Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жай бөлшектер


Жай бөлшектер

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер

Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушылардың сандар туралы ұғымын кеңейту, өмірмен байланыстыра отырып бөлшек сандарды ұғындыру.   
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық қабілетін дамыту
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке    тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: Электронды оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:   
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабақ бастауға бейімдеп, сабаққа дайындаймын. Онан соң жаңа тарауды бастағалы отырғанымызды және оның бірінші тақырыбы «Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу» екенін айтып, бүгін осы тақырыпты өтетінімізді айтамын. 
 
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіремін.
а) Жай бөлшек ұғымын енгізу.
Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлейік. Тең бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір үлес – дөңгелекті өзара тең 4 бөлікке бөлгендегі 1 бөлігі. Жазылуы дөңгелектің  -і;    -дің  оқылуы: «төрттен бір». Демек, 1:4 дегеніміз  ;  , мұндағы – сызықша – бөлшек сызығы. 1-бөлшектің алымы, 4- бөлшектің бөлімі.
 
1-сурет
Бөлшек сызығының астындағы сан неше  тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді, сондықтан оны бөлшектің бөлімі деп атайды, бөлшек сызығының үстіндегі сан  ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді сондықтан оны бөлшектің алымы деп атайды. 
Бұдан соң интерактивті тақтадан электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындатамын. 
 
ІІІ.  Жаңа сабақты бекіту
а) Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар орындату
1-тапсырма бөліндіні бөлшек түрінде жазу.
m : n =   ;       
 Жай бөлшек: m- алымы
                        n- бөлімі
 
 
 Бөлінгіш бөлшектің алымына жазылады да, бөлгіш бөлшектің бөліміне жазылады.  Электронды оқулықтағы 3 тапсырманы орындатамын.
 - жетіден бір;               - он бірден сегіз;         -он алтыдан бес;
 
 - жеті жүз жетпіс бірден жүз тоғыз
 
2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс
№ 393
Боялған бөліктерді  бөлшек түрінде жаз.     
№ 402
Боялған бөліктерді  бөлшек түрінде жаз.     
№ 397 
1) Бөлшек түрінде жазыңдар:
 
1)  ;                2)  ;                        3)  .
 
2) Бөлшектердің әрқайсысын бөлінді түрінде жазыңдар:
 
1)  ;             2)  ;                        3)  .
№ 399. 
1) Бақтағы 120 ағаштың   -і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағаштары бар.
 
 
Қосымша тапсырма: 
Өлшем бірліктері арасындағы байланысты пайдаланып, х-тің орнын үлестермен мәндерін қойыңдар:
1 м=10 дм;                                1 дм=x м;                       м.
 
1 м=100 см;                              1 см=x м;                        м.
1 кг=1000 г;                              1 г=x кг;                         кг.
1 доллар=100 цент;                 1 цент=x доллар;           доллар.
б)  Математикалық лото
Әр партадағы 2 оқушы ретімен барып жауапты тауып фигураны құрастырады. Дұрыс жауапты тапса фигура дұрыс құрастырылады.
1-қатарға. Бөліндіні жай бөлшек түрінде жазу:
1)  ;                 2)  ;                3)  ;
4)  ;               5)  ;           6)  .
Дұрыс құрылса, «Білім - теңіз» деген жазуы бар теңіздің суреті шығады.
2-қатарға.  Бөлшекті бөлінді түрінде жазу
1)  ;               2)  ;                  3)  ;
 
4)  ;             5)  ;                  6)  .
 
2-қатар дұрыс құрса, «Мектеп-кеме» деген жазуы бар мектеп үйінің суреті шығады. 
 
3-қатарға. 
1) Бөлінгіші 9-ға, бөлгіші 25-ке тең,  
 
2) Бөлінгіші  42-ге, бөлгіші  41-ге тең,  
 
3) Бөлгіші 89-ға, бөлінгіші 59-ға тең,  
 
4) Бөлінгіші 200-ге, бөлгіші 27-ге тең,  
 
5) Бөлгіші  92-ге, бөлінгіші  65-ке  тең,  
 
6) Бөлінгіші  15-ке, бөлгіші   73-ке тең,  
3-қатар дұрыс құрса, гүл шоғы бар сурет шығады
ІҮ. Қорытындылау:
Білім теңіз тәрізді тұңғиық, жұмбағы көп түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Неғұрлым тереңдеп сүңгіген сайын ғылым қызығына бойлай бересің. Әр оқушыны осындай ғылым теңізінде жүзгізіп, білімнің асыл тастарын тергізетін кеме «Мектеп» болып табылады дей келіп 3-қатардың құрастырған гүл шоғын бүгінгі сабаққа жақсы қатысқанымыз үшін алған сыйлығымыз дей отырып, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, сабағымды аяқтаймын. 
Ү. Үйге тапсырма:   № 400, 407

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Үлестер. Жай бөлшектер.
Үлестер. Жай бөлшек
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру
Бөлшек сандардың ондық жазылуы тақырыбына есептер шығару
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығулары
Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыру
5-11 сыныптарға арналған тест
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3431 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык