІІ  Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

«5»- бәрекелді, «4» шіркін, «3»-әттең деп бағалаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
32+5,47-5
Қызықты математика
Теңдеуді шешу х-30=7
Қашықтықты, жылдамдықты, уақытты табу.
Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері
10 санының құрамы
Мың көлемінде ауызша есептеу тәсілдері. 100 көлеміндегі амалдарға дейін апаратын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
3 санын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2731 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык