Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 16714 |
|
|
|
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Сабақтың мақсаты: оқушыларға халқымыздың ізгі-қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру;
1. Білімділік: білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ата мұраны, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, этика-эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Сабақтың түрі: ұжымдық
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, бәсеке
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар,төсбелгілер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) оқушыларды, бөлмені сабаққа дайындау;
2) қонақтарды қарсы алу.
ІІ. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
1) Топқа бөлініп, әркім өзі үшін және топ пен сынып үшін ұпай жинайды.
2) Сынып мониторингі жазылып ең озат оқушы мен ең әлсіз оқушыны
анықтаймыз, сонымен қатар алғыр сыныпты байқаймыз.
3) Тақырыбымызға сай әдептілікті ұстанып, ата-бабамыздың салт-дәстүрін біле отырып, оны келешекте жалғастырушы азамат болу керек.
4) Сабақтың ұстанымы: “Тобымызға үлес қосу үшін белсенділік көрсету”
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру және сұрау.
1) оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексеру;
2) 10 сұрақтан тұратын тест жұмысын алу. (§24, 25) жауабы: (ВАС)
ІV. Жаңа тақырыппен жұмыс.
-Оқулықтарыңды ашып жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарымен таныстыру..
1. Қазақтардың қонақжайлық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптар.
2. Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрып.
3. Жасы үлкендерге құрмет көрсету.
4. Тамырлық әдет-ғұрып.
5. Қоныс таңдау әдет-ғұрпы.
6. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.
7. Бата беру.
8. Бала тәрбиесі.
- Сендер бүгінгі сабаққа қонақтар келеді деп жақсылап дайындалып келдіңдер. Сабақты осы аталған жоспарлар негізінде әр түрлі тапсырмалар орындап, сендердің сабаққа дайындалып келгендеріңді көреміз.
- Салт-дәстүрді дегенді қалай түсінесің? Дәстүр латынша жапсыру, жалғастыру-тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
- Әдет-ғұрып деген не? Әдет-ғұрып дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт-сана.
- Екеуінің айырмашылығы неде?
- Қай уақытта қалыптасқан?
- Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты зерттейтін ғылымды не дейді?
- Ал археология нені зерттейді?
Біздің қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайында көптеген зерттеушілерді қызықтырған. XVІІІ-XX ғасырдың басында орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырған. Сендердің оқулықтарында орыс пен неміс зерттеушілерінің пікірлері берілген. Оқушыларға оқыту 180 бет
-Н.Назарбаев өзінің халыққа ұсынған “Қазақстан -2030” ұзақ мерзімді еңбегінде Қазақстанның 8 артықшылығын көрсеткенде, соның біреуі “қазақстандықтардың байсалдығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілдігі мен ақжарқындығын” атаған. (Қазақстан-2030, 16 бет)
-Енді оқулығымызды жауып, жоспар бойынша тапсырмалар орындаймыз.
№1 тапсырма. Қонақжайлылық пен өзара көмек. Әр топқа ортақ сұрақ таратылып беріледі.
А) Қазақтың қонақжайлығын неден көреміз? (1-топ)
Ә) Қандай жағдайларда қонаққа шақырған? (2-топ)
Б) Қазақтарда қиын-қыстауларда қандай көмек берген? (3-топ)
В) Қазақтарда бір-біріне өзара қандай жәрдем беріп тұрған? (4-топ)
С) Бұларды орындамаған жағдайда қандай жаза берген деп ойлайсыңдар? (5-топ )
- Қонақ келгенде қалай күтеміз? Оқушылардың әдепті болу мен мәдениетті сөйлеуін, сөз тосуын, жауап тыңдай білу керектігін еске салу.
№2 тапсырма. Әдептілік пен сыпайлылық. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Берілген сөздердің мағынасын ашады.
1. Амандасу
2. Ат қою
3. Базарлық
4. Байғазы беру
5. Сарқыт
6. Сәлемдеме
7. Сүйінші
8. Ажырасу аяқ
9. Кіндік шеше
10. Үлкенге құрмет
11. Кім қалай аталады?
12. Соғым
13. Қалау
14. Сыбаға
15. Сый-сияпат
16. Асату
Тақтаға “математикалық ойын” деп аталатын сергіту жаттығуы беріледі, онда әр түрлі амалдарды қойып, ретімен қою керек.
1. 4000*2*178=4000:2-178=1822ж. XІX ғасырдың І ширегі
2. 528*85*3=1528+85•3=1783ж. XVІІІ ғасырдың 80 жылдары
3. 9000*3*1163=9000:3-1163=1837ж. XІX ғасырдың І жартысы
4. 3800*2*64=3800:2-64=1836ж. XІX ғасырдың 30 жылдары
Жауабы: 2143
№3 тапсырма. Тамырлық әдет-ғұрып. Оқулықтан тақырыпшаны оқып, әңгімелеп беру. Ауызша қалау бойынша оқушылардан сұрау.
-Кім бұл тақырыпты “3” –ке жауап беремін дейді?
-Кім бұл тақырыпты “4” –ке жауап беремін дейді?
-Кім бұл тақырыпты “5” –ке жауап беремін дейді? Қалаған оқушы айтады, көп оқушы қол көтерген жағдайда ең ұпайы аз оқушы айтады.( Бұнда оқушының өз - өзін бағалауды көреміз.)
№4 тапсырма. Қоныс таңдау әдет-ғұрпы. Деңгейлік жұмыс.
Қызыл түс-қоныс таңдау деген не?
Жасыл түс-қалай қоныс таңдаған?
Көк түс-жер дауы қалай шешіліп отырған?
№5 тапсырма. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.
Қызыл түс-бала туғаннан бастап ретімен салт-дәстүрлерді атаңдар.
Жасыл түс-отбасы мен некеге байланысты әдет-ғұрыптарды атаңдар.
Көк түс- Қазақстанның “Отбасы мен неке заңы” жайында не білесіңдер?
Үй тапсырмасын беріп қою.
1. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бойынша қазіргі кезбен салыстырып, венн диаграммасын жазып келу;
2. Ұмыт болған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жайында біліп келу.
№6 тапсырма. Бала тәрбиесі. “Сөз сыры” ойыны. Барлық топқа “сөз сырларын” ауызша оқып, оның мағынасын ашып беруді оқушылардан сұрау.
• “Жібі түзу”-дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгершілігі бар адамды айтады.
• “Бала өзі өскендей, келін өзі келгендей”-ата-ананы тыңдамаған, сыйламаған жастар туралы осы мақалды айтады.
• “Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас”- жеке басының қамын ойлайтын, өзімшіл адамды халық қадірлемейді. Бұл нақыл адамдарды бірлікке, бірін- бірі сыйлауға тәрбиелейді.
• “Қызға қырық үйден тыю”- кез келген үйге бара беру, қонып қалу ұят, негізінен ибалы да нәзік ақылды болуға тиіс қазақ қызына аса лайықсыз қылық
• “Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас” –жай күндерде білгішсініп, ал нағыз сөз айтатын кезде міңгірлеп қалатын адамға халық осылай анықтама берген.
№7 тапсырма. Бата беру. Бұрынғы заманда халық ізгі тілек, ақ бата арқылы мақсат-мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық “батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді” деп даналық сөздері арқылы тұжырымдай отырып, үлкендерден бата алуды мұрат санаған.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол.
Атың шығып халыққа,
Затыңменен мәлім бол!
Әділ шешер әр істі,
Ақылың асқан дана бол!
Қорытынды. Сабақты бекітіп, оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша ең алғыр оқушы мен ең әлсіз оқушыны анықтау, қай топ жеңіске жеткенін жинақтап, оқушыларды бағалау.
Қосымша салт-дәстүрлер.
“Қой басты” еретеде киіз басушылар, киіз тебу, пісіру кезінде оны үй арасында домалата жұріп, бір үй тұсына келгенде “қой басты” деп айқай салады, үй иесі киіз басушыларға құрт, май, шай, немесе қой сойып, дастарханға шақырып тамақ берген.
“Шарғы” деген дәстүр өзіне таяу сіңілісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген мағына екен.
“Біз шаншар” салты “жаушы” орнына жүреді екен. Бұрындары ақсақалды кісілер бір топ ер азаматтар бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп, аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы тұрған бізді тауып алады. Бұл “бізде ұл бар, сізде қыз бар, құда болайық” дегенді білдіреді екен.
“Қап қағар” –қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қапта болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр “ ет қайтар” деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөліп жейді.
“Наурыз төлі” төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға бермейді. Мұндай мал тек қызығына, тойына сойып, ырым еткен.
Тест жұмысы.
1. Ең сұрапыл жұт қай жылы болған?
А) 1908 жылы; В) 1880жылы; С) 1878 жылы
2. Табиғи шипалы шөптермен емдейтіндерді кім деп атаған?
А) тәуіптер
В) дәргер
С) оташы
3. Томск губерниясының губернаторы Супрунюк әр жаз сайын немен емделген?
А) тұзды сумен
В) дәрілік шөптермен
С) қымызбен
4. Бұрын ренжісіп қалған адамдар қай кезде татуласқан?
А) құрбан айт мерекесінде
В) наурызда
С) туған күнде
5. Төмендегі кімді Балуан Шолақ деп атаған?
А) Нұрмағанбет Баймырзаұлы
В) Қажымұқан Мұңайтпасұлы
С) Жанжігіт Нұрмағанбетұлы
6. Бір пұт неше килограмға тең?
А) 10кг
В) 12кг
С) 16кг
7. Ауыл кімдерден құралды?
А) әр түрлі рулардан
В) ең жақын туыстардан
С) бірнеше ұлттардан
8. Төмендегі ойындардың ішінде қайсысы балалар ойыны?
А) айгөлек
В) көкпар
С) ақсүйек
9. Қазақ жылқысы қандай болып келеді?
А) аяқтары қысқа, мәстек
В) биік бойлы, сымбатты
С) тұрқы аласа, кеуделі
10. Нешінші ғасырдан бастап қазақтар төбесі екі жақты беткейлі шатырмен жабылатын үй салуды үйренді?
А) XІX ғасырдың басында
В) XІX ғасырдың соңында
С) XVІІІ ғасырдың аяғынд
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |