Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 3218 |
|
|
|
Жоғары сатыдағы Аңдар инфракласы немесе планцеталылар
Жоғары сатыдағы Аңдар инфракласы немесе планцеталылар
Жоғары сатыдағы Аңдар инфракласы немесе планцеталылар-EUTHERA, SEU PLACENTALIA
Планцеталылар-қазіргі сүтқоректілердің негізгі көп санды тобы. Жоғары ұйымдасуына қарай Жер шарының барлық құрлықтарына, барлық Әлемдік мұхитта тараған және ауа орталығына енген Инфракласс жақсы ерекшелінген 18 отрядқа бөлінген. Олардың миында екінші ми күнбезі –неопаллиум жақсы дамыған, екі жартысы сүйелді денемен байланысқан. Ұрығы жатырда дамиды,ол ана организмімен нағыз плацента көмегімен байланысады, төлдері азды-көпті жетілген, олар өз бетінше емшек сора алады.Қалта сүйектері және қалтасы жоқ. Қынабы әр уақытта тақ.. Көпшілік жағдайда тістерінің сүттік және тұрақты генерациясы болады (дифиодонттылық). Ересектілерінің дене қызуы жоғары және тұрақты.
Насекомқоректілер отряды-Insectivora
Aвстралия, Греландия мен Антрактикададан басқа жерлерге кең тараған 7 тұқымдастың 370-ге жуық түрі бар. Бұлардың плаценталы сүтқоректілердің ішіндегі ең ежелгі және қарапайым тобы. Насекомқоректілердің Pantotheria-дан бөлінуі бордың басында болуы мүмкін. Қазба қалдықтары Солтүстік Американың бор қабатынан белгілі. Қазіргі насекомқоректілердің тегі басқа барлық плаценталы сүтқоректілердің бастамасы болып табылады.
Дене тұрқы 3,5см-ден (ергежейлі ақтісті жертесер)44см-ге(гимнура)жетеді. Денесін қалың масатыдай жұмсақ жүн басқан, кейбіреулерінде қатты қылтықтәрізді түктері немесе қысқа инелері болады. Теріде май, қарапайым тер және иіс бездері бар. Тұмсығы әдетте кішірек етті мұрынмен аяқталады. Құлақ қалқандары кішірек, немесе мүлдем болмайды. Көздері кішкентай, кейде әртүрлі дәрежеде редукцияға ұшыраған. Аяқтары 4 немесе 5 саусақты, барлығы тырнақпен қаруланған. Табан басып жүретіндер. Шықшыт доғалары нашар жетілген немесе болмайды. Дабыл сүйектері есту дабылын түзбейді. Тістерінің саны туберкулярлы: төменгі азу тістері 5 қырлы, үстінгілері-3 немесе 4 қырлы. Миында иіс сезу бөлігі өте күшті дамыған (МАКРОСМАТИКТЕР). Алдыңғы мидың жарты шарлары сайшасыз әрі қыртыссыз. Қарны қарапайым. Жатыры қосмүйізді, плацентасы дискоидальды. Емшегінің саны 2-12. Тұқым бездері құрсақ қуысында, тері астында немесе ұмада орналасады. Құрлықта, топырақ арасында, жартылай суда немесе ағашта тіршілік етеді. Көпшілігі түнде белсенді, кейбіреулері-тәулік бойы. Қорегі-насекомдар. Поллигамдар.6-дан 14-кедейін ұрпақ береді, олар жалаңаш әрі соқыр болып туады.
Кірпілер тұқымдасы (Erinaceidae)
Африка мен Евразияда мекендейтін 15 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 10см-ден (жертесертәрізді кірпі-Neotetracus sinensis) 44см-ге (гимнура-Echinosorex gumnurus) жетеді.Тұлғасы жіңішке және сирек түктермен жабылған, көптеген түрлерінде денесінің үстін және бүйірін бұларға қосымша қатты инелер жапқан. Тері астында ұзынша және сақиналы бұлшық еттер болады, олар жиырылғанда кірпілер домаланып қалады. Құлақ қалқандары мен көздері біршама жақсы дамыған. Шықшыт доғасы жақсы жетілген. Асық жілік пен оның садақша сүйегі бірігіп кеткен. Насекомқоректілер және қорек талғамайтындар, 36-ға дейін тіс дамиды. Орманда, далада және шөлде мекендеушілер. Белсенділігі түнде басым, күндізгі формалары да бар. Жылдың суық кезеңдерінде кейбіреулері ұйқыға кетеді. Тұқым бездері құрсақ қуысында орналасады. 1-ден 7-ге дейін ұрпақ әкеледі.Қазақстанда 3 түрі-кәдімгі кірпі (Erinacus europaeus), қара, не ұзынинелі, не қасқа кірпі (Hemichinus hypomelas) және құлақты кірпі (H.auritus) мекендейді.
Көртышқандар тұқымдасы(Talpidae)
Европа,Азия және Солтүстік Америкада мекендейтін 30-ға жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 5 см-ден 21см-ге жететін сүтқоректілер. Құрлықта және топырақ арасында тіршілік етеді. Денесін қалың түк басқан. Тұмсығы қозғалмалы етті мұрынмен аяқталады. Көздері кішкентай, көпшілігінде тері астында орналасқан. Құлақ қалқаны әдетте болмайды. Артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда әлсіз. Саусақтары ұзын жалпақ тырнақтармен қаруланған. Бассүйегі ұзын, шықшыт доғасы өте жұқа. Бұғанасы иық сүйегімен (тоқпан жілік) байланысқан - бұл сүтқоректілер үшін ерекше құбылыс. Әртүрлі ландшафттарда мекендеушілер. Тәулік бойы немесе ымырт-түнде белсенді. Әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді.
Алтай көртышқаны (Talpt altaica)
Қазақстанда және Сібірде тіршілік етеді. Көзі рудиментті, тері астында, қозғалмалы қабақтар мен кірпік жоқ. Алдыңғы аяқтарының алақаны күректәрізді жалпақ, сыртқа қараған Саусақтары тері жамылғымен тұтастай жабылған. Аяқтары топырақ қазуға бейімделген. Тіршілігінің барлық кезеңін топырақ арасындағы тунельдерде өткізеді. Қорек іздейтін жолдары топырақ бетіне жақын, ұя жолдары терең орналасқан. Ұясын аналығы құрғақ шөптен төсейді. Әдетте 5 ұрпақ туады. Жұлдызтұмсық (Condylura cristata) Солтүстік Америкада мекендейді. Оның тұмсығы қысқа, ұшы жалаңаш дискімен аяқталады. Дискінің шеттері 22 жіңішке, жақсы жүйкеленген өсінділермен жиектелген. Ұзындау құйрығы қабыршақтармен және сирек түктермен жабылған. Могера (T.micrura) Қиыр Шығыстың жалпақ жапырақты ормандарында мекендейді.
Жұпарлар тұқымдасы (Desmanidae) Европадан тараған 2 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 15см-ден 22см-ге жетеді.Құйрығы, дене ұзындығымен бірдей, бүйірінен қысыңқы және мүйізді қабыршақтармен жабылған. Мұрын қозғалмалы етті тұмсықта орналасқан. Өте кішкентай көзінде қозғалмалы қабақтары болады. Құлақ қалқаны жоқ. Артқы табаны алдынғысына қарағанда біршама үлкен әрі жалпақ. Саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Шықшыт доғасы өте жұқа. Ағысы шамалы, жағалақ және су өсімдіктері қалың суқоймаларының жағалауларында мекендейді. Ымыртта және түнде белсенді. Жерасты ін салады:інге кірер тесік су астында, ал ұясы бар камера су деңгейінен жоғары орналасады. Қорек талғамайтындар: омыртқасыздармен, майда балықтармен, итшабақтармен, су өсімдіктерімен қоректенеді .Әдетте 3-4 ұрпақ туады. Өкілдері:пиреней жұпары (Calemus pyrenaica) Пиреней жотасының тау өзектерінде мекендесе, жұпар (Desmana moschata) Дон, Еділ өзендерінде, ал Қазақстанда Жайық, Еділ, Тобыл, Обаған, Айет, Үй және т.б. өзендерде тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Тенректер тұқымдасы (Tenrecidae) Мадагаскар мен Комор аралдарында бор кезеңінен бері мекендейтін 30-ға жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4 см-ден 39см-ге, ал құйрығыныңұзындығы 1см-ден 22см-ге жетеді. Пішіні алуан түрлі. Мысалы, кәдімгі тенрек (Tenrec eucandatus) опоссумдардарды еске түсіреді. Кіші тенрек (Echinops telfairi) кесірткілерге, ұзынқұйрықты тенректер (Microgala) жертесерлерге, күріш тенректері (Orizorictes) көртышқандарға, батпақ тенрегі (Limnogale) ондатрға ұқсас және т.т. Тері жамылғысы жұмсақ немесеірі қылтықты, немесе денесі инемен жабылған. Шықшыт сүйегі жоқ, доғасы қосылмаған. Клоакасы бар. Әртүрлі ландшафттарда мекендейді. Құрлықта және суда тіршілік етеді. Ымыртта және түнде белсенді. Негізінен насекомқоректілер, бірақ шөптектес қоректермен де қоректенеді. Кейбір түрлері құрғақшылық кезеңде ұйқыға кетеді. 16-ға дейін ұрпақ береді.
Алтынтүсті көртышқандар тұқымдасы (Chrysochloridae) Африканың ормандары мен жазықтарында мекендейтін 20 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 7см-ден 23см-ге жетеді. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ.. Көздері тері астында орналасқан. Құлақ қалқаны кішілеу. Танаулары терілі қабаттармен жабылған. Тұмсығы мүйізді телпек танаумен аяқталады. Аяқтары қысқа, алдыңғы аяқтары ұзын әрі жалпақ қазғыш тырнақты. Топырақ арасында тіршілік етеді, құмдауыт жерлерді ұнатады. Алдыңғы аяқтарымен қазады, десе де бұл кезде тұмсығының алдыңғы бөлімін көп қолданады. Тәулік бойы белсенді. Топырақ омыртқасыздарымен, жаңбырлы маусымда жер бетіне шығып құрлық омыртқасыздары және аяқсыз кесірткелермен қоректенеді. Суық және қуаңшылық кездерде ұйқыға кетеді.2 ұрпақ береді. Өкілдері:кіші алтынтүсті көртышқан (Criptochloris wintoni), кәдімгі алтынтүсті көртышқан (C.asiatica ) және басқалары.
Ойықтістер тұқымдасы (Solenodontidae) Гаити мен Кубаның орманды және бұталы шіліктерінде мекендейтін 2 түр бірігеді. Дене тұрқы 30-35 см, салмағы 1кг-дай. Гаити ойықтісінің (Solenodon paradoxus)тері жамылғысы қатты, ал Куба ойықтісінікі (S.cubanus)-майда және ұзын. Құйрығы мен алақан –табаны түксіз. Көздері кішкентай, құлағы үлкен емес. Жіңішке ұзын бассүйегінде шықшыт доғасы дамымаған. Алдыңғы аяқтары табанмен жүретіндер, саусақтары ұзын тырнақты, артқылары-саусақпен жүруге бейімделген. Иіс бездері бар. Әр түрлі омыртқасыздармен, бақалармен, кесірткелермен қоректенеді. Өлексені де жейді.1 ұрпақ туады.
Жертесерлер тұқымдасы (Soricidae) Австралия, Оңтүстік Американың көп бөлігінде және Антрктидадан басқа материктерде мекендейтін 270-ке жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 3,5см-ден 18см-ге, салмағы 2г-ға жетеді. Ергежейлі ақтісті жертесердің (Suncus etruscus) дене тұрқы 3,5см, массасы 2г.Жер бетіндегі сүтқоректілердің ең кішкентайы.Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ.. Аздаған тері бездерінің формасы-қапшықтәрізді. Май және иіс бездері жақсы дамыған. Басы үлкен, етті тұмсығы ұзарып мұрынмен аяқталады. Көздері кішкентай. Құлағы түрліше жетілген. Аяқтары бессаусақты. Саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар немесе алақан-табандары қылтықты желбіршектермен жиектелген. Құйрығы түкпен немесе мүйізді қабыршақтармен жабылған. Шықшыт доғасы жоқ. Ішкі күрек тістері күшті үлкейген. Азу тістері брахиодонтты типті, сектореальды Жертесерлер
дің барлық тістерінің ұшы қоңыр түске, ал ақтісті жертесерлердікі атына сай ақ түске боялған. Әртүрлі ландшафттарда-тундрадан бастап шөлді аймақтарға дейін және тропикалық орманды мекендеушілер. Кейбір түрлері жартылай суда тіршілік етеді.Тәулік бойы белсенді.Ұйқыға жатпайды. Әртүрлі омыртқасыздармен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Тәулігіне өз салмағынан 1,5-2 есе артық азық жейді. Тұқым безі дене қуысында орналасады. 6-10 емшегі болады. Жыл бойы 1-2 мәрте көбейеді, әрқайсысында 4-14 ұрпақ әкеледі. Олар жалаңаш әрі соқыр. Күзде жас жертесерлердің дене мөлшерінің кішірейетіні және ми сауытының жалпақтанатыны байқалады. (Денель құбылысы). Сәуірден бастап ми сауыты ұлғаяды, мидың салмағы мен көлемі өседі. Қазақстанда 13 түрі мекендейді. Су жертесері (Neomys fodiens) әдетте суқоймаларының жағалауларында мекендейді, жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Кіші жертесер (Sorex minutus) қоректенбесе, бар-жоғы 9 сағатқа ғана шыдайды. Жылына 1-2 мәрте көбейіп, әрқайсысында 6-8 ұрпақ әкеледі. Мысалы,салмағы 4г болатын жертесер 8-ге дейін өсім береді, яғни әрбір1г салмаққа 2 ұрпақтан келеді. Кәдімгі жертесер (S.araneus) орманды шалғынды аймақтар мен өзен жайылмаларында кең тараған түр. Ала жертесер (Diplomesodon pulchellum) жақсы қазады және құмға тез көміледі. Көптісті жертесер (Suncus etruscus) Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Секіргіштер тұқымдасы(Macroscelididae) Африканың тау және шөлді ландшафттарында тіршілік ететін 14 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 10см-ден 32см-ге жетеді. Пішіні қосаяқтарға ұқсас. Тері жамылғысы қалың Әрі жұмсақ.Ұзын құйрығы қысқа түктермен жабылған. Мұрны қозғалмалы етті тұмсық, онда вибристер орналасқан. Көздері үлкен. Құлақ қалқандары да үлкен. Артқы аяқтары алдыңғыларынан біршама ұзын. Табанын басып жүретіндер немесе жартылай саусақпен жүретіндер. Күндіз белсенді.Әртүрлі омыртқасыздармен, жидектермен, жемістермен және т.б. қоректенеді. Секіргіштер құрылысы және тіршілігінің көптеген ерекшеліктерімен насеком қоректілерден ажыратылады. Көптеген белгілері бойынша секіргіштер тупайялар және лемурлармен туысады. Мысалы, бассүйегінде жақсы жетілген шықшыт доғасы болады және ми сауыты үлкен .Денесін түк басқан және көзі ашық 1-2 ірі ұрпақ туады. Туыла салысымен олар белсенді жүгіруге қабілетті, бірақ қауып төнгенде анасының емшегіне жабысады. Кейбір түрлердің қанында безгек плазмодиясы – приматтардың адамды қоса, аурулары - табылған. Өкілдері: қысқақұлақ секіргіш (Macroscelides proboscideus), жартас секіргіші (Elephantulus rupestris), жирен секіргіш (E.rufescens) және басқалары.
Жүнқанаттылар отряды-Dermoptera
Отряд Оңтүстік-шығыс Азияның тропикалық ормандарында мекендейтін 1 тұқымдастың 2түрін біріктіреді. Жүнқанаттылар насекомқоректілерден бөлінген. Ең ежелгі қалдығы Солтүстік Американың палеоцен қабатынан белгілі. Дене тұрқы 36-43 см, салмағы 1-1,7кг. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ.. Кішкентай құлағы түксіз.Көздері үлкен, қарашығы дөңгелек. Ұзын саусақты аяғы үшкір тырнақтармен жабдықталған. Алақан-табандары жалпақ және жалаңаш, сорғыш диск түзейді. Түкпен жабылған жарғағы мойын, алдыңғы және артқы аяқтары мен құйрығын байланыстырады. Тілі өте үлкен.
Азу тістері брахиодонтты типті.
Астыңғы күрек тістері бұдырлы: әр тісте 12 тісшелерге дейін болады. Бұғанасы бірінші қабырғамен байланысқан. Төс сүйегінде кішкентай қыры болады. Миы макросматикалық типті. Әрбір жарты шарда екі- екіден ұзынша сайша болады. Ағашта тіршілік етеді. 60 см-ге дейін қалықтап ұшуға қабілетті. Түнде белсенді. Ағаштың жапырақтары, жемістері және тұқымдарымен қоректенеді. Тұқым безі ұмада орналасады. Бір жұп емшегі бар. Жатыры қосмүйізді. Бір, сирек екі жалаңаш және соқыр ұрпақ туады.
Өкілдері: Филиппин жүнқанаты (Cynocephalus volans), Малай жүнқанаты (C. Lemminckii).
Қолқанаттылар отряды-Chiroptera
Отряд екі жарты шардың қоңыржай, субтропикалық және тропикалық облыстарында кең тараған 2 отрядтармағы, 17 тұқымдасқа жататын 1000-ға
жуық түрді біріктіреді. Қолқанаттылардың арғы-тегі насекомқоректілер болуы мүмкін. Ең ежелгі қалдығы Европа мен Солтүстік Американың орта миоцен қабатынан белгілі. Дене тұрқы 3см-ден 40см-ге жетеді. Тері жамылғысы қалың, бірқабатты. Басы ұзын тұмсықты, ауыз тесігі үлкен, көздері кішкентай. Күрделі құрылысты құлақ қалқанында терілі өсінді-түймесі болады. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Кәрі жілік, алақан (мета
карпальды) сүйектері және екінші-бесінші саусақтардың буындары ұзарған . Тоқпан жілік, кәрі жілік саусақтары, дене бүйірлері, артқы аяқтары мен құйрығының (егер ол болса) арасында жұқа ұшу жарғағы тартылған. Бірінші саусағы қанатты түзуге қатыспайды, ол тырнақпен жабдықталған. Санаралық жарғақтың бос шеті өкшеден шығатын шеміршекті немесе сүйекті батқымен ұсталып тұрады. Артқы аяқтары тізесі бойынша бүйіріне қарай бұрылған, саусақтары қысқарған және барлығы тырнақпен жабдықталған. Бассүйегінің
ми сауыты жақсы жетілген. Жақаралық сүйектер әдетте дамымайды, немесе болмайды. Астыңғы күрек тістері майда, үстіңгісінде екі артық емес. Шыбық және садақ сүйектері рудиментті. Төс сүйегінде қыры болады. Миы үлкендеу, үлкен жарты шарларында сайшалар болады. Әсіресе мидың есту және сезіну мүшелері жақсы жетілген. Көруі нашар. Эхолокацияға жақсы қабілетті, олар ультра дыбыстар, жиілігі 30 мыңнан 70 мың Гц, шығарады, бұл ультрадыбыстардың жаңғырған толқынын есту аппаратымен қабылдай алады, яғни өте сезгіш ультрадыбысты локаторға ие. Қорегі- насекомдар, оларды ұшып жүріп аулайды. Қорек объектілері жемістер, нектар, сүтқоректілердің қаны бола алады. Әртүрлі ландшафттарда- орманда, далада, шөлде мекендеушілер. Ұшуы мәнерлі. Тропикада өте көп. Ымыртта және түнде белсенді. Артқы аяқтарымен ілініп, басын салбыратып және қанатын жинап, салбырап демалады. Таралу аймағының солтүстік бөлігінде кейбір түрлері ұйқыға кетеді. Көптеген түрлері күндіз демалғанда және ұйқыға кеткен кезде үлкен шоғыр құрайды. Тұқым бездері құрсақ қуысында орналасады, бірақ көбею кезінде уақытша ұмаға түседі. Аналықтарында бір жұп емшегі болады. Жатыры қарапайым, қос мүйізді. Плацента дискоидальды, гемохориальды. Бір, сирек 2 ұрпақ туады.
Крыландар отрядтармағы(Megachiroptera) Африка,Австралия және Мұхит аралдарында мекендейтін бір Крыландар тұқымдасына (Pteropidae) жататыын 146 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 6см-ден (ергежейлі крылан-Aethalops alecto) 40см-ге (Калонг-Pteropus vampyrus), қанат құлашы 24см-ден 170см-ге жетеді.Көздері үлкендеу. Құлақ қалқакны ішкі шетімен түйіседі, түймесі жоқ. Кейбір түрлерінде еріндері жақсы жетілген. Көптеген
Түрлерінде алдыңғы аяқтың екінші саусағында тырнағы болады. Құйрығы қысқа немесе мүлдем жоқ, тек ұзынқұйрық крыланда ғана (Notopteris macdonaidi) 6см-ге тең. Бассүйегі ұзарған. Жақалды сүйектері дамыған. Күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері жақсы жетілген. Қорегі- тропикалық өсімдіктердің жемістері, майда түрлері нектар және гүлдің тозаңымен қоректенеді.
Дене температурасы 33-38 градус аралығында ауытқып тұрады. Тек үңгір крыландарында (Eonycteris туысы ) эхолокацияның қарапайым формасы байқалған. Басқа крыллантектестер көзі арқылы, иіс сезу және мүмкін сезіну
арқылы бағдарлайды. Өкілдері: ұшар ит (Ronsettus arabicus), ұшар түлкі (R.giganteus), балғабас (Hypsignathus monstrosus) және басқалары.
Жарқанаттар отрядтармағы (Microchiroptera) екі жарты шардың қоңыржай, субтропикалық және тропикалық облыстарында тараған 70-ке жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4-16см. Құлақ қалқаны түйіспеген, көптеген түрлерінде түйме болады. Көздері өте кішкентай, күндізде, түнде де нашар көреді. Екінші саусағы тырнақсыз. Азу тістері көп бұдырлы, кескіш қырлы.
Тағаттұмсықтар тұқымдасы(Rhirolophidae) Шығыс жарты шарьдың тропикалық және қоңыржай аймақтарында тараған 70-ке жуық түрді біріктіреді. Тұмсығының алдыңғы бөлімінде түк баспаған жапырақ пішінді ерекше тері өсінділері болады. Құлақ қалқаны үлкен, жапырақтәрізді, түймесі жоқ. Қанаттары өте жалпақ . Жіңішке құйрығы санаралық жарғаққа қосылып кеткен. Үстіңгі күрек тісі бір жұп. Жамбас белдеуінің шат және шонданай сүйектері редукцияға ұшыраған. Жетінші мойын және бірінші кеуде омыыртқалары, бірінші қабырға, төстің сүріншегі мен шеміршегі бір-бірімен бірігіп тұтас сүйекті сақина құрайды. Ымыртта және түнде беллсенді. Қорегі- насекомдар. Танауы арқылы ультрадыбыстар шығарады,бұл кезде мұрын жарпырақшалары дыбысты бір бағытқа бағдарлайды және жемтігін табады. Қорегі-көбелектер мен қосқанатты насекомдар. Жылына бір, сиректе болса 2 ұрпақ береді. Қазақстанда 3 түрі-
бағдарлайды және жемтігін табады. Қорегі-көбелектер мен қосқанатты насекомдар . Жылына бір, сиректе болса 2 ұрпақ береді. Қазақстанда 3 түрі кіші тағаттұмсықты (Rhinolophus hipposideros), үлкен тағаттұмсықты (Rh.ferrumequinum), бұқар тағаттұмсықты (Rh.bocharicus) жарқанаттары кездеседі.
Вампирлер тұқымдасы (Desmodontidae) Американың тропикалық және субтропикалық облыстарында тараған 3 түрді біріктіреді. Тұмсығы қысқа, танаулары тері өсінділерімен қоршалған. Құлақтары кішкентай, түймесі бар. Құйрығы жоқ. Шошақтістәрізді үстіңгі күректістерінің кескіш шеті жнмтігінің терісін жырту үшін пайдаланылады.
Шошақ тістері үлкен, жалған азу тістерінің шеті өткір кескіш, нағыз азу тістері болмайды. Ымыртта және түнде белсенді. Локациялық дыбыстар әлсіз. Жылықанды жануарларға шабуыл жасайды. Таза қанмен қоректенеді. Қанды жараланған жерден тілінің көмегімен сорады, бұл кезде ол түтіктәрізді оралады. Вампирлердің сілекейлерінде антикоагулянтты ферменттер болады, олар қанның ұюына жол бермейді. Бір ұрпақ
туады.Өкілдері:десмод (Desmodus roundus),аққанатты вампир (Diaemuuus Youngi),жүнбалық вампир (Diphylla ecandata).
Кәдімгі жарқанаттар немесе жылтыртұмсықты жарқанаттар тұқымддасы (Vesperilionidae) Антарктидадан басқа барлық матириктерде тараған 298 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 3-10см, құйрығының ұзындығы 2-7см. Құлағының үлкендігі орташа, түймесі жақсы жетілген және пішіні алуантүрлі. Мұрын жапырақшалары әддетте жоқ. Түтікмұрындылардың (Murina туысы) танаулары түтіктәрізді. Күрек тістері үлкен емес. Азу тістерінде қырлар жақсы жетілген. Шыбық және садақша сүйектер редукцияға ұшыраған. Жіңішке құйрығы тікелей санаралық жарғақпен тұтасып кеткен. Түрлердің басым көпшілігі насекомқоректілер, кейбіреулері балыққоректілер (балықшы түн жарқанаты-
Myotis vivesi). Қоңыржай аймақтың көптеген түрлері күзде шағылысады, бірақ жұмыртқа клеткасының овуляциясы көктемде жүреді. Сонымен, сперматозоидтар аналықтың жыныс жолдарында өміршеңдігін 6-7 ай бойы сақтай алады, бұл кезде жарқанаттар ұйқыға кетеді. Бір, сиректе болса 2ұрпақ
туады.Жеке не жұп құрып, кейде үлкен шоғыр құрып тіршілік етеді. Қазақстанда 23 түрі кездеседі. Олар: қоңырқұлақ жарқанат (Plecotus auritus), Азия жалпаққұлақ жарқанаты (Barbastella leucomelas),қызғылт ымырт жарқанаты (Nyctalus noctula), тоған жарқанаты (Myotis dasycneme), мұртты түн жарқанаты (M. mystacinus), қостүсті жарқанат (Vesperitilip murinus) ,кәдімгі жарқанат(V.serotinus), ергежейлі жарқанат (Pipistrellus pipistrellus) және басқалары. Иконников (Myotis ikonnikovi), Бобринский (Eptesicus bobrinskoi), Азия жалпаққұлақ жарқанаттары, ақбауыр жарқанат (Otonycteris hemprichi) Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Иттұмсықты жарқанаттар тұқымдасы (Molossidae) улі жарты шардың тропикалық және субтропикалық аймақтарында тараған 119 түрді біріктіреді.Дене тұрқы 4-13 см. Тұмсығы жалпақ, ерекше ұшы шашақталған түктермен жабылған. Еріндері үлкен, үстіңгі ерні тік қатпарға жиырылған. Құлақтары жалпақ әрі қалың. Түймесі бар, ұшу жарғағы қалың. Ұшуы жеңіл әрі тез, сағактына 60, кейде 95 шақырым жылдамдықпен ұша алады.Жылына бір ұрпақ әкеледі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |