Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кесірткенің тіршілігі


Кесірткенің тіршілігі

Кесірткенің тіршілігі.


Кесіртке - қабыршақтылардың бір отряд тармағы. Олар жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4000-нан астам түрі бар. Қазақстанда 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке), 13 туысы, 30 түрі кең таралған. Кәдімгі кесіртке тұқымдасының республикамызда 2 туысы бар. Бұлардың Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Мысалы: секіргіш кесіртке (тұрқы 12 см-дей) республиканың солтүстік бөлігінде, Алтай, Сауыр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Күнгей Алатауында; тірі туатын кесіртке (тұрқы 7,5 см-дей) Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, Алтайда; жүгіргіш кесіртке (тұрқы 8,5 см-дей) мен орташа кесіртке (тұрқы 7 см-дей) республиканың оңтүстік аймақтарында; жолақты кесіртке (6 см-дей) Каспий маңындағы құмнан бастап, Алакөлге дейін; торлы кесіртке (тұрқы 10 см-дей) Арал теңізінен Алакөлге дейін таралған. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (бат-бат кесіртке). Галапагос игуанасы мұхит жиегіне жақын жердегі суда кездеседі. Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді. Денесінің тұрқы 3,5 см-ден 4 м-ге дейін жетеді.
Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде, орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек қана тірі туатын кесірткелер көлеңкелі, орманды, дысқыл мүктермен жабынған топырақта тіршілік етеді.
Кеселдер (Varanidae) - ұзындығы 4 м (Қазақстанда кездесетіндері - 1,5 м) болады. Қазақстанда Қызыл құм, Сырдария өзенінің оң жақ жиегінің құмдарында бір түрі тіршілік етеді. Тіршілігі күндіз өтеді. Ол өте сирек кездеседі, сондықтан оны Қазақстанның "Қызыл кітабына" тіркеген. Кездессе тимей, қорғап жүріндер.
Кесірткелердің аяқтары бар, дене пішіні әртүрлі болатын мүйізді қабыршақтарымен қапталған. Кесірткелер отряды (Lacertilia). Олардың денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын белінген.
Нағыз кесірткелер (Lacertidae). Қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кететін осы туыстықта кездеседі.
Табиғатта кесірткелер ауыл шарушылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтіреді. Улы кесірткенің бір ғана түрі белгілі - Солтүстік Американың оңтүстігінде тіршілік ететін улы тістілер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) — Оңтүстік Қазақстан жерінде 6 түрі тіршілік етеді. Шу өзенінің алқабы, Оңтүстік Балқаш маңында онша бекімеген құмдарды мекендейді. Күндіз құмға еніп тығылып жатады да, түнде тіршілік етеді.Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Кесірткелер отрадына геккондар, агамалар, ешкіемерлер (кесел), нағыз кесірткелер туыстыққа жататын кесірткелер. Тіршілік ортасы әралуан: ашық дала, шөлді аймақ, орман іші, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлері насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенеді, ал ірілеуі (қесел т.б.) ірі жануарларға шабуыл жасайды, кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді.
Тері қабыршағының пішіні, құрылысы, үлкендігі әркелкі, оның түрлік жіктелімге бөлгенде үлкен мәні бар. Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген, кейбіреуінде редукцияға ұшыраған (тек калдығы қалған, веретеница). Тісі бірқырлы кейде көпқырлы болады. Тістері жақ сүйектеріне бекіген.
Тілінің құрылысы да әр түрлі. Мысалы, жармасқы мен ешкіемерде — жалпақ, қалың етті; кеселде -ұзын, ұшы екі айырылған; хамелеонда - өте ұзын, түп жағына қарай жуандайды. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешкпей жаңадан құйрық пайда болып бұрыңғы қалпына келеді. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Ұсақ түрлері бір-екі, орташаларысегіз-он, ірілері оннан астам жұмыртқа салады. Кесірткелердің арасында жемін күндіз де, түнде де аулайтын түрлері бар. Түрлі жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, өрмекшілермен, моллюскилермен,  құрттармен,  ұсақ  кемірушілермен,  құстар және олардың жұмыртқасымен, бақа, жыландармен, аздаған түрі өсімдіктің жұмсақ бөліктерімен, жемісімен және тұқымымен қоректенеді. Кесірткелер — ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жеп, негізінен, пайда келтіретін жануарлар, бірак кесірткелердің арасында денелерінде жәндіктердің, кененің қансорғыш түрлері тіршілік етіп, адамға, жануарларға, малға қауіпті ауру қоздырғыштарын тарататын түрлері де бар. Кесірткелердің терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Кейбір түрлері улы келеді. Кесірткелер көп ауланған, олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, 36 түрі мен түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына", ал республикадағы 3 түрі жұмырбас шұбар кесірткелер, Зайсан жұмырбас кесірткесі және кесел  кесірткелер Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Бауырымен жорғалаушылардың ішінде түрлерге мейлінше бай және жер бетінде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесірткелер, жыландар жатады. Олар Қазақстан жерінде де көп кездеседі. Кесірткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән.
Агамалар (Agamidae) — Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде 8 түрі тіршілік етеді. Каспийден Алакелге дейінгі аймақта таралған. Шөл далада және тау етектерінде тіршілік етеді. Осылардың өкілі Улы тістілер адамға қауіпті.Кесірткелердің аяқтары бар, дене пішіні әртүрлі болатын мүйізді қабыршақтарымен қапталған.
Табиғатта кесірткелер ауыл шарушылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтіреді. Улы кесірткенің бір ғана түрі белгілі - Солтүстік Американың оңтүстігінде тіршілік ететін улы тістілер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) — Оңтүстік Қазақстан жерінде 6 түрі тіршілік етеді. Шу өзенінің алқабы, Оңтүстік Балқаш маңында онша бекімеген құмдарды мекендейді. Күндіз құмға еніп тығылып жатады да, түнде тіршілік етеді. Никогда не вызывай шлюх, пока не попробуешь их - проститутки Чувашии, самые умелые и красивые индивидуалки города. Хочешь знать больше - заходи на сайте.
Құрылысы. Бұл класқа жататындардың негізгі бір айырмашылығы барлық өмірін құрлықта өткізеді, демек бірінші құрғақ жерде жүретін жануарлар, сондықтан мекен еткен ортасына байланысты олардың сыртқы түрі және ішкі құрылысы қосмекенділерге қарағанда өзгеше болып келеді. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі қосмекенділер мен балықтарға қарағанда жақсы жетілген. Әсіресе, басын әр бағытқа қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Омыртқа жотасының алдыңғы екі омыртқасы өзгеше құрылған, біріншісі ауыз омыртқа (атлас), екіншісін эпистрофея деп атайды. Мұндай болу себебі мүмкін бұлар өне бойы құрлықта тіршілік ететіндіктен, орталығына икемделудін нәтижесіңде бастарын шапшаң бұрып отыруынан болуы.
Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді қабыршақтардың болуы. Көбеюі сырты тығыз әкпен қапталған, қоректік заттары мол жұмыртқа салып көбейеді (сары уыз бен белогі көп). Бауырымен жорғалаушылар кәдімгі төс сүйегі бар, оның қозғалуы ауаның өкпеге кіріп шығуына себепкер болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты тек өкпемен тыныс алады.
Ертеде тіршілік еткен және топтың өкілі — Гаттерия. Ол қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тіршілік ететін жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Дене түрқы 60 см. Денесі (басы мен кеуде бөлімі) ұсақ дән тәрізді қабыршақпек қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың індерін пайдаланады, бірак гаттегилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь айларында көбейеді.
Жұмыртқаларын жерді қазып, шұңқырға салып, содан кейін топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. Жыныстық жетілуі 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуіне байланысты гаттерияларды өлтіріп, жойып жіберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорғайтын заң шығып құрып кету қаупін жойды.
Ет жүйесі. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы дененің бөліктерге жіктелуі мен осының бәрі ет жүйесінің күрделенуіне себепші болады. Әсіресе, тыныс алуды реттеуге қатысатын аралық еттердің пайда болуы бауырымен жорғалаушылардың тіршілігіндегі ерекшелік.
Қан айналысы. Қосмекеңділердікі сияқты жүрегі үш камералы, бірақ қарыншаның төменгі жағынан қарыншаны бөлетін өскін пайда болады., бауырымен жорғалаушыларда үш қан тамыры кетеді. Сол жақ жүрекшеге артерия қаны келіп құяды - ол өпкеден келеді. Оң жақ жүрекшеге вена келіп құйылады — ол бүкіл денеден жиналып келеді. Өкпе артериясы вена қанымен келіп құяды. Содан кейін екі жүрекшедегі қан қарыншасында араласады. Қан қарыншада пайда болған өскіннің (перде) арқасында  аздап қана араласады. Қан құрамында оттегі көп мөлшерде кездеседі де зат алмасу процесін шапшандатады.  Кесірткелер суыққанды жануарлар қатарына жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның (ауаның) температурасына байланысты болады. Салқын күндері кесірткелер аз қозғалады, ал суықта шалажансар болып қалады. Керісінше, ыстық күндері олардың тіршілік әрекеті артады.

Қолданылатын әдебиеттер
1. Биология Оқулық - Алматы 1966
2. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981
3. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқулық - Алматы, 1975.
4. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.
5. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979
6. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.
 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
: «Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі»
Бауырымен жорғалаушылар.
Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы
Жорғалаушылар класы
Кластың жалпы сипаттамасы
Қанатты дос-табиғаттың тартуы
Жоғары сатыдағы Аңдар инфракласы немесе планцеталылар
Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Қосмекенділер класы
Жорғалаушылар класы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 10194 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык