|
|
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Оқушыларға өзінің сүйікті ісін табуға септігін тигізетін клубтар жұмыстарын ұйымдастыру және дамытуға бағыт-бағдар беру жолдары.
Шарғабаева Жанаргул Сағынбайқызы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
“Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу,
білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу
орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті.
XXI ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте
болған халық қана тұтастығын сақтап қала алады.”
Н. Ә. Назарбаев
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын.[3] Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы “Ұлы мұраттар ұлы ниеттерден бастау алады немесе дамушы мемлекеттен - дамыған елдерге” атты Қазақстан халқына жолдауындағы “Қазақстан патриотизм мен саяси ерік - жігер - жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары” атты тарауында “ Біз осы таяуда ғана Тәуелсіздігімізді атап өттік. Өткен жолымыз лайықты болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды. Мұның бәрі де, жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің ірге тасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көп конфессиялық қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімділікті туындатады”, деп Қазақстандық патриотизм жаңа Қазақстанды құрудың негізгі тірегі екеніне тоқтала отырып, халық өзінің ерік - жігерін тарихи ауқымдағы жобаларды іске асыру үшін жұмылдырған кезде жаңа даму деңгейіне жалпы қазақстандық патриотизмнің іргесі қаланатынын атап көрсетеді. [2]
Көп ұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату - тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух - қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден - бір күш. Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі “қоғам - мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны” кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта тығыз байланыста жүргізіліп келеді. Жеке тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты сабақта және сабақтан тыс уақытта шараларды жүргізу барысында алдыма төмендегідей мақсат қойдым: пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып, елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін патриот азамат тәрбиелеу.
Осы мақсатты жүзеге асыруда негізгі міндеттер:
- тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;
- ұлттық ерлік дәстүрлерден, әдет - ғұрыптардан нәр ала отырып, туған елге, жерге, ана тілге деген сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін туғызып, құрметтеу қасиеттерін қалыптастыру;
- ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, еліміздің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтыны және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.
Білім берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.[1]
1-4 сыныптарда оқушылармен жұмыс жүргізуде үлкен талпыныс пен қызығушылық пайда болады. Өйткені жас жеткіншектерді «Қалай тәрбиелесең? Неге баулысаң?» соған үйір болып өседі. Ал менің басты мақсатым жеткіншектердің бойындағы қызығушылықты байқап отырып, оларды дұрыс жолда тәрбиелеу болатын. Сыныптағы өтетін кез-келген шара, тәрбие жұмыстары оқушынының өзі әуестенетін әлемін табуға бағытталды. Сыныпта «Мен бақытты баламын, Жұлдыз болып жанамын!», «Менің отбасым», «Өскенде кім боламын?», «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда», «Мен және менің ортам» тақырыбында дөңгелек үстел, «Спортты сүйетін ұл-қызыңбыз, Кішілерге үлгі-өнеге боламыз!» атты сайыс, «Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Кемеңгер Елбасы –Н.Назарбаев», «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Батыр бабалар жолымен», «Аталар аңсаған азаттық», «Махамбет пен Исатай батырлар ерлігі», «Бауыржан атама ұқсағым келеді», «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Ардақта ата-анаңды», «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Құрбан айт туралы не білеміз?», «Мен қайырымды баламын», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Тәуелсіздік елімнің тірегі», «Елбасы бастаған болашақ» тақырыбындағы ашық шаралардың мақсаттары да оқушы бойында патриоттық тәрбие беру.
Әр сынып сағаттарының өтілу механизмін өзгертіп, тақырыптың мағынасына үңілуге, ондағы «Мен не үйрендім? Мен қалай үйренемін? Мен оны қайдан аламын?» сұрақтарына жауапты өз бойынан табуға тарту. тақырыптарында өткен тәрбие сағаттарында балалар бойына отансүйгіш, имандылық, тұлғаның адамгершілік қасиеттері артады, оянады.
Әр дүйсенбі күні алғашқы сабақтан бұрын әнұран орындатудың өзі оқушылардың патриоттық сезімінің қалыптасқаны деп түсінемін. Олар ойынның баласы болса да өздерінің омырауларында тағулы тұрған төсбелгінің маңыздылығын түсіне біледі. Орта білім беру ұйымдарындағы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізгі бағыты осы бастауыштан басталады.
Сыныпта оқушының көңілін аударатын сынып бұрыштары ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арналды. «Біздің сынып», «Жас дарындар», «Менің хоббиім», «Біздің жетістіктеріміз», «Жасыл ел-мәңгілік ел», «Шебер қолдар», «Менің кітапханам» айдарымен ұйымдастырылған бұрыштарды оқушылар өз қолдарымен дамытып, ұқыпты ұстап отырады.
Бұл цикл қазіргі баланың тәрбие алу және тәрбиені қайта беру үдерісінің көрсеткіші.
«Тіл тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты апталықтан көрініс. «Төле бидің шешендігі» көрінісі
Біздің сыныпта өткен шаралардан көрініс
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. Ол еңбектің нәтижесі- Болашақ Қазақстан. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәрбие мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды қадірлеп, қастерлейтін, ата-анаға деген мейірімі мол азаматты көре алатыныма сенімім мол. Сонымен, сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі процесс. Ол мұғалім қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байланысты. Бала тәрбиесіне мектеп пен отбасының ықпалы күшті болса, болашақ жас жеткіншектерге берген тәрбиенің нәтижесі сапалы болмақ. Сол себепті осы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, заман сұранысын қанағаттандыратын жүйелі нәтижеге бағытталған жоспарлы іс-әрекеттер болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014ж. 17 қаңтар.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
- 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014 ж.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |