Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2759 |
|
|
|
Сан есім
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
1) Оқушыларға сан есімді өз бетінше жұмыс істеу арқылы меңгерту, білімін толықтыру;
2) Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып,білім сапасын арттыру.
3) Бірін-бірі тыңдай білуге , өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс, сұрақ-жауап;
Сабақтың түрі:Аралас сабақ;
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,оқулық;
Пәнаралық байланыс:математика, ана тілі;
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердің сіздерге,
Құрметпенен біз.
2. Сыныпты 3 ауылға бөліп отырғызу:
1ауыл-Төле би ауылы(Бек,Ақерке,Нұрберген,Ұлданай,Назира)
2ауыл-Қазыбек би ауылы(Әділ,Әнел,Әнел,Зарема,Әлішер,Айгүл)
3 ауыл-Әйтеке би ауылы(Гүлбану,Анар,Қуаныш,Ерқанат,Әділет,Әсемай)
II. Үй тапсырмасын сұрау
29- жаттығуды нұсқауы бойынша бос торкөздерге оңға қарай да солға қарай да оқысаң сын есім болатын сөздерді тауып жазу.
1 ауыл-ала, мысалы,ала жіп,ала шапан,т.б.
2 ауыл-көк, мысалы,көк шөп,көк доп,т.б.
3 ауыл-қызық,мысалы, қызық кітап,т.б.
III. Жаңа сабақ.(Сабақтың мақсатын хабарлау:Сан есім туралы алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы жұжырымдау )
1) Тақтамен жұмыс.
4-жаттығу.
Стансы ауылдан жиырма шақырым жерде .Пойыз сағат бесте жүреді.Әділ стансыға екінші автобуспен келді.
2) Өзбетімен жұмыс.
Ол-үшінші курс студенті
IV. Ауыл аттарын қорғау.Әр ауыл өздері аталып отырған билер туралы мәлімет беру.
1-ауыл-Төле би туралы:
-Біз Төле би ауылымызОл Жамбыл обылысының Шу ауданында өмірге келген.Қазақтың би-шешені.Жасынан зерек,он бес жасынан ел билігіне араласады.Біз Төле бидің мынадай өсиет сөздерінжаттап алдық:
Шешендіктен не пайда?
Артыңа сөзің қалмаса?
Батырлықтан не пайда?
Халқыңа қайран кылмаса.
2-ауыл-Қазыбек би туралы:
-Қазыбек би-қазақтың белгілі би шешені .Жастайынан ел басқарған,адалдықты жақтады,әділдікті,бейбіт жолды қалады.
Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт берекең-атаң қымбат.
Аймалайтын-анаң қымбат,
Мейірімді-апаң қымбат.
Асқар тауың-әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,-деген өсиет сөздерін жаттап алдық.
3-ауыл-Әйтеке би ауылы:
-Әйтеке би қазақтың атақты би шешендерінің біріӘйтеке бидің бітім-шешімдерінде адам әлемі ,қоғамның көрініс -құбылыстары кең орын алған.Әйтеке бидің мынадай өсиетті сөздерін үлгі етіп өсеміз:
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Дәптермен жұмыс (көркем жазу)
1-ауыл.1-жаттығу.(Жұмбақты шешу:домбыра)
a) Сан есімдерді теріп жазу, қандай сан есім екенін айту.
b) Домбыра туралы не білеміз?
Домбыра –ұлттық аспап.Домбыраны ата-бабамыз ежелден пайдаланып келеді.Күйші күйін домбырамен жеткізсе,әнші әнін, жыршылар жырын осы аспаппен жырлайды.
2-ауыл.2-жаттығу.Мақалды жатқа жазу.
Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету қажет.
3-ауыл.5-жаттығу.Өзгертпе сөзді(анаграмманы)шешу.Сан есімдерді сөз құрамына талдау.
V. Ребустар шешу
100 ім,1 лік, 7ата, 6н, 7су, к2лік , 100гіш, 1қазан, 3 бұрыш, 5тік (Бағалау)
VI. Шығармашылық тапсырма: Мақалдарды толықтыру.
1-ауыл.
...теңгең болғанша,
... досың болсын.
2-ауыл.
Ер... рет өледі,
Қорқақ ... рет өледі.
3-ауыл.
Білекті... жығар,
Білімді... жығар.
VII. Сабақты қорыту үшін «Бәйге» ойынын ойнату. Сұрақтарға жауап беру:
1.Сол жақтағы 10-Сан есім дегеніміз не?
2.Ортадағы 30-сан есімге мысал келтір.
3.Ортадағы 50-сан есім кездесетін мақал айт.
4.Оң жақтағы 20-сыныпта неше оқушы бар?
5.сол жақтағы 40-сан есімнің сұрақтарын айт.
6.Ортадағы 10-есептік сан есім дегеніміз не?
7.Ортадағы 20-реттік сан есім дегеніміз не?
8.Оң жақтағы 30-Есептік,реттік сан есімдерге мысал келтір.
VIII. Үйге 3-жаттығу.
IX. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |